) 7 жастан асқан балалар мен ересектер мынадай схема бойынша егіледі: құрамындағы дифтерия анатоксині азайтылған АбКДС 1 ай аралықпен 2 егу және үшінші егу 6-12 айдан кейін
2) 7 жастан асқан балалар мен ересектер мынадай схема бойынша егіледі: құрамындағы дифтерия анатоксині азайтылған АбКДС 1 ай аралықпен 2 егу және үшінші егу 6-12 айдан кейін.
Пневмококк инфекциясына қарсы иммундау мерзімдері бұзылған балалар мынадай жолмен:
Пневмококк инфекциясына қарсы иммундау мерзімдері бұзылған балалар мынадай жолмен:
1) өмірінің 12 айына дейінгі балалар 2 ай аралықпен 2 дозаны және 12-15 айлығында үшінші дозасын алады, бірақ екінші дозадан кейін 4 айдан бұрын емес;
2) өмірінің бірінші жылында бір реттік вакцинация алған 12-23 ай жасындағы балалар арасы кемінде 2 ай аралықпен 2 доза алады; бұрын вакцинацияланбаған 12-23 ай жасындағы балалар арасы кемінде 2 ай аралықпен екі рет егіледі;
3) бұрын вакцинацияланбаған 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар бір рет егіледі.
Вакциналардың барлық түрлеріне жалпы тұрақты қарсы көрсетілімдер:
1) осы вакцинаны бұрын салғаннан кейін 48 сағат ішінде пайда болатын қатты реакция (дене қызуының Цельсий бойынша 40 градусқа дейін және оданда жоғары көтерілуі, әдеттегіден өзгеше, ұзақ, үш және одан да көп сағат қатты жылау синдромы, фебрильді немесе афебрильді тырысулар, гипотоникаялық-гипореактивті синдром);
2) осы вакцинаны бұрын салғанда болатын асқынулар – тез болатын аллергиялық реакциялар, оның ішінде егуден кейін 24 сағат ішінде пайда болатын анафилактикалық шок, вакцина салғаннан кейін жеті күн ішінде пайда болатын және бұл белгілерді түсіндірудің басқа себептері жоқ энцефалит немесе энцефалопатия (естің деңгейінің өзгеруімен, құрысу байқалатын).
Тірі вакциналарды пайдалануға тұрақты қарсы көрсетілімдер:
1) АИТВ инфекциясын қоса алғандағы тұрақты иммун тапшылығы жағдайы;
2) қатерлі қан ауруларын қоса алғандағы қатерлі ісік;
3) жүктілік.
Жалпы вакциналардың барлық түрлеріне уақытша қарсы көрсетілімдер:
Жалпы вакциналардың барлық түрлеріне уақытша қарсы көрсетілімдер:
1) орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары (менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) – вакцинациялау сауыққан күннен бір жылға дейінгі мерзімге қалдырылады;