Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек т.б



бет152/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек т.б. Дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке басының жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Дене шынықтыру сабағының ерекшелігі балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлдігінен көрінеді, мұның өзі жалпыға бірдей карқында қимыл үйлесімін, саналылықты, жинақылықты ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, өзін-өзі билеуді және ептілік көрсетуді (мінбеге шығу, арқаннан жасалған сатымен өрмелеу, теңестірілген бөрененің, енсіз тақтайшаның т.б. үстімен жүру) талап етеді. Бұл жаттығуларды орындау қорқыныш пен сенімсіздік сезімін жеңумен, ерік-жігер ширығумен, мақсатқа жетудегі табандылықпен байланысты. Ережелі қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұстамдылық пен ерік-жігер, ойын жағдайының күтпеген жерден өзгеруіне тез реакция жасауды, сондай-ақ жолдастық, өзара көмек, адалдық, әділеттілік, батылдық пен табандылық сезі­мін көрсете отырып жаттығады. Сабақта балалардың аталған қасиеттерді қайталауына және тәрбиешінің басшылығына қарай олардың белсенділік көрсетуі біртіндеп күнделікті өмірге ауысады. Сабақ процесінде тәрбиеші балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдай талап ететін ықпал ету әдістерін: баланың бойында, әсіресе кішкентайлар тобындағы баланың бойында батылдық, табандылық сезімін туғызу мақсатында қолданылатын, көрнекі түрде бала­ның көзін жеткізетін тәсілді, баланың әр әрекеті арқылы практика жүзінде үйретуді (тәрбиешінің көмегімен) және табысқа жетуіне байланысты көтермелеуді, әртүрлі қылықтарды (ол қылыққа өзінің көзқарасын және барлық балалардың көзқарасын) салыстыруды, сендіруді пайдаланады. Балалардың дене шынықтыру сабақтарындағы қимыл әрекеттері олардың өзін ұжымда ұстай білуге тәрбиелеуге, сезімдері мен тілегін балалардың бәріне бірдей ортақ белгілі бір ережеге бағындыруға көмектеседі. Мұның бәрі баланың бо­йында теріс сезімдер мен қылықтарды қажетті, саналы, жедел тежеуді қалыптастырады. «Eгер адам бала кезінде белгілі бір әлеуметтік себептерді, яғни тежегіш қозуларды басшылыққа ала отырып, өз қылықтарын тежей алмаған болса, - деп жазады профессор П. К. Анохин, - онда ол үшін алдағы уақытта эмоциялардың кез келген мәжбүрлі және үзілді-кесілді тежелуі кенеттен болады, ал нақ осының өзі қауіпті болуы мүмкін. Біз баланың бойында тежегіш қозулар кешенін қалыптастырамыз, яғни саналылықты кең мағынада дамытуымыз керек. Эмоцияны тәрбиелеу адамның жеке басын үйлесімді дамытуға жеткізеді. Ал осындай жоспарлы жаттығу жасау сәби жастан басталуы керек». Дене шынықтыру сабақтарында, әсіресе ережелі қимыл-қозғалыс ойындарында балаларды үйрету процесінде тәрбиеші оларды өздеріне лайық эстетикалық нормаларды сақтауға баулиды. Бала тәрбиешінің ықпалымен эмоционалды, саналы түрде жалпы талапқа бағынады: түсіндіріп айтқандарды көңіл қойып тыңдайды, тапсырманы дер кезінде орындайды, сабақта белгіленген жүйелілікпен әртүрлі әрекеттерге қосылады. Біртіндеп күрделі тежеу реакциясының дамуымен тығыз байланысты баланың қоғамдық сезімі мен санасы қалыптасады. Іс жүзінде бұл ұстамдылыққа, тәртіпке белгілі, балаларға түсінікті тәртіп нормасын тануға, балалардың жеке бастарының қылықтарымен балалардың басқа қылықтарының қажетті мөлшерін қалыптастыруға, адамгершілік сананы бойға сіңіруге үйретеді. Қимыл-қозғалыс ойындары баланың белгілі бір адамгер­шілік қасиетін ашпай қоймайтын жағдай жасайды. Мысалы, «Батыл балалар», «Eкі аяз», «Aйлакер түлкі» ойындарында бала екі ұстап алушының ортасымен жүгіреді, өзін ұстап алуға тиіс «түлкі» жанында тұруы мүмкін екендігін біле тұра сигнал берілгенге дейін шеңберден шықпайды, өзін жетекші ұстап алу қаупі төніп тұрса да жолдастарына көмектеседі т.б. Осылардың бәрі онын бойында батылдықты, табандылықты, ұстамдылықты, достық сезімді жүйелі түрде қалыптастырады. Ойынның белгілі шарттары, оның ережесі балалардың оларға өз еріктерімен бағыну қажеттігін туғызады. Ойын ке­зінде жағымды әрекеттің және қылықтардың бірнеше рет қайталануы балалардың бойында адамгершілік қасиеттері дағдысын біртіндеп қалыптастырады. Одан әрі балалар өз беттерінше, белгілі бір сәтте тәрбиешінің әсер етуінсіз-ақ оларды саналы әрі эмоционалды түрде көрсете бастайды. Сөйтіп, дене шынықтыру сабақтарында балаларды өздерінің нақты жағдайында мінез-құлықтық этикалық нормаларын орындауға біртіндеп іс жүзінде үйрету адамгершілік сезім мен сананы қалыптастыруға көмектеседі. Дене шынықтыру сабақтары балалардың ақыл-ойының дамуына көмектеседі. Сабақ кезінде қимыл әрекеттеріне үйрету процесінде тәрбие-білім беру міндеті жүзеге асырылады. Балалар дене жаттығуларының және оларды дұрыс орындаудың денсаулық үшін маңызы туралы, гигиена және шынығу жөніндегі өздеріне қолайлы мәліметтер жайлы, спорттың жекелеген түрлері жөніндегі кейбір қарапайым білімді игереді, спорттық терминологияны меңгереді. Олардың қоршаған орта жөнінде­гі түсінігі нақтылана түседі, кеңістікті, уақытты бағдарлауы, жаңартушы және шығармашылық елестетуі, есте сақтау қабілеті дамиды, ойлау қызметі жанданады. Баланы қимыл әрекеттеріне үйрету процесі сана ісімен байланысты. Тәрбиеші, әрбір жастағы кезеңде балалардың ақыл-ойының даму дәрежесін ескеріп, оларды ұсынылған қимыл тапсырмаларын түсінуге, соған байланысты қимылдарды дұрыс орындауға, жекелеген әрекеттерді бақылап, салыстыра білуге, оларды жинақтап қорытуға біртіндеп үйрете отырып, тиісті әдістемені қолданады. Ол қарапайым формада баланы өз қимыл әрекеті мен жолдастарының әрекеттеріне қолайлы талдау жасауға, сын тұрғысында баға беруге үйретеді. Бұл орайда тәрбиешінің сөзі, балаларға ұсынылған тапсырманы тұжырымдаудың барынша айқындығы, қимылды дұрыс орындағанды мақұлдауы, кемшілік жөнінде ескерту жасау, ойынды жігерлі түрде бейнелеп әңгімелеп беру және с.с. маңызды рөл атқарады. Yйретудің бүкіл процесі балалардың бойында зейін жинақтылығы мен белсенділігін туғызады: қимыл әрекеттерін тәр­биешінің тиісті түсіндірулерімен көрнекі түрде көрсетуі нысаналы бақылауды, оның элементтерінің жүйелілігін ұғынуды, балаларға таныс жаттығуларды тәрбиешінің сөзбен берген нұсқауы бойынша қайталап жасау есте сақтау қабілетінің, қимыл елесінің, түсініп білген дербес қимылды талап етеді, бүкіл жаттығу элементтерінің жүйелілігін сөзбен айтып суреттеумен көрсетілген тапсырманы балалардың орындауы олардың санасына жаттығу сипатын, қимыл түсінігін және соған байланысты саналы түрде қайталап жасауды туғызады. Бұл баланың санасында қимыл әрекетінің бүкіл жүйелілігінің егжей-тегжейін нақтылауға, оны іс жүзінде дәл орындауға көмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындарында тәрбиешінің ойын мазмұнын бейнелі түрде баяндауы немесе мазмұнсыз ойынды, оның ережесін қысқаша дәл түсіндіруді, ересектер тобының балаларының ойынымен оның ережесінің мазмұнын өз беттерінше түсіндіруі, сондай-ақ оны тәрбиешінің бақылауымен өз бетте­рінше ұйымдастыруы - мұның бәрі ойлау процесін дамытуды, есте сақтау қабілетін жаттықтырады. Дене шынықтыру сабақтары баланың эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған өмірдің, сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру саласында оның ерекшелігіне байланысты эстетикалық қабылдау жоғары моральдық қасиетті, жан сұлулығын игерген денсаулығы мықты, үйлесімді дамыған, күшті, ақ жарқын адамның бейнесінен басталады. Сырт көрінісі сымбатты, сұлу тұлғаның әсемділігі, пропорционалды дене бітімі, еркіндік, қысылып-қымтырылмаушылық, ізгілік, қимыл мәнерлілігі-адамның барлық мінез-құлқынан, оның адамгершілік сезімі мен санасының жоғары дамуынан, адамдарға кіші пейілділік пен тілектестік, немқұрайдылыққа, принципсіздікке төзбеушілігінен көрінетін жан сұлулығымен ажырағысыз байланысты. Бұл бейнеге, ең алдымен, тәрбиеші сай болуы керек. Онымен тікелей күнделікті қарым-қатынас, оның өзін-өзі ұстау мәнерін, сөйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымдылық, кіші пейілділігін қабылдау балаларға игілікті әсер етеді, еліктеуге ынталандырады. Дене шынықтыру сабақтары процесінде балалар өздері үйренген жаттығуларды өз беттерінше заттармен: таяқтармен, құрсаумен, ленталармен, доптармен, секіргіштермен, серсолармен және с.с. әсем орындайды. Олар, әсіресе музыкамен сүйемелденген кезде ұжымдық қимылдың өздеріне қолайлы жатықтығын, үйлесімділігін, дәлдігін көрсете жүріп, әртүрлі сапқа тұру, қайта сап түзеуге қатысады. Мұның бәрі балалардың эстетикалық эмоциясын туғызып, талғамын, қимылға деген сүйіспеншілігін дамытады жә­не эмоционалдық-эстетикалық қанағат сезімін туғызады. Балаларды қимыл-қозғалыс ойындары зор қуанышқа бөлейді, олардағы әртүрлі ойын бейнелері баланың өз басының шығармашылық инициативасын көрсетуіне мүмкіндік береді. Демек, сабақ процесіндегі балалардың барлық қимыл әрекеті эстетикалық эмоцияларға толы дене күші мен психикалық күштің өрлеуін туғызады, сондай-ақ организмді сауықтыруға, өмірдің қуанышты сезімін арттыруға әсер етеді. Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда сыртқы ортаның, сабақ үшін гигиеналық жағдай жасалуының, балалардың және тәрбиешінің әдемі спорт костюмі болуының, барлық құралдар мен жабдықтардың көркем безендірілуінің зор маңызы бар. Сабақ процесінде тәрбиешінің айтқан сөзі, балаларға үн қатуы зор тәрбиелік рөл атқарады. Ойынның мазмұнын бейнелі, эмоциялы етіп әңгімелеп беру, халықтық фольклорды (ойын бастау, санамақ, әндету) пайдалану, балалардың мінез-құлқына, олардың қимылды орындау санасына эстетикалық-этикалық баға беру - бұлардың бәрі балаларда эстетикалық белгіні, эстетикалық бағасының өзара қатынасы мен нақтылығын біртіндеп қалыптастырады. Тәрбиеші көрсеткен дене жаттықтыруларының көрнекі үлгілері техникалық жағынан дұрыс болуы керек. Олардың әсем, дәл орындалуы балалардың солай қайта жасауға қызығушылығын туғызады. Балалардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігін, әсіресе ересектер тобында нысаналы түрде қалыптастыру балаларды өз беттерінше жаттығуға және ойынға өзіндік бірдеңе қосуға, сондай-ақ өз ойындарын ойлап шығаруға үйретеді, балалардың шығармашылық елестетумен, өз әрекетіне шығармашылық қатынасымен байланысты эстетикалық ұмтылысын дамытады. Сабақта эстетикалық сезімді, талғамды және әсемдікке сүйіспеншілікті қалыптастыруда музыканың ерекше зор маңызы бар. Дене шынықтыру сабақтарындағы эстетикалық ықпал етудің аталған кешені дене тәрбиесімен табиғи бірігіп кеткен эс­тетикалық тәрбие бағдарламасының айтарлықтай үлесі болып табылады. Дене шынықтыру сабақтары балалардың қарапайым еңбек іс-әрекетімен байланысты. Бұл байланыс кәдімгідей формадан, өзіне-өзі қызмет көрсетуден, кезекшіліктен, тәрбиешінің кейбір тапсырмаларын орындаудан көрінеді. Алайда балаларды еңбекке тарту олардың жасына, жеке бастарының мүмкіндіктеріне сәйкес тәрбиешінің сараланған көзқарасын көздейді. Бұл балалардың көлемі және саны жөнінен әртүрлі қимыл жасап білуімен, заттармен (ойыншықтар, ұсақ дене шынықтыру құралдары, ірі дене тәрбиесі жабдықтары) ойнай білу дағдысының болуымен, баланың өз әрекетінің мақсатын түсінуінің, оған жетуге тырысуының дәрежесімен анықталады. Тәрбиешінің ең маңызды міндеттерінің бірі балалар еңбегінің қоғамдық бағытын, әрекеттің қоғамдық себептерін қалыптастыру болып табылады (балаларды еңбекке итермелейтін болуы, өздерінің еңбек ету міндеттерін не үшін және кім үшін орындайтынын білу маңызды). Мысалы, кезекшілер дене шынықтыру сабағына кілемшелер мен құрсауларды дер кезінде дайындап, олар барлық балалардың пайдалануына қолайлы болуы үшін оларды белгілі орындарға қояды. Мақсатты және оның қоғамдық маңызын (сабақтағы барлық балаларға нақты пайдасын) айқын түсіне отырып, олар тәжірибе көрсетіп отырғанындай, өздеріне тапсырылған істі жігерлі, ізгі ниетпен, құштарлықпен орындайды. Кішкентайлар топтарында негізінде тәрбиешінің өзі, бала­ларды қарапайым тапсырмаларды: жалаушаны, допты, қуыршақты және с.с. әкелуді орындауға тарта отырып әрекет етеді. Алайда осы тапсырмалардың өзінде әрекеттің қоғамдық мәні бар: допты, жалпы, ойын үшін әкелу керек, орындықтарды ойнайтын балалар үшін қою керек және т. б. Жасына қарай еңбек тапсырмалары мен кезекшілік көлемі, оларды балалардың өз беттерінше орындауы, бағдар ұстау белгілерінің азаюы жөнінен күрделене түседі. Тәрбиеші не істеу керек екенін айтады, ал әрекетті орындаудың жоспары мен әдісін таңдау балалардың өздеріне беріледі. Балалардың алдына міндеттердің нақты қойылуы, жалпы және жеке тапсырмалардың олардың арасында бөлінуі, олардың өз беттерінше орындауына сенім жағдайында және орындалған тапсырманы міндетті түрде қысқаша бағалау кезінде дене шынықтыру сабақтарындағы жүйелі қарапайым еңбек әрекеті жеткілікті дәрежеде берік ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады. Жаттығу нәтижесінде балалардың бойында заттарды (жалаушаларды, құрсауларды, таяқтарды және с. с.) күтіп ұстау дағдысы қалыптасады, олардың орны және оларды сақтау әдісі (шкаф, кәрзеңке және с. с.) туралы біліктілігі, ықшам дене тәрбиесі жабдықтарын бірлесіп, жігерлі, топтасып, тез және келісімділікпен орналастыра білуі, тарсылдатпай, асықпай, уақытты үнемді жұмсай білуі нығаяды. Мұндай әрекеттер қимыл үйлесімін, олардың ептілігін, кеңістікте, уақыт бойынша бағдар белгілеуін, дербестігін, жинақылығын, әрекет келісімділігін жетілдіруге, сондай-ақ ұжымдық сезім мен тапсырылған іске жауапкершілікті дамытуға көмектеседі. Жасы жөнінен аралас топтағы дене шынықтыру сабағы дене жаттығуларын ерекше мұқият іріктеп алуды талап етеді, олар бір топқа біріктірілген барлық балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай келуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет