Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы



бет47/98
Дата15.09.2017
өлшемі24,06 Mb.
#33278
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98

15.

Муляждар:









Саңырауқұлақтар

Жиынтықта саңырауқұлақтардың жемісті денесінің муляждары берілген. Муляждар пенополистиролдан жасалған, лайықты түстерге боялған. Жиынтық қалпақшалы саңырауқұлақтар түрлерінің жемісті денелерін демонстрациялауға мүмкіндік береді.

ж-тама

1



Көкөністер

Жиынтықта табиғи көлемдегі көкөністердің муляждары берілген. Муляждар пенополистиролдан жасалған, лайықты түстерге боялған. Жиынтық келесідей көкөністердің құрылысын демонстрациялауға мүмкіндік береді: баклажан, бұрыш, жүгері, сәбіз, қияр, болгар бұрышы, қызанақ, дөңгелек асқабақ, сарымсақ, картоп.

ж-тама

1



Жемістер

Жиынтықта табиғи көлемдегі жемістердің муляждары берілген. Муляждар пенополистиролдан жасалған, лайықты түстерге боялған. Жиынтық келесідей жемістердің құрылысын демонстрациялауға мүмкіндік береді: жасыл алма, қызыл алма, киви, анар, шабдалы, лимон, алмұрт, апельсин, манго, құрма, банан, құлпынай.

ж-тама

1

16.

Модельдер- аппликациялар:









Нәруыз биосинтезі

Жиынтықтың құрамына ДНҚ, т-РНҚ, а-РНҚ молекулаларын, аминқышқылдарын, рибосоманы, ядро мембранасы аймағын схемалы түрде бейнелейтін модельдер кіреді.

ж-тама

1



Қан топтарының генетикасы

Модель биология сабақтарында («Жалпы биология» тарауы, «Генетика негіздері» тақырыбы) қан топтарының тұқым қуалау схемасын құрастыру үшін оқытудың динамикалық құралы ретінде пайдалануға арналған.

ж-тама

1



Дигибридті шағылыстыру

Модель биология сабақтарында («Жалпы биология» тарауы, «Генетика негіздері» тақырыбы) тұқымы сары тегіс және жасыл қыртысты асбұршақтың дигибридті шағылысуының схемасын құрастыру үшін оқытудың динамикалық құралы ретінде пайдалануға арналған.

ж-тама

1



Моногибридті шағылыстыру

Модель биология сабақтарында («Жалпы биология» тарауы, «Генетика негіздері» тақырыбы) тұқымы сары тегіс және жасыл қыртысты асбұршақтың моногибридті шағылысуының схемасын құрастыру үшін оқытудың динамикалық құралы ретінде пайдалануға арналған.

ж-тама

1



Резус-фактордың тұқым қуалауы

Модель биология сабақтарында («Жалпы биология» тарауы, «Генетика негіздері» тақырыбы) резус-фактордың тұқым қуалауы схемасын құрастыру үшін оқытудың динамикалық құралы ретінде пайдалануға арналған. Карточкаларда мыналар бейнеленген: ата-ана, олардың резус факторлары, гаметалар, балаларының резус-факторлары, ұрық.

ж-тама

1



Хромосомалардың айқасуы

Құрал келесідей бейнелерден тұрады: сұр дене мен ашық қызыл көздері бар дрозофил шыбыны; сұр дене мен күңгірт қызыл көздері бар дрозофил шыбыны; қара дене мен күңгірт қызыл көздері бар дрозофил шыбыны; қара дене мен ашық қызыл көздері бар дрозофил шыбыны. Жиынтықта гендердің шартты кескіндерімен бірге хромосоманың екі түрі берілген.
Сұр және қара түсті тікбұрыштар дене түсінің аллель генін білдіреді. Күңгірт қызыл және ашық қызыл түсті шеңберлер көз түсінің гендерін білдіреді. Түрлі хромосомалар сары түсті негізге ие, ашық қызыл түсті шеңберлер және қара түсті тікбұрыштар. Комплектке хромосомалар айқасуын ұқсататын шағын фигура және әртүрлі хромосомалардың жартысын ұқсататын шағын фигуралар (екі бөліктен тұрады) кіреді.

ж-тама

1



Дамуды реттеудегі ядроның рөлі

Модель «Ядро» тақырыбын өтуге арналған. Ядроның жасуша ішілік процестердегі рөлімен танысқанда оқытудың динамикалық құралы ретінде пайдаланылады.

ж-тама

1



Вирустың тіршілік тізбегі

Модель «Тіршіліктің жасушаға дейінгі тіршілік формалары» тақырыбын өткенде оқытудың динамикалық құралы ретінде пайдалануға арналған. Вирустың капсуладағы және жасушадағы белсенді күйі көрсетілген.

ж-тама

1



Өсімдіктер мен жануарлардың жіктелуі

Құрал биология курсында пайдалануға арналған. Модель-аппликация келесідей жазулары бар жеке планшеттерден тұрады: тип, бөлім, класс, отряд, рет, тұқымдас, туыс, түр. Планшеттер магниттермен «магнитті тақтаға» бекітіледі.

ж-тама

1



Жануарлардағы гаметогенез

Модель ағзалардың көбеюі мен жеке-дара дамуын өткенде пайдаланылады. Компоненттер еркек және әйел жыныс жасушаларының дамуын бейнелейді.

ж-тама

1



Цепеньнің дамуы

Құрал «Жалпақ құрттар» тақырыбын өткенде пайдалануға арналған.Сиыр цепенінің даму кезеңдерін зерттегенде оқытудың динамикалық құралы ретінде пайдаланылады.

ж-тама

1



Желілілердің көбеюі мен дамуы

Құрал «Желілілер типі» тақырыбын өтуге арналған. Омыртқалы жануарлардың дамуы мен көбеюін зерттеуге арналған оқытудың динамикалық құралы ретінде пайдаланылады.

ж-тама

1



Ішексорғының даму тізбегі

Құрал «Жұмыр құрттар» тақырыбын өтуге арналған. Ішексорғының даму кезеңдерін зерттеуге арналған оқытудың динамикалық құралы ретінде пайдаланылады.

ж-тама

1



Жануарлар эволюциясы

Құрал «Өсімдік және жануарлар әлемінің эволюциясы» тақырыбын өтуге арналған. Біржасушалылардан жоғары көпжасушалыларға дейінгі эволюция көрсетілген.

ж-тама

1



Өсімдіктер эволюциясы

Құрал «Өсімдік және жануарлар әлемінің эволюциясы» тақырыбын өтуге арналған. Біржасушалылардан жоғары көпжасушалы өсімдіктерге дейінгі эволюция көрсетілген.

ж-тама

1



Агроценоз

Құрал экология бойынша тақырыптарды өтуге арналған. Жасанды экожүйе көрсетілген.

ж-тама

1



Өсімдік ұлпалары

Құрал «Өсімдік ұлпалары» тақырыбын өтуге арналған. Өсімдік ұлпаларының негізгі түрлерін зерттегенде оқытудың динамикалық құралы ретінде пайдаланылады.

ж-тама

1



Типті биоценоздар

Құрал экология бойынша тақырыптарды талқылауға арналған. Шабындық, су айдыны және орман биоценозы көрсетілген.

ж-тама

1

17.

Остеологиялық модельдер:









Үй қояны қаңқасының моделі

Модель жануартану тарауын өткенде пайдалануға арналған. Сүтқоректілер қаңқасының жалпы құрылысы мен оның негізгі бөлімдерін демонстрациялайды: бас сүйегі, омыртқа жотасы, аяқ белдеулері мен аяқтары. Қоянның бас сүйегі арқылы оқушыларға қоянтәрізділерге тән ерекшеліктерді, яғни бас сүйегінің бет және ми бөлімдері сүйектерінің байланысын, тістерінің құрылысын көрсетуге болады. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып, табиғи көлемде пластиктен жасалған.

дана

1



Қылтанақты балық қаңқасының моделі

Модель жануартану тарауын өткенде пайдалануға арналған. Балық қаңқасы тұғырыққа орнатылған. Желбезек аппараты мен құрсақ жүзбеқанаттары құрастырылған. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып, табиғи көлемде пластиктен жасалған.

дана

1



Кептер қаңқасының моделі

Модель жануартану тарауын зерттегенде пайдалануға арналған. Тұғырыққа құрастырылған. Модель табиғи көлемде берілген. Уытсыз бояулар пайдаланылып, пластиктен жасалған.

дана

1



Бақа қаңқасының моделі

Модель жануартану тарауын өткенде пайдалануға арналған. Тұғырыққа құрастырылған. Модель табиғи көлемде берілген. Уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған.

дана

1



Адам қаңқасының моделі

Құрастырмалы модель адам анатомиясы мен физиологиясы тарауын өткенде пайдалануға арналған. Буындары қозғалмалы, омыртқа аралық шеміршектер омыртқа денелерімен бірге қалыпқа салынған. Төменгі жақ серіппеге бекітілген. Алмалы модельдің жеке бөліктері тиектер мен топсалар арқылы біріктіріледі. Адам қаңқасының моделі құрастырылған түрде шығыршықты тұғырыққа орнатылады. Модель уытсыз бояулар пайдаланылып пластиктен жасалған. Модельдің биіктігі 170 cm артық емес.

дана

1

18.

Тұлыптар:

Комплектке кәсіптік және адам өсіретін зиянкес жануарлардың тұлыптары кіреді. Тұлыптар жануарлардың сыртқы құрылысымен танысу, биотоптарды құру және кабинет экспозициясын жасау үшін пайдаланылады.







Құс тұлыбы



дана

1



Балық тұлыбы



дана

1



Үй қоянының тұлыбы



дана

1



Егеуқұйрықтың тұлыбы



дана

1

19.

Оптикалық аспаптар:









Лупа

Сабақтарда және табиғатта жүргізілетін бақылауларда пайдалануға арналған.

дана

15



Бинокль

Табиғат аясында бақылау жүргізетін экскурсияларда пайдаланылады.

дана

5



Оқу микроскобы

Жылжымалы үстелшесі, ауыстырып қолданылатын екі окуляры бар мойны ( 10 х, 16 х); айналмалы револьвер бастиекте орналасқан үш объективі (4 х, 10 х, 40 х) бар. Ұлғайтуы 100 х - 640 х есе.

дана

15



Электр жарықтандыруы және видеоокосы бар микроскоп

Жылжымалы үстелшесі, окуляры бар мойны (видео-ока камерасымен жалғайтын тиегі бар); айналмалы револьвер бастиекте орналасқан үш объективі (10х, 40х, 100х) бар.
Ұлғайтуы 1000 х -1600 х есе. Видеооканың параметрлері:
Сезгіштігі 1/4» CCD
Линза F1.6, fl=6.0mm.
Масштабталатын оптика 2X.
Көлденең көрсету мүмкіндігі 450 TV арнасы.
Қолмен фокустау.
Әсері Pan/Tilt, Nega/Posi, Color/Mono.
Жарықтандыруды баптау.
Жылтылдаудың болмауы.
Видеошығу S-VHS.
Микрофонды қосуға арналған порт.
Қорек адаптері DC 12V.
Компьютерге қосуға арналған USB 2.0 порт. Жеткізілім комплекті: тысы, микроскопқа арналған адаптер.

дана

1

20.

Биология бойынша демонстрациялық жұмыстарға арналған химиялық ыдыстар мен жабдықтар жиынтығы:



ж-тық

1



Конус тәрізді құйғы 75-80 mm



дана

2



Ыдыс кептіруге арналған тақта



дана

1



Сынауық жууға арналған қыл щетка



дана

1



Құты жууға арналған қыл щетка



дана

1



Сынауық қысқышы



дана

1



Индикаторларға арналған тамызғы, 50 ml



дана

1



Мектеп тақтасына арналған магнит кнопкалар



дана

40



Конус тәрізді құты, 100 ml



дана

2



Конус тәрізді құты, 500 ml



дана

2



Түбі жұмыр құты, 250 ml



дана

2



Заттарды күйдіруге арналған қасық



дана

1



Мөлшерлегіш қасық



дана

1



Үлестірме материалға арналған астауша



дана

1



Түзеткіш аспаптар жиынтығы (7 дана)



дана

1



Тамшуыр 2 ml



дана

2



Жабын шыны 18*18



дана

50



Төсеніш шыны 26*76



дана

10



Сынауық 14*120



дана

10



Шайғыш



дана

1



Білтесі бар зертханалық спир шамы



дана

1



Бөліктері бар стақан 100 ml



дана

2



Бөліктері бар стақан 250 мл.



дана

1



Шыны таяқшалар d=3mm, h=20cm



дана

3



Келсапты келі 300 ml



дана

1



Сұйықтық термометрі 0-100 град.



дана

1



Шыны сауыт 50 ml



дана

6



Шүмегі бар өлшеуіш цилиндр 250 ml



дана

1



Фарфордан жасалған кептіргіш табақша 75 ml



дана

1



Петри табақшасы



дана

10



Сынауықтарға арналған штатив (20 ұя)



дана

1

21.

Биология бойынша зертханалық жұмыстарға арналған химиялық ыдыстар мен жабдықтар жиынтығы:









Конус тәрізді құйғы (75ml)



дана

15



Тамшылатып талдауға арналған тамшуырлар



дана

15



Сынауық қысқышы



дана

15



Индикаторларға арналған тамызғы 60 ml



дана

15



Конус тәрізді құты 100 ml.



дана

15



Резеңке түтік 100 mm d=5mm



дана

15



Мөлшерлегіш қасық



дана

15



Үлестірме материалға арналған астауша



дана

15



Түзеткіш аспаптар жиынтығы



дана

15



Жабын шыны 18*18



дана

300



Төсеніш шыны 26*76



дана

150



Сынауық 14*120



дана

150



Тамшылатып талдауға арналған пластина (9 ұя)



дана

15



Сынауыққа арналған резеңке тығын 14*120



дана

30



Білтесі бар зертханалық спир шамы



дана

15



Бөліктері бар стақан 100ml



дана

15



Шыны таяқшалар d=3mm, h=20cm



дана

30



Шыны сауыт 50 ml



дана

90



Петри табақшасы



дана

15



Сынауықтарға арналған штатив (10 ұя)



дана

15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет