Ән айту.Ән айту дағдыларын дамытуға ықпал ету: ре (ми) — ля (си) диапазонында, барлығымен бір қарқында әнді таза айту, сөздерді анық айту дағдыландыру.
Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар. Музыкамен жүру мен жүгіруді ырғақты орындау, шеңбер бойымен бірінің артынан бірі жүру және шашырап жүруге үйрету.
Музыкалық аспаптарында ойнау.Балаларды музыкалық аспаптармен: сылдырмақ, маракаса сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.
Жоспардың құрылу кезеңі: Қазан айы, 2022-2023 оқу жылы
Даму дағдылары
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Дене шынықтыру (аптасына 3 рет)
Сөйлеуді дамыту
Көркем әдебиет
Қазақ тілі (аптасына 1 рет)
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
Жүру. Аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, әртүрлі бағытта жүруді қалыптастыру. Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, арқан бойымен жүруге үйрету. Жүгіру. Бірқалыпты, алаңның бір жағынан екінші жағына, шашырап жүгіруге үйрету.
Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң және сол қолмен (1,5– 2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру, допты жоғары лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу.
Еңбектеу, өрмелеу. 4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу (биіктігі 1,5 метр).
Достарыңызбен бөлісу: |