Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Басшылық жасауға жауапты адамдар. Негізгі міндеттері



бет188/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Басшылық жасауға жауапты адамдар. Негізгі міндеттері. Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі барлық ұжым қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі. Меңгерушіден техникалық қызметкерлерге дейінгі барлық қызметкер әрбір баланың денсаулығын сақтауға, дене тәрбиесінің басқа да міндеттерін шешуге жәрдемдесуге міндетті.
Меңгеруші. Меңгеруші дене тәрбиесі бойынша барлық ұйымдастыру жұмысына жауапты. Ол жұмыстың жалпы жоспарын жасап, қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді және балабақша қызметкерлерінің қызметін басқаруды жүзеге асырады. Меңгеруші ойын алаңын, дене шынықтыру залын, топ бөлмелерін құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге міндетті. Олар: дене шынықтыру құрал-саймандары, ойыншықтар, атрибуттар, бөлмелердің ішіндегі, алаңдағы тазалық жағдайы, әдістемелік кабинет үшін әдебиеттерді, материалдарды таңдау. Тәрбиешілердің жұмысын тексеріп, көмек көрсету мақсатында меңгеруші дене тәрбиесі сабақтарына, ертеңгілік гимнастикаға, серуендеп жүргенде және дене тәрбиесінің басқа да ұйымдастыру түрлеріне бақылау жасайды. Бақылау жазбаларын қорытындылап отырып, ол жетістіктерін, кемшіліктерін көрсетіп, жұмысты жақсарту жөнінде практикалық кеңестер береді. Меңгеруші сонымен бірге әдістемелік құжаттарды тексереді, тәрбиешілерге жоспар құруға, берілген есептерді талдап белгілеуге, т.б. көмектеседі. Педагогикалық ұжымның білімдерін көтеру үшін кеңес, ашық сабақтар ұйымдастырып, дене тәрбиесінің кейбір мәселелерін педагогикалық кеңестің талқылауына қояды. Ол тәрбиешілер жұмысын талдауға және педагогикалық оқуларда баяндамалар жасауына жәрдемдесіп, мектепке дейінгі мекемедегі барлық топтардың дене тәрбиесі тәжірибесін жинақтап қорытады. Сонымен бірге, тәрбиешілерді аудан, қалаларда әдістемелік кабинеттер арасында болатын (дәріс, үйірме, семинар, т.б.) шараларға қатысуға жібереді. Меңгеруші өз мекемесіндегі барлық қызметкерлердің денсаулығына, дамуына, дайындықтарына үнемі көңіл бөліп отырады. Ол балабақшаның қызметкерлерімен әңгіме, кеңестер ұйымдастырады (дене жаттығуларын және оларды жүргізу әдістемесін таңдап алады), денсаулық топтарындағы, спорт секцияларындағы сабақтар туралы ұсыныстар беріп, өзі үлгі көрсетеді. Дене тәрбиесі бойынша теориялық және практикалық дайындықтың тиісті шамада болуы мектепке дейінгі мекемелердегі қызметкерлерге өз міндеттерін неғұрлым жетік атқаруларына, балаларға үлгі көрсетулеріне көмегін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет