Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы



бет20/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Бар елде ана алана, БА дарламасы емдік дене шыны тыру ж не массаж
Бақылау. Бақылау баланың мінез-құлқын әртүрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді. Бақылау арқылы өте құнды материалдар алынады.
Байқағыштық - педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші. Л.Н.Толстой "Педагог баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген. Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты. Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау. Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады. Бақылау - еңбек операциясының, іс-әрекеттің құрамдас бөлігі. Алынған мәліметтер бірден өңделеді. Бақылаудың негізгі қызметі - зерттелетін процесс туралы материалдарды талдау, оларға баға беру. Ол танымның бас кезінде жүргізіледі. "Нақты пайымдау" ой елегінен өткізумен байланысты, аталған әдіс арқылы күрделі педагогикалық құбылыс, процестердің байланысы ашылып, ғылымда белгілі құбылыстарға түзетулер енгізіледі. Бақылау тиімді болу үшін басқа әдістермен байланыста қолдану керек. Мысалы, эксперимент барысын және нәтижесін бақылаусыз анықтау мүмкін емес. Зерттеушінің зерттеу объектісімен байланысына қарай тікелей, жанама, ашық, жабық бақылаулар болады. Бақылаудың бағдарламасы жасалып, болған фактілерді тіркеу әдістері белгіленеді. Тікелей бақылауды жанама бақылау толықтырады. Жанама бақылау зерттеушінің тапсырмасымен жүргізіледі. Мысалы, мектепке дейінгі балалар ойындарын жоғары сынып оқушыларына бақылаттыруға болады. Ол үшін зерттеуші нақты нұсқаулар береді, бақылаудың табыстылығы, зерттеушінің дайындығына байланысты. Зерттелетін құбылыстардың жасырын жерлеріне енуге мүмкіндік беретін өзін-өзі бақылау. Мысалы: бақыланушы зерттеушінің сұрауымен өздік жұмысты орындауға кеткен уақытты, үй тапсырмасын қалай орындап жүргендерін жазады. Бақылау нәтижелерінің дұрыстығы педагогикалық процестің табиғилығына байланысты. Адамның жеке өзі қалғандағы және біреу қарап тұрғандағы мінезі түрліше болады. Бұлтартпас дәлелдер алу үшін ашық бақылау жеткіліксіз. Сондықтан жабық бақылау педагогикалық процестің нақты көрінісін береді. Ашық және жасырын бақылау көмегімен алынған мәліметтер оқиғаның толық суретін береді. Үздіксіз бақылау педагогикалық процесті басынан аяғына дейін толық жүргізу. Мысалы: сабақ, тәрбиелік іс-шара, т.б. объектілер үзіліссіз қаралады. Монографиялық бақылау арқылы алуан түрлі педагогикалық құбылыстар бақыланады. Мысалы: биыл қабылданған балаларды зерттеу. Бақылау фактілері кезінде белгіленіп отырылмаса, жақсы жүргізілген бақылаудың өзі де құндылығын жоғалтады. Бақылауды күнделік дәптер түрінде жүргізген ыңғайлы. Ең әуелі қысқаша мәлімет беру керек. Содан кейін бақылау жөнінде жазулар болады. Жазулар хронологиялық тәртіппен жүргізеді. Сабақ кезінде, үзіліс уақытында, сабақтан тыс кезінде барлығын түгел жазып отыруға педагогтың уақыты жоқ. Дегенмен, қысқаша жазып отыру керек болады. Балалардың айтқан сөздерін, олардың сөздерінің өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып, сөзбе-сөз жазған немесе арнайы жазу құралы арқылы жазып алған жөн.
Әңгіме әдісі. Бақылау мәліметтері әңгіме әдісі арқылы түскен деректермен толықтырылады. Оның арнайы жоспары болады. Әңгімелесу кезінде жеке адамдардың дербес ерекшеліктерін ескеру керек. Себебі, кейбір зерттелуші сұраққа жауап бермей, өзінше сақтанып ар жағындағы ойын айтпайды. Сондықтан әңгімелесуге алдын ала дайындалу керек. Жауаптар дәптерге жазылады. Кейде білдірмей магнитафонға жазуға болады. Әңгіме бақылау және экспериментпен ұштасса, нәтижелі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет