Байланысты: «мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д
Ақпаратпен жұмыс Ақпарат алу үшін басқалардан сұрауға үйрету (Мынау не? Ай неге дөңгелек?).
Бала құштарлығын дамытатын «Сұрақтар мен жауаптар», «Неге? Қалай?» ойындарын ойнау.
Баланы жаңа оқиғаларды тақылауға қатыстыру (Неге бұлай болды?).
Баланы сұрақ қоюға үйрету, яғни идеяларды (ойларды) оқып-үйренуге мүмкіндік жасау.
Баланың жеке қызығушылықтарын ескеру.
Ортадағы және табиғаттағы өзгерістер жайлы сұрақтар қоюға үйрету.
Жобаны аяқтау және жаңа ақпарат алу үшін түрлі ақпарат көздерін ұсыну.
Түсінуді ары қарай жалғастыруға қажетті ақпаратты іздеуге жағдай тудыру.
Жобаны аяқтауға қажетті ақпарат көздерін қолдануға және іздестіруге көмектесу.
Жаңа ақпаратқа негізделген әрекеттерді өзгертуге балаларды тарту.