3) неонаталдық кезеңдегі патологиялық жағдайларды (туа біткен ақауларды, жатырішілік дамудың кідірісін, нәрестелер гипогликемиясын, гипербилирубинемияны, неонаталдық сепсисті, орталық жүйке жүйесінің зақымдануын, респираторлық дистресс-синдромдын, пневмотораксті, некроздық энтероколитті) анықтау және емдеуді;
4) өмірлік маңызы бар функцияларды (тыныс алу, жүрек-қан тамырлары, метаболизмдік бұзылыстарды) түзетуді қамтитын қарқынды ем жүргізуді, инвазивті немесе инвазивті емес респираторлық терапияны, инфузиялық терапия және парентеральдық қоректендіруді;
5) жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) көрсету қажет болған кезде анасымен бірге ЖТМК ұсынатын ұйымға тасымалдауға дайындық дәрежесін айқындауды қамтиды.
Үшінші деңгейдегі МҰ-да нәрестелерге медициналық көмек көрсету:
Үшінші деңгейдегі МҰ-да нәрестелерге медициналық көмек көрсету:
1) нәрестелердің алғашқы реанимациясын және нәрестелер күтімін;
2) қарқынды және демеуші терапия жүргізуді: респираторлық терапия, орталық тамырлар мен шеткергі тамырларды катетерлеуді, терапиялық гипотермияны, парентералдық тамақтануды, шала туған балаларды күтуді;
3) туа біткен ақауды диагностикалау және емдеуді, жатырішілік ұрық дамуының кідірісін (гестация мерзіміндегі салмақтың аздығы), нәрестелар гипогликемиясын, неонаталдық сепсисті, нәрестелердің ұзақ сақталушы өкпе гипертензиясын, орталық нерв жүйесінің перинаталдық зақымдануын және басқа неонаталдық кезеңдегі патологиялық жағдайларды;
7) нәрестелердегі патологияларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгеруді және клиникалық тәжірибеге енгізуді, дәлелді медицина қағидаттарының негізінде асқынулардың профилактикасын;
7) нәрестелердегі патологияларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін меңгеруді және клиникалық тәжірибеге енгізуді, дәлелді медицина қағидаттарының негізінде асқынулардың профилактикасын;
8) бөлімшелерде емдік-диагностикалық жұмыстың сапасын көтеруге бағытталған іс-шараларды әзірлеп, енгізуді, ауруханалық өлімді азайтуды қамтиды.