Мектепке дейінгі мекеме әдіскерінің моделі
Кәсіби шеберлігі
|
Ғылыми-педагогикалық ойлауда жаңаша стиль қалыптасқан, шығармашылық шешімдер қабылдай алатын;
Адамдардың психологиясын зерттей алатын;
Өз жұмысына нақты талдау жасайтын;
Қатал талап ете алатын және демократиялық тұрғыда басқара алатын.
|
Жеке қасиеттері
|
Рухани мәдениетті, сендіре білетін, адамдарды белсенділікке тәрбиелеуші;
Шынайы зиялы;
Сыншыл және өзіне сыни қарайтын;
Педагогикалық сезімтал, жаңашыл еңбек сүйгіш;
Лидерлік қабілеті бар, әдістемелік жұмысқа шығармашылық пен жетекшілік ететін жеке тұлға.
|
Нәтижелілігі
|
Мемлекеттік стандарт талаптарына сай жоспарланған нәтижеге жету;
Педагог мамандар тұрақтылығы мен шығармашылық жетістіктер;
Ұжымдағы адамгершілікті- психологиялық ахуал;
Қабылданған шешімді уақытында орындау.
|
Кәсіби біліктілігі
|
Еліміздің білім беру сясатының стратегияларына түсінген;
Басқару жұмысы туралы теориялық және әдістемелік білімі бар;
Оқу-тәрбие жұмысының құрылымына талдау жасай білетін, нәтижелі болжай алатын;
Қазіргі технологиялардың деңгейінде кәсіби ойлауға қабілетті.
|
Мектепке дейінгі мекеме әдіскері принциптері
1. педагогикалық ұжым алдындағы міндеттердің айқын болуы, нақты мәселелерге арналып құрылуы;
2.жоспарланған жұмыстың алдыңғы және соңғы жоспарланатын шаралармен өзара байланысы;
3.жоспарланған жұмыс мазмұнының жүйелілігі, оның орындалу міндеттілігі;
4.берілетін тапсырмаларды жоспарлауда педагогтардың білім дәрежесін, кәсіптік дайындығын, мүмкіншілігін ескеру.
Әдіскер мектепке дейінгі мекеменің ұйымдастырушысы және басшысына сипаттама беріңіз.
Мектепке дейінгі әдіскер қазіргі заман балабақшасының негізгі қызметтерін атқаратын аға тәрбиеші, былайша айтқанда тәрбиешілердің үйретушісі .
Балабақшаның педагогикалық ұжымымен дұрыс ұйымдастырылғанын қадағалау ,балабақша педагогтарымен, ұжымымен, бастауыш сынып мұғалімдерімен, әртүрлі әкімшілік функцияларды атқаратын басқа да мамандармен ынтымақтастықты ойластыру Әдіскердің мойнында.
Меңгеруші бағдарламалық-әдістемелік, нұсқауламалық, нормативтік құжаттарды білуі және оларды өз жұмысында басшылыққа алуы тиіс
Сол үшін олар жауапкершілікті сезіне білетін, құжаттарды жітік меңгерген, өз ісінің маманы болуы керек.
Балабақшадағы әдіскердің жұмысын ұйымдастыру туралы баяндаңыз.
меңгерушімен бірге бала бақша ұжымын басқарады, кадрларды іріктеуге, педагогикалық жоспарларды әзірлеуге және енгізуге қатысады.
Топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жасақтайды.
Бас МДҰ-лармен, мектептермен, балалар орталықтарымен, мұражайлармен және т. б. қызметтесуді ұйымдастырады.
3. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының әдіскер лауазымдық міндеттерін көрсетіңіз.
Педагогикалық ұжымда ауқымды әдістемелік жұмыс жүргізеді.
Әдістемелік басшылық түрлі нысандарда жүзеге асырылады: педагогикалық және әдістемелік кеңестер, сабақтарды, серуендерді, ойындарды ашық қараулар, әдістемелік кабинет жұмысын ұйымдастыру, жас топтарына мақсатты түрде бару, олардың жұмысын бетпе-бет және тақырыптық тексерулер, тәрбие жұмысының жоспарларын қарап шығу және талдау, жекелей және ұжымдық консультациялар.
Ата-аналармен жұмысқа қатысады: отбасылық тәрбиеге арналған стендтер, жылжымалы папкалар дайындайды, балалардың үйдегі бос уақыты жөніндегі ата-аналардың сұрақтарына жауап береді, балаға арналған кітаптар мен ойыншақтар жөнінде кеңес береді, балабақшадағы оқу жоспарлары мен бағдарламалары туралы айтады және т. б.
Оқу жылына жұмысты жоспарлауға кірісе отырып, әдіскер өткен жылғы жұмыс жағдайын талдайды және бағалайды, педагогикалық кадрлардың жағдайларын, құрамын және олардың іскерлік қасиетттерін есепке алады.
Осыған орай, шешу бойынша бүкіл ұжым жұмыс істейтін негізгі міндеттер белгіленеді
Жылдық жұмыс жоспарының бөлімдері:
өткен оқу жылындағы жұмысты талдау;
әдістемелік тақырып;
жылдық міндеттер;
педагогикалық кеңестердің, әдістемелік семинарлардың тақырыптары;
«Тілдер туралы» ҚР Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар;
балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі іс-шаралар;
ашық қарап шығулар;
ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс;
педагогикалық ұжымға арналған консультациялар;
ат-аналармен жұмыс;
әкімшілік-шаруашылық жұмыс;
психолог жұмысы;
педагогикалық кадрларды стандарттау,
сертификаттау,
аттестаттау;
басшылық және бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |