Мектепке дейінгі мекемелерде білім салалары бойынша оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемелік құрал



бет2/79
Дата03.09.2023
өлшемі0,5 Mb.
#180086
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Байланысты:
Балабақша тәрбиешілеріне әдістемедлік нұсқаулық

Әл-Фараби
КІРІСПЕ

Мектепке дейінгі балалық шақ — баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру. 


Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады. Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Бұл әдістемелік құрал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартына негізделген.


Әр жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет