«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



бет3/7
Дата27.12.2016
өлшемі1,27 Mb.
#5846
1   2   3   4   5   6   7

Бағдарламаның негізгі материалын балалар ұйымдастырылған оқу әрекетінің барысында меңгеруі қажет.

Оқу барысында әр түрлі әдістемелік тәсілдерді қолдану қажет: ойын жаттығулар тыңдату, педагогтың дұрыс айту үлгісіне еліктеп қайталау, балаларға дұрыс мұқамды қалыптастыру, елестету, есте сақтау, ойлауды дамыту. Тақырыптық суреттер (қолтаңбасымен), әндер, тақпақтар, орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мультипликациялық филімдерді көрсетуді өте жиі қолдану қажет. Белсенді лексиканы және сөйлеу стереотипін жинақтауда, моториканы дамытуға, сөйлеу-ой қабілетін жетілдіруге мүмкіндік беретін арнайы түрлі түспен бояу жаттығуларды, өңделген тақырыптық суреттерді нүкте арқылы орындалған белдеу міне осы тәсілдер негізгі тірек болып табылады. Осының бәрі сабақтың қызықты, жарқын, естен кетпес болатындай болуына мүмкіндік береді. Баламен даралап тіл табысу - тілдердің үштұғырлығының дамуының негізі болады.

Барлық грамматикалық материалдар белсенді түрде меңгеріледі. Балалар әр түрлі мазмұннан тұратын: жалпы, арнаулы, өздігінен сұрақ қою, өз ризашылығын білдіру, мақұлдау, жақтырмау, естігенін жоққа шығару сияқты сұрақтарға жауап берулері қажет. Сөз қарқыны дара сөйлеушінің қарқынына үйлеседі, диалогтағы автор сөзінің саны – әр әңгімелеушіде екеуден кем емес.


Грамматикалық дағдыны қалыптастыру

Балалардың грамматикалық сөйлеу жағын меңгеру сөйлеу үлгілері, функционалды түрде пайдаланудағы сөйлеушінің коммуникативтік ойын білдіру негізінде жасалады. Балалар зат есімінің жекеше түрін және көпше түрін, Present Indefinite Tense, Future Indefinite Tense етістік түрлері, етістіктің жіктеулерінің 3-ші жақты жекеше түрінде меңгере алады. Сөйлеу үлгісін дұрыс пайдалану негізінде, сөйлем құрылымын дұрыс меңгеруге болады, ол балаларға ағылшынша белгеленген сөз реттілігін ұғындырады. Белгілі және белгісіз артикльдерді одан әрі, жіктеу есімдігі және сұрау есімдігі, тәуелдеу есімдігі, есептік сан есімінің 10-ға дейін, and жалғаулығын пайдалануды игереді.


Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



Сабақ тақырыбы

Ай

1

Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер. Амандасу.

қырқүйек

2

Хайуанаттар бағында кім тұрады?

3

Жыртқыштар өздері туралы не баяндайды?

4

Доптарды санап шығындар.

5

Сіздерге қандай түстер ұнайды?

қазан

6

Жануарлар не жасай алады?

7

Біздің достарымыз не жасай алмайды?

8

Алисаның туылған күні.

9

Сау болыңыз, профессор Бук!

қараша

10

Санамақты үйренеміз.

11

Біз нені көріп тұрмыз және ол қандай түстен?

12

Қоржындағы заттар.

13

Қоржыныңда не бар екенін айтып берші.

желтоқсан

14

Сыныпта не бар.

15

Сыныптағы заттардың түстері қандай?

16

Ертегі кейіпкерлері не істей алады?

17

Қандай ертегі кейіпкерлерін ұнатасың?

қаңтар

18

Меруерт қаласы сыйқыршысына өзің туралы айтып берші.

19

Рождество және Жаңа жылға арналған құттықтау әні.

20

Меруерт қаласында. Заттарды санаймыз.

ақпан

21

Ғажайып дүкендегі азық-түліктер. Саған не жеген ұнайды.

22

Біздің үй жануарлары немен қоректенеді. Сен нені таңдайсың.

23

Иттің қайда жасырынғанын айтып берші.

24

Бір заттан қалай көп азық-түлік жасауға болады.

наурыз

25

Қанеки, достарымызды мақтайықшы!

26

Кім үлкен, ал кім кішкентай.

27

Винни-Пухтан тосын сый тақпағы

28

Сурет салып үйренейік.

сәуір

29

Жазда не істейтіндерің жайлы айтып беріңдерші.

30

Алисаға өзіңнің отбасың жайлы айтып берші.

31

Піл баласы Дамбоның ойыншықтары.

32

Ергежейлер үйіндегі ойыншықтарды санап шық.

мамыр

33

Диснейлендте қандай хайуанаттар тұрады.

34

Ағылшын тілінде айтып бер (қорытынды сабақ)



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалармен жұмыста келесі жұмыс түрлері қолданылады:

1. Айтылу жұмыстары

а) «Жанды тіл» ертегісі

б) жаңылтпаштар

в) ұйқастар
2. Ойыншықпен жұмыс.

а) ойыншықпен диалог

б) ойыншықтарды сипаттау
3. Суретпен жұмыс.

а) суреттерді суреттеу

б) «Не жоғалды?» ойыны

в) «Суретті тап»


4. Өлеңдерді жаттау және мәнерлеп оқу.

а) өлеңдер байқауы;

б) дауыс ырғағын өзгерте сөйлеу, көңіл-күйдің өзгерісіне қарай мәнерлеп сөйлеу (жағымды, мұңлы, ашулы және т.б.)
5. Әндерді жаттау.

Әнді «Көрсет»


6. Қысқа әңгімлерді және көріністерді сахналау.
7. Қимыл-қозғалыс ойындары.
8. Қимыл-қозғалыссыз ойындары.
9. Шығармашылық ойындар.
10. Жағдаяттық диалогтарды айту.
11. Сурет бойынша әңгіме.
12. Әріптерді үйрену.
Топтағы жұмыстарды ұйымдастыру

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалар жарты шеңберде немесе шеңбер бойында тұрады, балалар педагогқа барынша жақын тұрған сайын педагогты жақсы көреді, жақсы естиді және жылы психологиялық климатты тудырады, сондай-ақ, әрекет түрлерін тез өзгертуге мүмкіндік береді. Сабақ тізбелік жүйеде құрылып, уақыт өте келе оқудың кезеңдерін мүмкіндігінше түрлендіреді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізудің үлгілі жоспары

1. Сәлемдесу.

2. Фонетикалық жаттығу

3. Өтілген лексикалық материалды қайталау.

4. Қимыл ойындарын қолдана отырып жаттығу.

5. Өткенді белсендіру және жаңа лексикалық материалды кіргізу.

6. Өлеңдерді және ұйқастарды жаттау.

7. Ағылшын тіліндегі мультфильмдерді қарау.




«Үй хайуанаттары» тақырыбы бойынша лексикалық материал


Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Мысық

Кошка

Cat

Ит

Собака

Dog

Сиыр

Корова

Cow

Шошка

Свинья

Pig

Ат, жылқы, бие

Лошадь

Horse

Саулық, қой

Овца

Sheep

Қой, қошқар

Баран

Ram

Ешқі

Коза

Goat

Өгіз

Бык

Bull

Үй қояны

Кролик

Rabbit

Тұйе

Верблюд

Camel

Есеқ, қодық

Осел

Donkey


«Жануарлар және олардың балалары» тақырыбы бойынша лексикалық материал


Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Мынау - eшқі

Это- коза

This is goat

Мынау -лақ

Это –козленок

This is a kid

Ешқі -лақтың анасы

Коза – мама козленка

The goat is the kid’s mother

Мынау –мысық

Это- кошка

This is cat

Мынау –бала мысық

Это –котенок

This is a kitten

Мысық бала мысықтың анасы

Кошка – мама котенка

The cat is the kitten’s mother

Мынау –шошқа

Это – свинья

This is a pig

Мынау – торай

Это –поросенок

This is a piglet

Шошқа торайдың анасы

Свинья – мама поросенка

The pig is the piglet’s mother

Мынау –ит

Это собака

This is dog

Мынау –құшіқ

Это щенок

This is a puppy

Ит күшіктің анасы

Собака – мама щенка

The dog is the puppy’s mother

Мынау –қой

Это - овца

This is a sheep

Мынау –қозы

Это- ягненок

This is a lamb

Қой - қозы анасы

Овца – мама ягненка

The sheep is the lamb’s mother

Мынау –тұйе

Это – верблюдица

This is a camel

Мынау –бота

Это- верблюжонок

This is a young of camel

Тұйе - ботаның

Верблюдица – мама верблюжонка

The camel is the young of camel’s mother

Мынау- сиыр

Это- корова

This is a cow

Мынау - бұзау

Это – теленок

This is a calf

Сиыр- бұзаудың анасы

Корова – мама теленка

The cow is the calf’s mother

Мынау- бие

Это - лошадь

This is a horse

Мынау - құлынның анасы

Это- жеребенок

This is a foal (colt)

Бие - құлынның анасы

Лошадь – мама жеребенка

This horse is the foal’s mother



«Жабайы жануарлар» тақырыбы бойынша лексикалық материал


Қазақша

Орысша

Ағылшынша

касқыр

Волк

wolf

түлкі

Лиса

fox

аю

Медведь

bear

тышқан

Мышь

mouse

егеу құйрық

Крыса

rat

коян

Заяц

hare

кірпі

Еж

hedgehog

тасбақа

Черепаха

a turtle

тиін

Балка

squirrel

саршұнақ

Суслик

gopher

жолбарыс

Тигр

tiger

көртышқан

Крот

mole

бұғы

Олень

deer

сусиыр

Бегемот

hippopotamus

керік

Жираф

giraffe

піл

Слон

elephant

маймыл

Обезьяна

monkey

бизон

Бизон

bison

ала құлан

Зебра

zebra

киік

Антилопа

antelope

кенгуру

Кенгуру

kangaroo

сілеусін

Рысь

lynx

суыр

Сурок

marmot

арыстан

Лев

lion

мүйіз тұмсық

Носорог

rhino



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет