Қимылды ойындар
Қимылды ойындарға баулу, балаларды қарапайым ережелерді сақтауға үйрету.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Дауысты (а, ә) және кейбір дауыссыз (п-б) дыбыстарды анық айтуға үйрету. Сөздік қор. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту.
Тілдің грамматикалық құрылымы.Сөздерді, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдануға үйрету.
Байланыстырып сөйлеу. Суреттерді, заттарды қарастыруда өз ойын айтуға үйрету.
Кітаптарға қызығушылықты ояту. Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айтуды, балалардың пікірлерін тыңдау
Тілдік дамытушы орта. Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, сұрақтарға жауап беруге, сәлемдесуде, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.
Математика негіздері
Қоршаған ортамен таныстыру
Құрастыру
Сурет салу
Мүсіндеу
Жапсыру
Музыка (аптасына 1 рет)
Сан. «Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру, заттардың санын ажыратуға үйрету: көп-біреу (біреу-көп) сұрақтарына жауап беруге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |