2018 жыл, Мамыр айыӨтпелі тақырып «Әрқашан күн сөнбесін!»Мақсаты: «Денсаулық», «Коммуникция», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларының мазмұндары бойынша меңгерген білім, білік, дағдыларын анықтау, бекіту Міндеттері:
Дене жаттығуларын орындау, қимылды ойындар Ережелерін, спорттық ойындардың техникаларын меңгеру және жеке бас гигиеналарын сақтау дағдыларын бекіту;
Ана тілі және басқа да тілдерде барлық дыбыстарды дұрыс айту, қарым-қатынасқа түсу, сөйлемдердің әр-түрлі түрлерін қолдану және сөйлеу дағдыларын бекіту;
Тәулік бөліктерін, кеңістіктегі заттардың орналасуын, түрлі мәселелерді шешудің әдістерін және құрылыс бөлшектерін анықтау дағдыларын бекіту. Қоршаған орта туралы қарапайым түсініктерін анықтау;
Шығармашылық дағдыларын, отбасылық құндылықтарын және отансүйгіштік сезімдерін бекіту
Дене шынықтыруНегізгі қимылдар:1.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Гимнастикалық қабырға бойынша оң аралықтан сол аралыққа ауысу.Қимылды ойын: «Досыңа көмектес» 2.Жоғары көтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Заттарды алысқа дәлдеп лақтыру(3,5-6,5м.кем емес). Көлденең және көлбеу орындықта төрттағандап еңбектеу.Қимылды ойын: «Достық көпірі» 3.Жоғарыкөтерілген таяқтың астынан оң және сол бүйірімен алға еңбектеп кіру. Қырлы тақтаймен тепе-теңдікті сақтап жүру. Биіктігі 5-10см 2-3 заттыңүстінен кезектесе секіру.Қимылды ойын: «Ине-жіп» Бурят ойыны
Сөйлеуді дамытуТақырыбы:«Достығымыз жарасқан»Мақсаты: Жеке тәжірибесінен суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыруды бекіту..Дид-қ ойын: «Қай ұлттың киімі?»
Көркем әдебиетТақырыбы: «Тату доспыз бәріміз» Мақсаты: Шығарма мен өлеңді ажырата білуді, көркемшығармада түрлі өмірлік жағдаяттар:мереке, өмірден алынған күлкілі және байсалды үзінділер бейнелеуі мүмкін екендігін түсіне білуін бекіту.Дид-қ ойын: «Не деу керек?»
ҚМҰҚТақырыбы:«Бір шаңырақ астында»Мақсаты: Жиынтық сапасы бойынша әртүрлі заттардан тұратындығы туралы түсініктерін жетілдіру.5-ке дейін тура және кері санауды бекіту.Дид-қ ойын: «Киімінде қандай пішін бар?»
ҚұрастыруТақырыбы: «Батпырауық»Мақсаты:Балалардың қалдық материалдардан бұйым жасау біліктерін бекіту. Бөліктерді біріктіру үшін желімді пайдалану дағдысын жетілдіру.Дид-қ ойын: «Сұрақтарға жауап бер»