ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Шымкент, 2022
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ Мектепке дейінгі дамыту орталығы ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТА бұл баланың психикалық әл- ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және осыған қажетті жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.
Дамытушы орта дегенді қалай түсінеміз Дамытушы орта балаға не береді өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді. Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған дамумеханизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады
Дамытушы орта балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек. ДАМЫТУШЫ ОРТА ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУІ ТИІС
үлгілік бағдарламаның міндеттерін іске асыруды;
инклюзивті білім беруді ұйымдастыруда — оған қажетті жағдайлар жасауды;
білім беру әрекеті жүзеге асырылатын ұлттық-мәдени, климаттық жағдайларды ескеруді;
балалардың жас ерекшеліктерін ескеруді қамтамасыз етуі тиіс
ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР:
қауіпсіз;
қолжетімді;
әртүрлі;
мол;
мазмұнды;
көп атқарымды;
өзгермелі;
тартымды;
қызығушылық аймақтарына бөлінген;
қозғалыс ойындары аймағы тыныш ойындардан алысырақ орналастырылған.
ЖАС ТОПТАРЫ БОЙЫНША ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: ЖАС ТОПТАРЫ БОЙЫНША ЗАТТЫҚ-КЕҢІСТІКТІК ДАМЫТУШЫ ОРТАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: танымдық ойыншықтар, қарапайым пазлдар, зерттеушілік қызығушылығын белсендіретін қозғалмалы ойыншықтар, қимылды ойындарға қажетті құралдар, оның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытатын ойын құралдары, жұмсақ модульдер, қауіпсіз табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар
дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған жинақтар, сурет салуға арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындармен толықтыру, қол еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар, театрландырылған ойынғаарналған жинақтар, қуыршақтар, түрлі машиналар, танымдық қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи материалдар, шағын модельдер.
дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар, сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар, боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары, ғаламшардың жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалар.
Сонымен қатар, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру барысында барлық топтарда ойыншықтар мен ойын материалдарын толықтырып отыру қажет, таңдалған тақырып бойынша баланың қызығушылығын оятып, оны тарту үшін өзгертіліп отырады.
Көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың болуы маңызды (арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және т.б.). Олар ойын барысында балалардың әртүрлі креативті идеяларын жүзеге асыруда, шығармашылық шешім қабылдауында қолданылатын болады.