Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы



бет6/44
Дата27.12.2022
өлшемі151,79 Kb.
#164661
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:


4-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
33. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
34. Мақсаты балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
35. Міндеттері:
– өнімді әрекеттерге қызығушылықтарын ояту;
– балалардың байқампаздығын дамыту;
– көрнекі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;
– қоршаған орта туралы түсініктерін және сенсорлық қабілеттерін қалыптастыру.
36. Сурет салу:
1) бейнелеу өнері, сурет салу үшін қолданылатын, құралдар мен материалдар туралы түсінік қалыптастыру;
2) бейнелеу тәсілдерін үйрету.
37. Сурет салу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін):
1) сурет салуға балалардың қызығушылығын тәрбиелеу;
2) балаларды бояулардың ашық түстерін эмоциялы қабылдауға, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға, қағаз бетін ашық түсті дақтармен, жақпалармен толтыруға бояу жағылған саусақпен қағазға сурет салуға үйрету.
38. Сурет салу (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балаларды төрт негізгі түстерді (қызыл, көк, сары, жасыл) қолдануға, қағаз бетіне бейнелерді дұрыс орналастыруға; қарындашпен, фломастермен жұмыс жасау техникасына, бояу жағылған саусақпен және алақанмен қағазға сурет салуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
қарындашпен, фломастермен сурет салуға ынта білдіреді;
бояулардың ашық түсіне эмоционалды көңіл-күй танытады;
қағаз парағын ашық түсті дақтармен, жақпалармен ырғақты түрде толтырады;
қағаз бетіне алақанымен ұқыпты баса біледі.
39. Мүсіндеу (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Сазбалшықпен, оның қасиеттерімен таныстыру. Балаларды ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатуды, алақан арасында "шарлар" жасауды, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге үйрету.
40. Мүсіндеу (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балаларға ермексазды, сазбалшықты алақан арасына ала білуді, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды, жалпақ, дөңгелек пішіндерді мүсіндей білуге, қолданылған материалдарға ұқыпты қарым-қатынас жасай білуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
сазбалшықты алақан арасында домалата алады;
жалпақ дөңгелек пішіндерді мүсіндейді;
тәрбиешінің көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыра біледі.
41. Музыка.
Музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтарын қалыптастыру.
42. Музыка (1 жастан 1 жас 6 айға дейін).
Балаларға мазмұны бойынша жақын әндерді тыңдауды, олардың көңіл- күйіне эмоционалды үн қатуды, оларды сәйкес қимылдармен алдымен ересектің көрсетуімен, кейіннен әннің сөзі бойынша орындауды үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
музыкамен жүре біледі;
ересектердің орындаған әндерін тыңдайды;
ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындауды біледі;
би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен: аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру,орнында айналуды біледі.
43. Музыка (1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін).
Балаларды әннің әуені мен сөздерін тыңдауға және оларды тануға, көңілді және қалыпты сипаттағы музыкалық шығармаға эмоционалды үн қатуға, ересектердің орындауындағы әнді тыңдауға, ойын әрекеттерін орындауға, музыка сипатының ауысуына назар аударуға үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
музыкаға сәйкес жүре біледі;
ересектердің орындаған әндерін тыңдайды және қайталайды;
ересектермен қосылып айтуды, әнді орындағанда интонацияларын қайталауды біледі;
ойын әрекеттерін музыкалық сүйемелдеумен орындауды біледі;
би әуендерінің көңілді сипатын күрделі емес қимылдармен: аяқтан аяққа ауысу, өкшелерін соғу, қолдың буынын айналдыру, орнында айналуды біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет