Ұйымдастыру-іздестіру
|
Топтың бөлмесін, жататын бөлмені, әжетхананы, киім ілетін бөлмені қарап шығуды ұсынады.
Сұрақтар қояды Бұл бөлме не үшін? Бұл бөлмеде қандай заттар бар? Олар қандай? Олар не үшін керек? (заттар әлемін меңгерудің негізі, заттардың маңызды және маңызды емес белгілерінің ерекшеліктерін біліп дамиды).
Балаларға бөлме заттарының атын атауды ұсынады, егер қиналса өзі топ бөлмесінің, жататын бөлменің, әжетхананың, киім ілетін бөлменің заттарын атайды.
Егер балалар өз беттерінше белгілерін атап көрсете алмаса, заттардың белгілерімен таныстыру.
«Бұл не?», «Нені қайда қоямыз?» ойындарын өткізу.
Бөлмелерді атау кезінде жалпылауыш сөздерді пайдалануға итермелейді.
Қарапайым ережені тудырып сақтауға ұсынады.
Балаларды қолдайды және мадақтайды.
«Қайда жүр десем, сонда барамыз» топтық жиын ойынында үй- жайды бағдарлауға үйретеді.
|
Топ кешеніне экскурсия: бөлмеден бөлмеге жүреді,
әр бөлме заттарын зерттейді және қарайды, сұрақтарға жауап береді, заттардың атын атайды, олардың ортақ белгілерін белгілеу, заттарды белгілері бойынша және бөлмелерді қалай қолдану керегін айтады және көрсетеді, ойыншықтар және сырт киімдер, аяқ-киімдер қайда туратыны туралы талқылауға қатысады. Заттардың атауы бойынша қысқаша дәлелдемелерді тізбектейді, (мысалы, мынау сабын, онымен біз қол жуамыз) түсінік беру кезінде байқап отырады.
Ойынға қатысу: үй-жайды атайды, ондағы заттарды, олардың белгілерін, белгіленген бөлме туралы айтады, заттарды, тәртіпті жақтау және сақтау, жалпылауыш сөздермен айтады: бөлме, біз қайда ұйықтаймыз — жататын бөлме, қайда шешінеміз — киім шешетін бөлме және т.с.с.
Заттарды жинайды (мысалы, сырт киім және аяқ-киім заттарын киім ілетін шкафтарға).
Ойыншықтарды, киімдерді, әжетхана заттарын сақтау туралы ережесін талқылау.
Топ жиыны үй-жайды бағыттай білу жаттығуларына икемденуі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |