1. БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Білім алушының өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға
қойылатын талаптар
Білім алушылардың өзіндік жұмыстары оқу жұмысының бір бөлігі ретінде, таңдалған мамандық бойынша тағайындалған біліктілікке ие болу үшін қажетті іс тәжірибелік дағдыны меңгеруге мүмкіндік береді.
БӨЖ-ді орындау барысында студент оқу процесінің белсенді мүшесі ретінде оқытудың максималды жекеленуіне қол жеткізеді.
БӨЖ-де мына мәселелер қамтылады:
- ғылыми және техникалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдысын меңгеріп, ақпаратты өз бетінше сараптап, ғылыми-ізденімпаздық, творчестволық қабілетін дамытады;
- еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп, жұмыс уақытын жоспарлы ұйымдастыруға дағдыландырады;
- үй тапсырмасын, курстық және дипломдық жұмыстарын орындау кезінде практикалық сабақтарға, коллоквиум және семинарға дайындалуда оқу материалын тереңдетіп, бекітеді.
Кредиттік жүйе студенттердің өзіндік жұмыстарының (БӨЖ) ұйымдастырылуы мен бақылаудың сапалы болуын талап етеді. БӨЖ – бұл аудиторияда және аудиториядан тыс орындалатын ағымдағы тапсырмалар, жағдайларды талдау, жеке және топтық жобаларды даярлау. Бұл жұмыстың бір бөлігі аудиторияда оқытушының басқаруымен орындалады (ОЖБӨЖ).
Студенттің өзіндік жұмысын міндетті түрде жоспарлап, бақылап, нақтылы өз уақытында бағалап және басқарып отыру қажет.
Біздің ойымызша, БӨЖ екі бағытта жүргізуге болады: аккордты және жүйелік. Бірінші түріне мақалалар аудару, ғылыми жұмыстар орындау, көлемді әдеби шығармалар оқу түрі жатады. Аккорды еңбек оқуға бөлінген уақыттың көп бөлігін жұмысауды қажет етеді.
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру дәрежесінің 4 түрлі типі бар:
Орындаушылық дәреже: оқулықпен, конспектімен жұмыс, үлгі бойынша тапсырма орындау.
Репродиктивті дәреже: типтік есептерді (мәселелерді) шешу, қорытынды мәліметтер объектінің талдау (анализ) жасауын керек еткен тұста тиімді (рациональный) шешім таңдауы негізделіп беріледі.
Біршама ізденгіштік дәреже немесе ойлау дәрежесі: бейтаныс жағдайы бар типтік емес есептерді (мәселелерді) шешу және бұрын игерген білімді пайдалану (мысалы: курстық және дипломдық жобалау).
Зерттеушілік дәреже: қарастырылатын нысандардың (объектілердің) негізіне терең үңілу, жаңа ақпарат алу үшін қажетті жаңа байланыстар мен қарым – қатынасты қалыптастыру (мысалы, іздену сипатындағы диплом жобалау, студенттің оқу-зерттеу жұмысы, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы).
Студенттердің интелектуалды қабілеттері мен дайындықтарының дәрежесі әр түрлі болғандықтан, әрбір студентке өзіндік жұмыстың жекелеген түрлерін дербес таңдаған тиімді, мұнда «кіріспе көрсеткіш пен оқу процесіндегі пәндер бойынша студент білімін бағалаудағы нәтижелерге сүйенген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |