Мақсаты: қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Міндеттері: адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қатынасты; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуды; мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруды қамтамасыз ету
1.апта. Аялайық гүлдерді
Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Бәйшешек».
Гүлдермен таныстыру, олардың бөліктерін атай білуге, қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға үйрету.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Жақсы мен жаман» әңгіме.
Б.Әділов.хрестоматия.
Тақырыпқа сәйкес шығарма оқып беріп, оның кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға үйрету