10-параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
142. "Шығармашылық" білім беру саласының базалық мазмұны сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.
143. Мақсаты инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, шығармашылық дағдыларды, эстетикалық талғамды дамыту және қалыптастыру болып табылады.
144. Міндеттері:
балалардың сезімдік-эмоциялық қасиеттерін, бейнелеу өнері мен музыкалық білімдерін қалыптастыру;
шығармашылық ойлау мен қиялды дамыту;
қарапайым заттар, құбылыстар, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуде біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, пішінді, түсті, заттардың орналасуын беруге үйрету;
қоршаған ортадағы әсемдікті қабылдауға үйрету;
өз ойын айтуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға сураныстарын қанағаттандыру және командада жұмыс істей білуге үйрету;
өзінің жұмыстарын және басқа балалардың жұмыстарын бағалауды үйрету;
ұлттық бейнелеу өнеріне баулу арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |