Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы



бет33/44
Дата27.12.2022
өлшемі151,79 Kb.
#164661
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:


13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
153. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны қоршаған ортамен танысу ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
154. Мақсаты жалпы адами нормалар мен ережелер негізінде жеке тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
155. Міндеттері:
ересектердің еңбегі, оның қоғамдық өмірдегі рөлі туралы, жалпы қабылданған нормалар мен ережелер негізінде құрдастармен және ересектермен өзара қарым-қатынастары туралы білімдерін кеңейту;
отансүйгіштік сезімдерін, еліміздің жетістігіне мақтаныш сезімін тәрбиелеу;
құрдастарымен сыпайы қарым-қатынас жасауға баулу;
туған өлкеге, өзінің еліне және оның тарихына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
14-параграф. І жартыжылдық
156. Қоршаған ортамен танысу.
Бала, оның отбасы, үйі:
1) баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету;
2) балалардың отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру.
Заттық әлем.
Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру.
Келесі білімдерді қалыптастыру:
1) таныс емес заттарды қолдану туралы;
2) қоршаған ортадағы заттардың қолданысы, құрылысы, материалы арасындағы байланысы туралы;
3) ұлттық киімді дайындау, әшекейлер туралы;
4) көлік түрлерінің қолданысы (әуе, су, жерде жүретін көліктер);
5) жүктің сипаты және қолданылуы машинаның құрылысына тәуелділігі туралы (жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы және тағы басқа);
6) мамандықтар және ересектердің еңбегі туралы;
7) телефон, компьютер, теледидардың қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру және оларды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелерімен таныстыру.
Адамдарға еңбектері үшін алғыс айтуға және еңбектің нәтижесіне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Әртүрлі мамандықтағы адамдар туралы ұғым.
Балабақша қызметкерлері мен олардың еңбек әрекеттері, адамның тұратын үйі, балабақша, мектеп, ересектердің еңбектері туралы білімдерін жетілдіру.
Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Біздің еліміздің қорғаны әскер туралы білімдерін қалыптастыру.
Қазақстан республикасының бас қаласы – Нұр-Сұлтан туралы білімдерін суреттерді, альбомдарды қолданып, қарастыру арқылы қалыптастыру.
Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу.
Мемлекеттік рәміздер туралы (Ту, Елтаңба, Әнұран) білімдерін қалыптастыру.Өз елінің рәміздеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Жолда жүру ережелері.
Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргінші өтетін жол және жерасты өту),бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
өзі туған елді мекенін, туған елін атайды;
қазақ киіз үйі оның құрылысы ішіндегі заттарды, ұлттық киімдер мен әшекейлерді атайды және ажыратады;
еңбек адамдарына және олардың еңбектерінің нәтижелеріне құрмет көрсетеді;
әскердің міндеті туралы түсініктерге ие;
мемлекеттік және ұлттық мерекелерге қатысады;
мемлекеттік әнұранды біледі және оны кеудесінің сол жағына қолын қойып айтады;
бағдаршамның белгілерін, көшеден, жолдан өткенде өзін дұрыс ұстауды біледі;
халық дәстүрлеріне негізделген адамгершілік мінез-құлық нормаларын орындайды, ересектер мен кішілерге құрмет көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет