Мектепке дейінгі ұйымдарда тіл дамыту жұмысының мақсаты мен міндеті


К.Д. Ушинский, Е.Н. Тихеева, А.М.Бородич және т.б. мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесіне байланысты еңбектері



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі18,17 Kb.
#80945
1   2   3   4
Байланысты:
произн

К.Д. Ушинский, Е.Н. Тихеева, А.М.Бородич және т.б. мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесіне байланысты еңбектері.
ХХІ ғасырдың ІІ жартысында прогрессивтік бағыттағы педагогтің бірі- К.Д.Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның философиялық көзқарасы материалистік бағытта еді. Ушинский баланың тіл қалыптасуындағы ана тілінің рөлін ерекше атап өтті. Оның тілін дамыту мен ойлау бір-бірімен тығыз байланыста болады деген пікірі күні бүгінге дейін құнын жойған жоқ. Сонымен қатар оқыту мен тәрбиелеуде халық ауыз әдебиетінің басты роль атқаратындығын айта келіп, баланың жас ерекшелігіне қарай таңдап алынған ертегі, жұмбақ, мақал- мәтел, жаңылтпаштар балаларға адамгершілік тәрбиесін беруде қайнар көзі болып табылады деп дәлелдеді. Сонымен қатар Ушинский балаларға шет тілін үйретуді өте жас кезінен бастауға болмайтындығын айта келіп бала алдымен өзінің ана тілін жақсы меңгергеннен кейін басқа тілді үйренуге бейімделеді. Ушинский өзінің көзқарасын «Балалар әлемі және хрестоматиясы» (1861), «Ана тілі» (1864) деген еңбектері арқылы халыққа шығарды. Ушинский бұл еңбектеріндегі құнды пікірлерінің бірі мектепке баратын балаларды дайындап оқытудың қажеттігі туралы еді. Ушинскийдің идеясын оның ізбасарлары одан әрі жалғастырды. Оның шәкірттерінің бірі – А.С. Семенович. Ол Петербургте. Тбилисиде балабақшада тіл дамыту жұмысы бойынша тәжірибелер жүргізді. Оның әдістемелік теориясының негізінде «Отантану» деген еңбегі және жекелеген пәндік сабақтар өткізу керектігі жөнінде сабақтардың балаларды қызықтыратын ойын түрлері арқылы өткізу керектігін айтты. 
Е.К.Водовозова – шәкірті. 1871 жылы оның педагогикалық тәжірибесінің негізінде "Бір жастан сегіз жасқа дейінгілердің ақыл-ойының дамуы " деген еңбегін жазды. Ол да Ушинский сияқты отбасында және балабақшада балаларды тәрбиелеудің басты құралы халық ауыз әдебиеті деп түсінді және мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған орта, табиғатпен таныстырудың маңыздылығын дәлелдеді. Сондай –ақ жас бүлдіршіндердің байқағыштығын дамыту үшін балаға ойыншықтарды көзбен көріп, қолмен ұстауға мүмкіндік беру керектігін айтты. Бұларды кейін тіл дамыту әдістемесі бойынша пікір айтқандардың бірі – И.Е.Тихеева. Ол да Ушинский секілді ана тілін игерудің балабақшадағы және мектептегі оқыту мен тәрбиелеудің негізі деп қарады. Тихеева Россиядағы, Италиядағы балабақшалардың тәрбие, тәжірибелерімен танысып, кейін өзі де балабақшада меңгеруші болып қызмет істеді. Осы тәжірибесінің негізінде бақшада сабақ жүргізу үшін сабақ жоспары мен программасы болу керектігін айтты. Ол еңбектерінде ұсақ буржуазиялық еркін тәрбие теориясына қарсы шықты. Алайда, Тихееваның ревалюцияға дейінгі көзқарасында теріс пікірлер болды. Ол діни тәрбиені насихаттап, қоғамды таптардан жоғары ұйым деп қарады. Ревалюциядан кейін Тихеева өзінің теріс көзқарастарынан айырылды. Өзі басшылық еткен балабақша мен Ленинград пединститутында тіл дамыту әдістемесінің оқыту тәжірибесін жинақтап "Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту " деген еңбегін жазды. Бұл еңбегінде мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету мәселелеріне көбірек көңіл бөлді. Оның осы еңбегіндегі практикалық нұсқаулар әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет