3-параграф. Педагогтерге оңайлатылған тәртіп бойынша біліктілік санатын беру тәртібі 72. Президенттің кадр резервіне кірген тұлғаларға, Nazarbayev University түлектеріне, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға ұсынылған шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне жұмысқа орналасу кезінде жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін бес жылдан кешіктірілмей біліктілік санатын беру рәсімінсіз Комиссия шешімімен "педагог-модератор" біліктілік санаты беріледі. Кезекті аттестаттау осы Қағидаларда белгіленген мерзімде өткізіледі. 73. "Педагог-модератор" біліктілік санаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына жұмысқа орналасу кезінде тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдарға жеке өтініші негізінде аттестаттаудан өтпей беріледі. "Педагог-сарапшы" біліктілік санаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына жұмысқа орналасу кезінде тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте жұмыс өтілі соңғы он жылдан асатын адамдарға жеке өтініші негізінде аттестаттаудан өтпей беріледі. 74. Жеке өтініш және сертификат негізінде шет (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне шет тілін меңгеру деңгейі бойынша аттестаттау рәсімінен өтпей "педагог-модератор" біліктілік санаты беріледі: ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл; тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT) – 79-84 балл; француз тілі: дельф (DELF) – В2; неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2. 75. Жеке өтініш және сертификат негізінде шет (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне шет тілін меңгеру деңгейі бойынша "педагог-сарапшы" біліктілік санаты бұдан әрі ПББ рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өткеннен кейін беріледі: ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 6,5 балл; тойфл (TOEFL) (іnternet Based Test (іBT) – 85-93 балл; француз тілі: дельф (DELF) – В2; неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – В2. 76. Жеке өтініш және сертификат негізінде шет (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне шет тілін меңгеру деңгейі бойынша "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты бұдан әрі ПББ рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өткеннен кейін беріледі: ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7 балл; тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) – 94-101 балл; тикити TKT (тичинг ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (4 балл бойынша нәтиже 3-4 балл); француз тілі: дельф (DELF) – С1; неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1. "Педагог-зерттеуші" біліктілік санаты қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өткеннен кейін біліктілік тестілеу рәсімінен өтпей-ақ беріледі. "Педагог-зерттеуші" біліктілік санаты сэлта Celta (сертифекейт ин инглиш лэнгуиж тичинг то адалтс. Кембридж (Certificate in English language teaching to Adults. Cambridge) ) пас энд эбав Pass and above сертификаты бар ағылшын тілі мұғалімдеріне жеке өтініш негізінде аттестаттау рәсімінен өтпей беріледі. 77. Жеке өтініш және сертификат негізінде шет (ағылшын, неміс, француз) тілдерінің педагогтеріне шет тілін меңгеру деңгейі бойынша "педагог-шебер" біліктілік санаты бұдан әрі ПББ рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өткеннен кейін беріледі: ағылшын тілі: айелтс (IELTS) – 7,5 балл; тойфл (TOEFL) (Интернет бейсд тест (Ай Би Ти) іnternet Based Test (іBT) – 102-109 балл; тикити TKT (тичинг ноулидж тест Teaching Knowledge Test) модулс Modules 1-3 (3 модульдің бірі) бэнд Band 3-4/4 (4 балл бойынша нәтиже 3-4 балл); француз тілі: дельф (DELF) – С1; неміс тілі: гесэ цэтификат (Goethe Zertifikat) – С1. "Педагог-шебер" біліктілік санаты жеке өтініш негізінде аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ дэлта Delta (диплом ин инглш лэнгуж тичинг ту адалтс Diploma in English Language Teaching to Adults) пас энд эбав Pass and above) сертификаты бар ағылшын тілі мұғалімдеріне беріледі. 78. Жоғарыда аталған сертификаттары жоқ шет тілдерінің педагогтері біліктілік санатын беру рәсімінен жалпы негізде өтеді. 79. Шет (қытай, түрік, араб және т. б.) тілдерінің педагогтеріне жеке өтініш және бірінші тіл ретінде сөйлейтін елдерде ресми танылған сертификат негізінде: В2 деңгейі бойынша "педагог-модератор" біліктілік санаты, С1 немесе С деңгейі бойынша "педагог-сарапшы" біліктілік санаты бұдан әрі ПББ рәсімінен өтпей-ақ қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудан өткеннен кейін беріледі. 80. Педагогикалық білімі жоқ, бірақ жеке өтініші негізінде ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша сертификаттары бар адамдарға аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ біліктілік санаты беріледі: "педагог-сарапшы": Тойфл/тойсол TEFL/TESOL (тичинг инглш ту спикерс оф азэ лэнгужес Teaching English to Speakers of Other Languages/ Тичинг инглиш әс э форинг лэнгуиж Teaching English as a Foreign Language); "педагог-зерттеуші": Селта CELTA (сертифекейт ин инглиш лэнгуиж тичинг то адалтс. Кембридж Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) пас энд эбав PASS B and above; "педагог-шебер": Делта DELTA (диплом ин инглш лэнгуж тичинг ту адалтс Diploma in English Language Teaching to Adults) пас энд эбав Pass and above. 81. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 13 маусымдағы №390 "Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтерді тиісті қолдау шараларының пакетімен тарту қағидаларын бекіту туралы (Арнаулы бағдарлама)" қаулысымен бекітілген арнайы бағдарлама бойынша жұмысқа қабылданған педагогтерге (арнайы бағдарлама) жеке өтініш негізінде аттестаттау рәсімінен өтпей-ақ біліктілік санаты беріледі: жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне – "педагог-модератор"; "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші" біліктілік санаты бар педагогтерге – бір саты жоғары. Алынған біліктілік санаты Арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істеу кезеңіне сақталады. Басқа жұмысқа ауысқан кезде алдыңғы біліктілік санаты беріледі.