Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет39/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Жаратылыстың табиғи күштері (метеорологиялык факторлар) әсер ету заңдылықтарын біле отырып, дене жаттығуларының жоғары тиімділігіне жетудің қолайлы жағдайларын анықтауға мүмкіндік беретін факторлар тобын құрайды. Адам тұрақты түрде қоршаған ортамен өзара байланыста болып, сол ортаға бейімделіп өз әсерін тигізеді. Күннің сәулесі, ауа мен су температурасы, ылғалдылық, ауаның тазалығы, атмосфералық қысымның үнемі өзгеріп отыруы организмді физиологиялық және психологиялық өзгерістерге әкеледі. Осы айтылған жағдайлардың барлығы дене жаттығуларының тиімді жасалуына, адамның жұмыс кабілеті мен денсаулық жағдайының жақсаруына немесе төмендеуіне тікелей байланысты. Сол себептен де дене жаттығуларын орындаған кезде сыртқы факторлардың әсерін есепке алып отыру қажет. Дене тәрбиесі процесінде табиғаттың жаратылыс күшін (метеорологиялык факторлар) пайдалану екі бағытта жүзеге асырылады: а) табиғаттың жаратылыс күшін дене жаттығулары үшін қолайлы жағдайлар жасайтын көмекші фактор есебінде пайдалану. Оның себебі, олар адам организіміне әсер ететін қозғалыс тиімділігін күшейтеді және толықтырып отырады; ә) табиғаттың жаратылыстық әсері-ауа және су ваннасы, күн сәулесі арқылы шынығу және сауықтырудың тиісінше жеке дара кұралы есебінде пайдаланады. Еңбек және оқу қызметінің күн тәртібіне енгізілген бұл процедуралардың қолайлы әсері белсенді түрде демалу формасына жатады және қайта қалыпқа келу тиімділігін арттырады. Табиғаттың жаратылыс күшін тиімді пайдалану – басты талаптардың бірі, оны жүйелі кешенді түрде дене жаттығуларымен байланыстыра отырып қолдану керек. Жаратылыстың табиғи күштері (күн, ауа, су) дене жаттығуларының организмге жағымды әсерін күшейтеді, адамның жұмыс қабілетін арттырады. Ауада немесе суда (жүзу) дене жаттығуларымен айналысу процесінде жеке органдар мен организм жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері артады (оттегі көп сіңіріледі, зат алмасу күшейеді т. б.). Күн, ауа және су организмді шынықтыру үшін пайдаланылады, соның нәтижесінде адам организмі әртүрлі метеорологиялық өзгерістерді дер кезінде қиналмай қабылдау қабілетіне ие болады. Оның үстіне жаратылыстың табиғи күштерін дене жаттығуларымен үйлестіру шынығу тиімділігін арттырады. Жаратылыстың табиғи күштері дербес құрал ретінде де пайдаланыла береді, Су денені кірден тазалауға, қан тамырларын кеңейтуге және тарылтуға, адам денесіне механикалық әсер етуге пайдаланылады. Орман, бау парктердің құрамында ерекше заттары (фитонцидтер) бар ауасы микробтарды жоюға кемектеседі, қанды оттегімен байытады, адамның организміне жақсы әсерін тигізеді. Күн сәулесі тері астында Д витаминінің жиналуына себепші болады, әртүрлі микробтарды өлтіреді, адамды аурудан (рахит т. б.) сақтайды. Жаратылыстың табиғи күштерін пайдалану балаларда жағымды эмоциялар туғызады. Организмге жан-жақты әсері тиюі үшін мектеп жасына дейінгі балаларда жаратылыстың табиғи күштерін мейлінше орынды пайдалана отырып қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет