Сәуір. Тақырыбы: «Біз еңбекқор баламыз»
|
Аялайық гүлдерді (І апта)
01.04.-05.04.2019 ж
|
Дене шынықтыру
1. Топпен бірқалыпты жүру және жүгіру. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары және төмен кезектестірілген адыммен өрмелеу. Отыру қалпында допты бастан асыра алысқа лақтыру.
Қим.ойын « Қызғалдақтар»
2. Еденге салынған тақтай бойымен тапсырманы орындай жүру — тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүру. Отыру қалпында допты бастан асыра алысқа лақтыру. Көлбеу тақтай бойымен жоғары қарай еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру.
Қим.ойын « Көбелекті қуып жет»
3. Қолдарын беліне ұстап бірқалыпты жүру, жүгіру. Көлбеу тақтай бойымен жоғары қарай еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру. Бір шеңберден екінші шеңберге екі аяғымен бірмезгілде екпінмен итеріліп біртіндеп секіру және ақырындап бүгілген аяқпен жерге түсу.
Дид.ойын « Гүлдер өсті»
|
|