Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


-дәріс. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене қасиетін тәрбиелеу әдістемесі



бет123/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

12-дәріс. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене қасиетін тәрбиелеу әдістемесі


Дәріс жоспары:

  1. Дене қасиеттері қабілеттерін қалыптастыру

  2. Негізгі дене қасиеті қабілеттері: ептілік, жылдамдық (шапшаңдық), күш, төзімділік, икемділік. Дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі

  3. Денені жалпы дамытатын жаттығулар. Балаларға қойылатын талаптар Балаларға қойылатын талаптарды күрделендіру. Заттарды пайдалану



Негізгі әдебиеттер:

  1. Кенеман А.В., Хухлаева Д.В. «Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі».

  2. А.Ж.Сисенбердиева «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі». Оқулық. Алматы. 2011

  3. Уанбаев Е.К. «Дене тәрбиесінің негіздері». Алматы. Санат. 2000

  4. «Балалар бақшасындағы дене тәрбиесі». Осокина. 1982. Мектеп

Қосымша әдебиеттер:

  1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік бағдарламасы, 2016 жыл

  2. Жұмабекова Ф.Н. «Мектепке дейінгі педагогика» Астана, 2008

  3. ЖМББС «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

"Дене қуатынын қасиеті" және "қозғалыс қасиеті" деген терминдер бір мағынада пайдаланылады. Олар адамның қозғалыс мүмкіндігінің екі жағын көрсетеді. Дене қуаты қасиетінің әрекеті жағына "даму" және "тәрбиелеу" деген терминдер қолданылады. "Даму" термині дене қуаты қасиетінің табиғи өзгеру сипатын, ал "тәрбиелеу" қозғалыс қасиетінің көрсеткіштерін белсенді өсіру бағытын білдіреді. Дене қуаты қасиетін тәрбиелеу қажеттілігі дене тәрбиесінің мақсатында көрсетілген екі негізгі элементтерге байланысты: бұл – Отанды қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамдарды тәрбиелеп қалыптастыру. Осыған байланысты дене қуатының қасиетін тәрбиелеу қажеттілігі: денесі жан-жақты дамыған дене қуатының қасиеттері жоғары деңгейі мен еңбек әрекетін іске асыруға функционалдық дайындығы бар азаматтармен қанағаттандыру; педагогикалық процестің бағытын және методологиялық негізін айқындайтын дене тәрбиесінің әлеуметтік қағидаларына сүйену жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған. Дене қасиеті қабілетін қалыптастыру дене тәрбиесінің негізгі жақтарының бірі болып табылады. Дене қасиеті қабілетінің даму дәрежесі балалардың қозғалыс әрекетінің жетістігін және қозғалыстың жаңа формаларын игеру, оларды өмірде тиімді пайдалана білуге икемділігін анықтайды. Негізгі дене қасиеті қабілетінің дамуы (шапшаңдық, ептілік, төзімділік, күш, икемділік, жылдамдық) қимыл-қозғалыс дағдылардың қалыптасуымен тығыз байланысты болады. Бұған көмектесетін жаттығулар қатаң дәйектілікпен және қимыл-қозғалыстық тапсырмаларды біртіндеп күрделендірумен дене тәрбиесі сабақтарына, қозғалыстық ойындарға, спорттық жаттығуларға енгізіледі, сондай-ақ балалардың серуендеген кезінде өз бетінше қозғалу әркеттерінде қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет