Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет142/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Велосипед (французша velocipede, латынша velox-жүрдек және pes-аяқ)-жедел жүруге арналған көлік. Оны 16 ғасырдан бастап көптеген елдердің өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р.Ла Рошелли (Франция, 1693), Л.Шамшуренков (Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), т.б. жасаған. Ол 4 доңғалақты арба негізінде шыққан. Алғашқы 2 доңғалақты велосипед Ресейде жасалды. Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: көліктік, көліктік жеңіл, жасөспірімдік, спорттық, балалар, арнаулы болып ажыратылады. Балалар велосипедінің екі және үш доңғалақты, сондай-ақ құрама түрлері (үш доңғалақтыны екі доңғалақтыға, керісінше өзгертуге болады) бар. Балалар велосипедінің шиналары тұтастай құйылып, немесе үрмелі резина күйінде шығарылады. Велосипед тебу жылдамдық жаттығуларына жатады және жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйесіне күшті ықпал жасайды, бұлшық еттердің, әсіресе, аяқ, табан бұлшық еттерін нығайтуға көмектеседі. Велосипед айдаумен жүйелі түрде айналысқан жағдайда балалардың жыл­дамдық, ептілік, тепе-теңдік сақтау, көзбен мөлшерлеу, қимыл үйлесімен сақтау, кеңістікте бағдар ұстау, ырғақтылық, күш, төзімділік қабілеті дамиды, сезім мүшелерінің тұрақтылығы артады. Оның үстіне балалардың ерік қасиеті, жағымды эмоциялары дамиды. Балалар велосипедтің құрылысы жайлы біледі және оны күтіп ұстау дағдысын игереді. Yйрету әдістемесі. Балаларды үш дөңгелекті велосипедті тебуге 2 жасынан, екі дөңгелекті велосипедті тебуге 5 жасынан бастап үйретеді: оларды қалай отыруға, одан түсуге, тура, биік, бұралаң жолдармен айдаған кезде велосипедті жүргізе білуге, оңға, солға, артқа бұрылуға, тежеуге тоқтауға үйретеді. Yйрету кезінде: велосипедті тура бағытпен, оңға, солға, артқа бұрып жүргізу, шеңбермен айналып, бұралаң жолмен жүргізу, ересектердің көмектесуімен тура жолмен оңға, солға бұрылып айдау, велосипедке отырғызу, одан түсу, велосипедті өз бетінше тура жолмен оңға, солға, артқа бұрылып тебу өз бетінше, шеңбермен айналып, бұралаң жол­мен айдау, қосымша тапсырмаларды орындап айдау сияқты жүйелілікті сақтау тиімді болады. Тәрбиеші велосипедтің, тапсырманың баланың шама-шарқына сай болуын және ереженің орындалуын қадағалайды. Бағдарламада 3-4 жастағыларға велосипедке міну және түсу, үш аяқты велосипед тебу; 4-5 жаста шеңбер бойымен және тура жолмен екі және үш дөңгелекті велосипедпен жүру, оңға және солға бұрылыс жасау; 5-6 жаста шеңбер бойымен және тура жолмен қос дөңгелекті велосипедпен жүру, оңға және солға бұрылыс жасау, оң және сол аяқпен итеріп самокатпен жүру ұсынылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет