Байланысты: Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
4-7 жас аралығындағы бүлдіршіндердің денесін шынықтыру 1. Күндізгі және түнгі ұйқыдан кейін балдырғандардың киімдерін ауыстырғанда ертеңгілік гимнастика жаттығуларын орындау. Балалар жуынғаннан кейін күн сәулесін қабылдайды. Гимнастика жаттығуларымен айналысуға 6-7 минут уақыт беріледі. Олардың өтінішіне орай ауа ваннасының көлемін 10-15 минутқа дейін созуға болады.
2. Балдырғандар ұйықтайтын бөлмелердің терезелерін ашып, салқын ауамен шынықтыру. Таза ауамен шынықтыруға бағытталған шараларды төбесі жабулы, басқа да ашық жерлерде ұйымдастыруға болады.
3. Ауа температурасы 15 градус салқындықтан 30 градус жылылық аралығындағы балалардың күндізгі серуендерін 2 рет ұйымдастыруға болады.
4. Балдырғандарды жылылығы 14-16 градус сумен шомылдыру. Мойнынан, кеудесінен және қолдардың шынтақтарынан бастап жуындыру.
5. Судың алғашқы температурасы 34 градустан оны біртіндеп +24 градусқа дейін төмеңдетіп, бүлдіршіндердің денесін сумен шынықтыру.
6. Күндізгі ұйықтар мезгілі алдында судың бастапқы температурасын +28 градустан +16 градусқа дейін біртіндеп төмендетіп аяқтарына су құю.
7. Судың температурасы +35 градус шамасында болғанда ванна қабылдау. Түнгі ұйқының алдында аптасына 2 рет денесіне су құю, судың жылылығы 33 градустан кем болмауы керек.