Кәмелетке толмағанды қабылдау - беру туралы акт Мен,____________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
20___ жылғы "___" __________ сағат ______ минутта кәмелетке толмаған
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (кәмелетке толмағанды Орталыққа берген
____________________________________________________________________
кездегі жолдаманың атауы мен нөмірі, лауазымды адамдардың тегі;
____________________________________________________________________
ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне берген кезде кәмелетке
____________________________________________________________________
толмағанды қабылдап алушы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туыстық
____________________________________________________________________
дәрежесі, паспортының сериясы мен нөмірі, қашан және
____________________________________________________________________
кімнің бергені, мекенжайы көрсетіледі) бердім.
Кәмелетке толмағанмен бірге мынадай заттар, ақша, бағалы заттар, құжаттар берілді
_____________________________________________________
(атап көрсетіледі)
Ескертпе ____________________________________________________________
Тапсырдым _________________________________________________________
(лауазымы, тегі, қолы)
Қабылдап алдым ____________________________________________________
(баланы қабылдап алған адамның тегі, қолы)
20___ жылғы "___" ___________
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
8-қосымша
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары І тарау. Жалпы ережелер 1. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді, бұл балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы – "Білім туралы" Заңның 37-бабына сәйкес білім алушылардың, оның ішінде жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың білім және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы (бұдан әрі - Ұйым).
3. Ұйымдар өз қызметінде білім беру саласындағы заңнаманы, осы Қағидаларды, ұйымның жарғысын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын басшылыққа алады.
4. Ұйымдардың түрлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында көзделген.
2 тарау. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі 5. Ұйымның міндеттері:
1) жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін жағдайлар жасау;
2) тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру;
3) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;
4) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады;
5) Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
6) балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, оларды табиғат қорғау қызметіне тарту;
7) қоғамдағы өмірге бейімдеу;
8) бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.
6. Қосымша білім білім беру бағдарламаларын мектептен тыс ұйымдар және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары ұсынады.
7. Ұйым "Білім туралы" Заңның 43-бабына сәйкес белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін, кадрларды іріктеу мен орналастыруды, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыруда дербес болады.
8. Ұйым балалардың сұраныстарын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.
9. Ұйымдардағы білім беру қызметін педагогтер, әдіскерлер, педагог-ұйымдастырушылар және оларға теңестірілген тұлғалар (бұдан әрі – педагогтер), тиісті бейіндегі мамандар жүзеге асырады.
10. Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер ұйымды алқалық басқару нысандары болып табылады. Ұйымды тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.
11. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын іске асыру кезіндегі оқу-тәрбие процесі ұйымның мүдделері бойынша үйірмелерде (клуб, балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы, студия, ансамбль, топ, үйірме, театр, спорт секциялары, зертханалар, шеберханалар, орталықтар және өзге де бірлестіктер) жүзеге асырылады (бұдан әрі – бірлестіктер).
12. Ұйымдардағы балалардың қызметі мүдделері бойынша бір жастағы және әртүрлі жастағы бірлестіктерде жүзеге асырылады.
13. Қызығушылықтар бойынша бірлестіктер білім алушылардың тұрақты және ауыспалы құрамымен құрылады.
14. Әр баланың бірнеше бірлестіктерде оқуға және оларды өз қалауы бойынша өзгертуге мүмкіндігі бар (балалар музыкасы, балалар көркемөнер мектептері мен балалар өнер мектептерінен басқа).
15. Бірлестік қызметінің мазмұнын қосымша білім берудің оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беру педагогы айқындайды.
16. Ұйымдардағы оқу-тәрбие процесі тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады.
17. Ұйымдағы оқу-тәрбие процесінің қатысушылары балалар, педагогтар және білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.
18. Ұйымда әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызметтер құрылады.
19. Ұйымда жарғыларға және осы Қағидаларға сәйкес жұмыс істейтін балалар қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдары құрылады.
20. Ұйымдар орта білім беру ұйымдарымен бірлесіп сабақ және сабақтан тыс уақытта жалпы білім беретін пәндер мен қосымша білім беру бойынша сабақтар мен кіріктірілген сабақтар өткізеді.
21. Қосымша білім беру ұйымдарындағы сабақтардың ұзақтығы 40 минутты құрайды.
22. Бірінші оқу жылының топтарының сабақтары үшін аптасына 4 академиялық сағат, оқудың екінші және келесі жылдары үшін 6 академиялық сағат, оқытудың эксперименттік және зерттеу топтарында 8 академиялық сағат көзделеді.
23. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін сабақтар аптасына 2 академиялық сағаттан аспайтын 25-35 минут бойы жүргізіледі.
24. Практикалық сабақтарды (жорықтар, экспедициялар, экскурсиялар, жарыстар, концерттік сапарлар) өткізуге арналған сағаттар саны тәулігіне 8 сағаттан ( 8 сағаттан артық емес) шыға отырып белгіленеді.
25. Бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде бірлестіктердің жұмысына балалардың заңды өкілдері қатысады.
26. Балаларды қабылдау кезінде ұйым балалардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) оқу-тәрбие процесін жүргізу тәртібімен және оның мазмұнымен және ұйымның жарғысымен таныстыруды қамтамасыз етеді.
27. Ұйым автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
28. Білім алушыларды спорттық, спорттық-техникалық, туристік, хореографиялық бірлестіктерге қабылдау кезінде баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды қажет.
29. Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде және өнер мектептерінде оқу-тәрбие процесі "Білім туралы" Заңның 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік ұйымдардағы оқу-тәрбие процесі осы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын орындайтын органдар бекіткен балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
Жеке ұйымдардағы оқу-тәрбие процесі басшы немесе құрылтайшы бекіткен білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.
30. Сабақ кестесін білім алушылардың жас ерекшеліктерін және ата-аналардың пікірін ескере отырып, ұйым әкімшілігі жасайды және бекітеді.
31. Бір жастағы және әртүрлі жастағы балалар, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында қызығушылықтары бойынша бірлестіктерге, клубқа, студияға, ансамбльге, топқа, театрға, спорт секцияларына, зертханаларға, шеберханаларға, орталықтарға және өзге де бірлестіктерге біріктіріледі.
Ұйым ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен тұрғылықты жері бойынша жеке жұмыс жүргізеді.
32. Сабақтар қосымша білім берудің білім беру бағдарламасына сәйкес топтар бойынша, жеке немесе бірлестіктің барлық құрамымен жүргізіледі. Бірінші оқу жылының әр тобында балалар саны 10-нан 15-ке дейін, екінші және келесі жылдары - 8-ден 12-ге дейін, эксперименттік және зерттеу топтары - 6-дан 8-ге дейін.
33. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту кезінде топтың толымдылығы 6-дан 10 адамға дейін құрайды.
34. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту кезінде топтың толықтырылуы 3-тен 6 адамға дейін құрайды.
35. Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерде, оқушылар сарайларының музыка мектептерінде (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталықтары) оқыту жеке және топтық нысандарда жүзеге асырылады.
Балалар музыка мектептерінде және өнер мектептерінің музыка бөлімдерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерде, оқушылар сарайларының музыка мектептерінде (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталықтары) топта оқитындар саны:
1) дайындық - 8-10 адам;
2) музыкалық-теориялық пәндер бойынша - 8-10 адам;
3) хордағы "ұжымдық музыка ойнау" пәні бойынша-12 адамнан бастап;
4) "ұжымдық музыка ойнау" пәні бойынша оркестрге;
5) ұжымдық музыка ойнаудың басқа нысандарындағы "ұжымдық музыка ойнау" пәні бойынша - 6-15 адамнан бастап;
6) "ұжымдық музыка ойнау" пәні бойынша ұжымдық музыка ойнаудың шағын топтық нысандарында – 2-5 адамнан басталады.
36. Балалар музыка мектептерінде және өнер мектептерінің музыка бөлімдерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерде, оқушылар сарайларының музыка мектептерінде (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталықтары) білім алушылар контингенті 100 адамнан кем немесе екі тілде оқытатын музыкалық-теориялық пәндер бойынша топта білім алушылар саны 5-10 адамды құрайды.
Балалар көркемөнер мектептерінде және өнер мектептерінің көркемөнер бөлімдерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерде, оқушылар сарайларының көркемөнер мектептерінде (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) топта оқитындар саны 8-15 адамды құрайды.
Балалар өнер мектептері мен көркем-эстетикалық бағыттағы мектептердің хореографиялық бөлімдерінде топтарда оқитындардың саны 8-20 адамды құрайды.
37. Балалар музыка мектептеріне, балалар көркемөнер мектептеріне, балалар өнер мектептеріне, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерге, оқушылар сарайларының музыка мектептеріне (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталықтары) түсу үшін әртүрлі өнер (музыкалық, бейнелеу, хореографиялық, театр) саласындағы балалардың қабілеттерін дамыту деңгейін анықтау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.
38. Негізгі оқу курсына дайындық мақсатында дайындық топтарына мыналар қабылданады:
1) Балалар музыка мектептерінде, балалар өнер мектептерінің музыка бөлімдерінде, оқушылар сарайларының музыка мектептерінде (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталықтары) - 8 жасқа дейінгі балалар;
2) Балалар көркемөнер мектептерінде өнер мектептерінің, оқушылар сарайларының көркемөнер бөлімдерінде (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталықтары) – 5 жастан 12 жасқа дейінгі балалар;
3) 5 жастан 8 жасқа дейінгі балалары бар балалар өнер мектептерінің хореографиялық және цирк өнері бөлімдерінде, театр өнері, кино өнері, фото өнері және басқалары бөлімшелерінде – 6 жастан 13 жасқа дейінгі балалар.
Дайындық сыныбына оқуға ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші бойынша 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар қабылданады.
39. Балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында:
1) дене шынықтыру - сауықтыру топтарында шұғылданатын балалардың сандық құрамы спорт түріне байланысты анықталады;
2) бір топтағы балалардың жас айырмашылығы екі жастан аспауы тиіс;
3) дене шынықтыру-сауықтыру топтарының санын оқу дене шынықтыру-сауықтыру процесін жүзеге асыру шарттарына байланысты клубтың педагогикалық кеңесі айқындайды;
4) кестені жасау кезінде оқу мекемелерінде білім алушылардың бос уақыты мен жұмыспен қамтылу көлемін ескеру қажет;
5) Дене шынықтыру – сауықтыру топтарындағы бір сабақтың ұзақтығы аптасына үш рет бір академиялық сағаттан аспайды;
6) дене шынықтыру-сауықтыру топтарындағы балалардың саны кемінде 15 адамды құрайды және 25 адамнан аспайды;
7) балалар-жасөспірімдер клубтарының жұмысын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 68 бұйрығымен бекітілген дене шынықтыру және спорт бойынша сабақтар өткізу кезіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 желтоқсанда № 9923 болып тіркелді;
8) дене шынықтыру даярлығының балалар-жасөспірімдер клубтарында жұмыс істейтін дене шынықтыру мұғалімінің, жаттықтырушының, жаттықтырушы-оқытушының мөлшерлемесі аптасына 18 сағат көлемінде белгіленеді;
9) директорға, директордың спорт жұмысы жөніндегі орынбасарына, оқу бөлімінің меңгерушісіне, аға әдіскерге, әдіскерге дене шынықтыру-сауықтыру топтарында спорттық-бағдарланған дене тәрбиесі мұғалімінің 0,5 жүктемеден аспайтын көлемде оқу сабақтарын жүргізуге мүмкіндігі бар;
10) балалар-жасөспірімдер клубының штат бірліктерінің саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарына сәйкес айқындалады;
11) аудандық, қалалық жарыстар алдында-12 күнге дейін, Облыстық – 18 күнге дейін; республикалық, халықаралық – 24 күнге дейін оқу дене шынықтыру-сауықтыру және жаттығу жиындарын өткізеді.
40. Ұйым білім алушылармен оқу-тәрбие процесін бүкіл күнтізбелік жыл ішінде, оның ішінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасай отырып жүзеге асырады.
41. Ұйымдарда 1-14 қыркүйек аралығында жинақтау жүріп жатыр.
Оқу жылы басталады:
- ұйымдардың бірінші, екінші және одан кейінгі оқу жылдарының бірлестіктерінде 15 қыркүйекте;
- Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде және балалар өнер мектептерінде, екінші және келесі оқу жылдарындағы бірлестіктерде - 1 қыркүйек.
42. Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерде, оқушылар сарайларының музыка мектептерінде (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталықтары) Білім алушыларды сыныптан сыныпқа ауыстыру аттестаттау қорытындылары бойынша үлгілік оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7409 болып тіркелген) бекітілген балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
43. Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде және өнер мектептерінде қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын игеру қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады.
Оқудың толық курсын бітірген, мемлекеттік бітіру емтихандарын тапсырған білім алушылар белгіленген үлгідегі мектепті бітіргені туралы куәлік алады.
44. Ұйым ұйымдармен, кәсіпорындармен бірлесіп балаларға кәсіптік бағдар беру дайындығын жүргізеді. Білім алушыларға оқу қорытындылары бойынша оқу нәтижелерін растайтын құжат (сертификат) беріледі.
45. Жазғы кезеңде ұйымдар арнайы кесте бойынша білім алушылардың тұрақты және ауыспалы құрамымен жұмыс істейді.
Балалар музыка мектептеріндегі, балалар көркемөнер мектептеріндегі, балалар өнер мектептеріндегі, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептердегі, оқушылар сарайларының музыка мектептеріндегі (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталықтары) демалыс мерзімдері мен ұзақтығы жалпы білім беретін мектептердегі демалыс мерзімдеріне сәйкес келеді.
Ұйым күнтізбелік жыл ішінде балалармен жұмысты жүзеге асырады. Демалыс уақытында қажеттілігіне қарай клубтар, лагерьлер мен туристік қалашықтар мен базалар, бейінді лагерьлер ашылады, экологиялық мектептер өз базасында немесе балалардың тұрғылықты жері бойынша лагерьлерде (қала сыртындағы немесе күндіз болатын) балалардың тұрақты және (немесе) ауыспалы құрамымен әртүрлі бірлестіктер құрылады, мастер-кластар өткізіледі. Бірлестіктердің жұмысы концерттік алаңдар мен сапарлар, жорықтар мен саяхаттар, жарыстар, экспедициялар түрінде жүргізіледі.
46. Материалдық-техникалық базасы және кадрлық әлеуеті бар ұйымдар білім беру ұйымдарының барлық типтеріндегі білім алушылар үшін өндірістік практиканы жүзеге асырады.
47. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымында әдістемелік жұмыс, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, педагогтердің, сондай-ақ тиісті бейіндегі мамандардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
48. Ұйымдар жаппай іс-шаралар өткізеді, балалардың, ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің бірлескен жұмысы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
49. Ұйымдардағы педагогикалық қызметке жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі, техникалық және кәсіптік білімі немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар адамдар жіберіледі.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
9-қосымша