Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022- 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары.
Білім беру ұйымы «Алпамыс» б/ж
Балалардың жасы: 4 жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) Қараша 2022
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері
|
Қараша
|
Дене шынықтыру
|
Мақсаты:
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыруға қызығушылықты арттыру, денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, қимыл-қозғалыс тәжірибесін байыту, дене сапаларына және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту болып табылады.
Міндеттері: дене сапаларын: күш, жылдамдық, төзімділік, ептілік, икемділікті қалыптастыру;
|
Сөйлеуді дамыту
|
Мақсаты:
Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.
|
Көркем әдебиет
|
Мақсаты:
Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |