«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына арналған



бет8/8
Дата31.12.2019
өлшемі228,32 Kb.
#53910
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс бойынша сұрақтар:

1.Қзіргі балалар поэзиясы.

2.Қазақ әдебиеті стилі, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер.

3. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті.

4. М.Әлімбаев шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі.

5. Балаларға раналған өлеңдерінің тақырыптық молдығы, мазмұн байлығы.

6. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері.


15 дәріс.

Тақырыбы: М.Әлімбаев және балалар әдебиеті
Қазақ балалар әдебиетінің, оның ішінде балалар поэзиясының түп- төркіні, бастауы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі бесік жыры, мал баласын сүю, санамақ, жаңылтпаш, өтірік өлең т.б. жатқандығы сөзсіз. Қазақ поэзиясының тарихын бағдарласақ, мүнда балаларға арнап өлең жазбаған қаламгер кемде – кем. Мұны өзі қазақ қаламгерлерінің жас ұрпаұ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін көрсетеді. Қазақ балалар поэзиясының шын мәнінде өркендеуі ғасыр, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті кезіңі болғандығы белгілі. Аталмыш дәуірінде Б. Майлин, І. Жансүгіров, А. Тоқмағамбетов, М. Жаманбалинов, Ж. Кәрібозин, т.б. қазақ балалар поэзиясына айтарлықтай үлес қосты.

Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, аудармашы, әдебиетші, балалар ақыны, Абай атындағы мемлекеттің сыйлықтың иегері, Қазақстан халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың балалар поэзиясында орны ерекше. Ол кісі 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды селосында дүниеге келеді. Ұлы Отан Соғысына қатысқан. Армиядан оралған соң, С.М.Киров атындағы Қазақ университетін бітіреді. «Пионер» журналының бөлім бастығы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарып, КПСС мүшесі болған. Оның «Менің ойыншақтарым» (1953), «Орақ - олақ» 1962, «Шынықсаң шымыр боласың» (1969), «Балдаурен, шіркін, балалық» (1973), «Ақсерек те көксерек» (1977) , «Аспандағы әпке» (1982) , «Екі тақтай бір көпір» (1992) «Қоянның құлағы неге ұзын?» (1996), сияқты т.б. жинақтары кішкентай оқырмандардың сүйікті кітаптарына , ұстаздардың, тәрбиешілердің балалар тәрбиесінде, олардың ой- өрісін дамытудағы көмекшісіне айналды. 1984 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін М. Әлімбаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иегері атанды.

М. Әлімбаев жинақтарының оқырмандарын тез тауып, сүіктісіне айналуында, сөз жоқ, дарын мен ізденімпаздықтың нәтижесі, балалар психологиясымен жете таныс болуы жатыр. Бұл жөнінде автордың өзі : «Ақындықтың негізгі сыры, басты құпиясы, біздіңше, қиял ұшқырлығында, талант құдіреттілігінде... шын ақын өрнектеп ойлайды, өлеңмен толғайды. Шын ақынға қара сөзден гөрі өлең жақын»(1), -деп шынайы дарын иесінің ішкі жан дүниесін сипаттайды. Өзінің шығармашылық жолында М. Әлімбаев әрқашан «өрнектеп ойлап, өлеңмен толғайды». Ақын шығармашылығы жөнінде ақын- жазушыларымыз, әдебиетші ғалымдарымыз көптеген құнды пікірлер айтқан.

Белгілі әдебиетші – ғалым, сыншы, профессор Н.Ғабдуллин : «...М. Әлімбаев – қазақ балалар поэзиясының өркендеп дамуына үлкен еңбек сіңіріп келе жатыр. Ақынның балалар поэзиясының мазмұны мен түрін байытуға қосқан көп сапалық жаңалықтары, көркемдік үлгілері бар» (2), - деп ақынның балаларға арналған шығармаларын жоғары бағалаған.

Әрине, балалар ақыны болуы үшін, жоғарыда айтып өткеніміздей, бүлдіршіннің жан - дүниесін білуі қажет. Біліп, ұғып қана қоймай, ол білгенін өлеңмен өрнектей білу керектігі осы сәтте туындайды. Ақын өз ізденімпаздылығы мен еңбекқорлығын осы арада да танытады. М. Әлімбаевтың кішкентай оқырмандары оның кейіпкерлерінен өздерін таниды, себебі ақын кейіпкері «жанды», әр қырынан көрінеді. Ал, М. Әлімбаев өз кейіпкерлеріне «түсіністікпен қарап , олармен бірге қуанып, ренжиді де» (3) Кейде өзінің кішкене кейіпкерлерінің балалық қылықтарына суйсінеді, зілсіз мысқылмен қағытып қояды, әзілдеп қояды, енді бірде пәк бала көңілін жағымсыз мінездермен сақтандырады, адамдық қасиеттерге шақырады. Алайда ақын бүлдіршіндерді жақсы қасиеттерге шақырса да, жағымсыз қылықтан сақтандырса да, ол мақсаттарын құрғақ уағыз негізінде емес, жанды бейнелер арқылы танытады, оқырмандарына ой салады, қорытынды жасатады, ойландырады.

Автордың балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанмен, белгілі сюжетке тартымды ойға, терең пікірге құрылған. Ақын балалардың қызығып та қуанып оқуын көбірек ойланады. Сондықтан да Мұзафар өмірдің кішкене көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтуды өзіне зор мақсаи етіп қояды.

Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі. Оны үлкен кісілер де сүйсініп оқып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын «Кім ұтылды, кім ұтты...» өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланың қарны ашып, қолдарында қалған екі алманы бөлісе алмай жатқандарын сөз еткен, Екі алманы үшке бөлісе алмай таласып, керілдесіп жатқан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді:

Қиын емес бұл мүлдем, Сен бер маған жартысын

Теп- тең етіп бөлейік. Екеуі оған көніпті,

Екеуін ал бір- бірден . Жарты-жарты бөлікті

Мен- ақ соған көнейін, Басу айтқан балаға

Не керек сол айтысып. Өз қолынан беріпті.

Сен бер маған жартысын Кім ұтылды, кім ұтты?

Не керек сол тартысып Кім ұқпады,кім ұқты?


Ақын өлеңін сұрақпен аяқтап, оқиға шешімін балалардың өз талқысына салады, сөйтіп олардың ойын дамытуға, өздерінше пікір таласын тудыруға сілтейді. Ақын өлеңі тартымды ойға құралатын осыдан ап - айқын көрінеді.

«Әріптер сыры» өлеңінін мамандық таңдауға жол ашатын сыр сипаты бар.

«А» - Алтай бала дәрігер,

Аурудан сақтар ол мені,

« Ә» - Әнуар өнер біледі.

Әдемі етік тігеді

«Б» - Бауыржан сақшы- жауынгер

Батыр деп сүйген қауым ел

«В»- Володя мастер мен дейді

Вагондарды жөндейді.

«Г» - Гүлжамиля бақшашы,

Гүлге толған бақшасы.

«Ғ» - Ғажап бояу жағады.

Ғали сурет салады.

Мұндағы әр әріптің түрлі мамандықты таңдайтындай мазмұнға құрылған, және 1сынып оқушыларының жаттау айтуына ыңғайлы. 36 әріпті тугел танып шыққан 1- сынып оқушылары ата –аналар жиналысы кезінде мектеп сахнасына шығып, бірі «а»,екіншісі «б» үшіншісі «ә» болып рольдесіп, жатқа айтып шықса, жарты жылдық оқудың білім қорытындысы болып, ата - ананы зор қуанышқа бөлер еді. Педагогтардың ақын- жазушыларға қояр- тілек, талаптары шығармаларының тәрбиелік мәні басым болумен қатар, білімділік мазмұнға құрылуын тілейді. Оқушылардың сөздік қорын байытатын талғам, ойлы, парасатты көркем сөздер болуын талап етеді. Өлеңдерді тез жаттап айтуына икемді боп тұруын жақтайды

Сөзіміз жалаң болмас үшін ақынның еңбекке шақырған бір – екі өлеңін мысалға келтіріп өтейік:

Ара тыңбайды

Ұшып зырлайды,

Шарлап қырларды,

Шырын жинайды.

Гүлдер өсірсең,

Балың сыйлайды.

«Сыйға - сый» өлеңінде М. Әлімбаев аранын күнделікті зырлап ұшып, тыным таппай , еңбектенген тірлігімен бүлдіршіндерді таныстыра отырып, оларды да ара құсап тынбай еңбектенуге шақырады. Сөйтіп, «еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей» деген ұлы Абай афоризміне жақын ой түйеді. Бүлдіршіндерге бал жегің келсе, гүл өсіріп, айналанды көгаландыр деген ой тастайды. Балалар не нәрсені де нақты, конкретті түрде түсінеді, ақын сондықтан да оқырмандырына гүлзарларды көбейту идеясын ұсынады. Ақын ойын жинақы әрі өте ұтымды берген, өз орнын таппаған басы артық сөз жоқ.

Оқырманның көз алдына төңіректі шарлап, гүлден – гүлге қонып, шырын жинаған еңбекқор жәндік, жайқалған көк майса елестейді. Бейне бір сол араның ызыңын естігендей боласың. Н. Севостьянова өз мақаласында : «Егер сіздер М. Әлімбаев өлеңдерін мұқият оқысаңыздар, онда , әрине, олардың балалар салған суреттерге ұқсайтындығын, солар сияқты көркем, бейнелі түрлі- түсті екндігін көресіздер», - дейді (5).

Жоғарыда келтірілген өлеңдерінде мүмкіндігінше ашық дауыстыларды қолданады. Мұның себебін ақын: «..олақ ақындар бұл талаппен санаса бермейді, дауыссыз дыбыстарды қаптатып, өлеңді оқыған кіп- кішкентай баланы былдырлатып, тұтқыртып әуреге салады»(1), - дейді. Жоғарыдағы өлең балалар өлеңіне қойылатын осы талаппен де ұштасып жатыр. Демек өлең сөздерінің дыбыстық, буындық жағынан дұрыс үйлесім табуы, оның бүлдіршіннің тіліне орамды, жүрегіне жылы тиюіне әсер етеді. 3- 4 тармақтардағы ш дыбысының сәйкесігі де өлеңге ойнақылық, көркемдік дарытып тұр.

«Сыйға сый» өлеңі небәрі алты тармақтан құралған. Әр тармақ бес буынды болып келеді. Алғашқы төрт тармақ пен соңғы тармақ өзара ұйқасады да, бесінші тармақ қалыс қалады. Мұның себебі, ақын бақылауынша, «бірыңғай үйлесімдер жас бөбекті жалықтырып жібереді, жаттауға бөгет жасайды»(1)., және айта кететін бір жайт, қалыс қалған жол белгілі бір мағыналық жүк көтереді. Демек, оқырманды еңбек етуге шақырады.

Өлең көлемінің шағындығы тағы да, балалар поэзиясының шарттарынан келіп туады. Өйткені бүлдіршіндер зейіні өте құбылмалы. Сол себепті ұзын- сонар баяндауларға қарағанда, олар ойнақы да қызғылықты, шағын да көркем өлеңдерді тыңдауды ұнатады.

Еңбек тақырыбына арналған тағы бір шағын өлеңді мысалға келтіре кетсек:

Кіп – кішкентай күрекпін,

Күнде саған керекпін.

Күре қарын ауланың,

Қопсыт түбін теректің..

Еңбек сүйгіш күрекпін,

Елгезекке керекпін (4).

«Күректің жыры» өлеңі еңбек сүйгіш күректің монологы түрінде жазылған шағын өлең. Автор күрекке жан бітіре суреттей отырып, оны үнемі тынымсыз еңбек үстінде көрсетеді.Күрекше баланы қол қусырып отырмай, ауланың қарын күреп, теректің түбін қопсытуға шақырады. Өзінің еңбек сүйгіш, елгезек балалармен ған дос екендігін айтады. Аталмыш өлеңі арқылы ақын бүлдіршіндерді шама – шарқынша еңбектенуге үндейді. Күректің кіп – кішкентай болуы оның бүлдіршіндерге арналғанын меңзейді.

Өлең небәрі алты жолдан тұрады. Әр тармақ жеті буыннан құрлған. Өлең ұйқасына келсек, ол егіз ұйқаспен жазылған. Бұл жөнінде қаламгердің өзі : «Бала өлеңінінң ұйқастары бір – біріне таяу орналасқаны құлаққа жағымды. Меніңше, кішкентайлар егіз ұйқасты өлеңді тез жаттайды» (1). Демек, қаламгер саналы түрде өз өлеңінде егіз ұйқасты қолданады.

«Балалар өлеңінің әр шумағы, тіпті егіз- қос жолына бір – бір сурет салынғандай болғаны – оның көркемдік құндылығына айғақ»(1), - деген ұстанымын ақын «Күректің жыры» өлеңінде қолданған.

Өлеңдегі дыбыстық қайталаулар - аллитерация (к, қ дыбыстарының тармақ басында, аралығында қайталанып келуі) ассонанс ( е дыбыстарының сәйкесігі) өлеңге әуенділік сыйлап тұр. Мұндай дыбыстық қайталаулар өлеңнің тез жатталуына өз септігін тигізеді.

«Еңбектен асқан есті ұстаз жоқ» деп М. Әлімбаевтың өзі айтпақшы, еңбек адамды ширатады, өмірге дағдыландырады, жалқаулық, жатыпішерлік, еріншектік тәрізді мінездегі міндерден ада етеді, адамгершілікке, адалдыққа еңбексүйгіштікке баулиды.

Қорыта келгенде, М. Әлімбаевтың еңбек тақырыбындағы өлеңдері бүлдіршіндерді игі қасиеттерге тәрбиелеудегі бірден – бір құнды құрал.
Дәріс бойынша сұрақтар:

1.Қзіргі балалар поэзиясы.

2.Қазақ әдебиеті стилі, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер.

3. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті.

4. М.Әлімбаев шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі.

5. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық молдығы, мазмұн байлығы.

6. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері.
15. Тәжірибелік сабақтар

1- семинар 1. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы. Халықтық бесік жырларының мазмұны.

3. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты.

4. Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы.

5. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер – тіл дамыту құралы



2- семинар 1.ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

2. Махамбет жырларының халықтық негізі. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар.

3. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар.

3- семинар 2. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.

2. Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі.

3. Шығармаларының тәрбиелік мәні.

4- семинар 1. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

2. Абайдың балаларға лайықты өлеңдері.

3. Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары.

5- семинар 1. ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті.

2. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

3. С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі.

6- семинар 1. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

2. “Қырық мысал”, “Маса” жинақтарының әлеуметтік санаға әсері.

3. “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” еңбектерінің қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салуға қосқан үлесі.
16.Бақылау жұмыстарының сұрақтары

1. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

2. Психология, әдістеме, эстетика саласынан жазған ғылыми еңбектерінің танымдық негізі.

3. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

4. Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

2. Қоғамдық-тарихи жағдай. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

3. Балаларға арналған туындылардың идеялық-тақырыптық негізі.

1. М.Әуезов және балалар әдебиеті.

2. Өмірі мен жазушылық қызметі.

3. “Жетім” әңгімесі мен “Көксерек” повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты.

1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті.

2. Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі.

3. Негізгі тақырып, идея бірлігі, ұлттық рух көрінісі.

1. Ғ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романының тарихи-көркемдік ерек шеліктері.

2. Ғ.Мүсіреповтің новеллаларындағы бала тағдыры үшін күрескен ана бейнесі.

3. “Қазақ солдаты” романының балалар әдебиеті тарихында алатын орны.

4. Бала психологиясы мен эстетикалық мұратын, ой-арманын бейнелеудегі жазушы шеберлігі.

1. Қазіргі балалар поэзиясы.

2. Қазақ әдебиетінің стиль, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер.

3. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті.

1. Қ.Мырза Әли шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі.

2. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырып молдығы, мазмұн байлығы.

3. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері.

1. Қазіргі балалар прозасы.

2. Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан игеру ауқымының кеңдігі, образдар табиғатының күрделілігі, адамгершілік-моральдық мәселелердің өткірлігі

3. тақырып аясының әралуандығы.

1. Қазіргі балалар драматургиясы.

2. Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық, стиль ерекшелігі.
17. Материалды меңгергендігін бағалауға арналған сұрақтар

1-ағымдық бағалау сұрақтары (1-7 апта бойынша)

1. 1. Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.

2. Халықтық бесік жырларының мазмұны.

3. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты.

4. Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы.

5. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер – тіл дамыту құралы

6 .ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

7. Махамбет жырларының халықтық негізі. Ақын поэзиясындағы реалистік сипаттар.

8. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.

9. Ыбырайдың өмірі мен ағартушылық қызметі, шығармаларының тәрбиелік мәні.

10. Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

12. Абайдың балаларға лайықты өлеңдері.

13. Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары.

14. ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті.

15. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.



2-ағымдық бағалау сұрақтары (8-15 апта бойынша)

1. С.Көбеев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармаларындағы ел, жер тағдыры, ұлттық сана түсінігі.

2. А.Байтұрсыновтың қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

3. “Қырық мысал”, “Маса” жинақтарының әлеуметтік санаға әсері.

4. “Тіл құралы”, “Әдебиет танытқыш” еңбектерінің қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салуға қосқан үлесі.

5. Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

6. Психология, әдістеме, эстетика саласынан жазған ғылыми еңбектерінің танымдық негізі.

7. Балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

8. Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

9. Қоғамдық-тарихи жағдай. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

10. Балаларға арналған туындылардың идеялық-тақырыптық негізі.

11. М.Әуезов және балалар әдебиеті.

12. Өмірі мен жазушылық қызметі.

13. “Жетім” әңгімесі мен “Көксерек” повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты.



14. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті.

15. Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет