PISA (Programme for International Student Assessment)
Білім алушылардың оқу жетістіктерін халықаралық бағалау бағдарламасы
PISA-2015 зерттеуінің алтыншы циклінде 15 жастағы оқушылардың негізгі бағыты ретінде екінші рет «жаратылыстану сауаттылығы» бағаланады.
PISA-2015 қорытындылары 15 жастағы білім алушылардың функционалдық құзыреттілігі деңгейінде көптеген елдердің аз да болса алға ілгерілегенін көрсетті.
Қазақстанның математикалық сауаттылық бойынша қорытынды орташа балы 460 балды (72 орын ішінде шартты 42 орын) құраған. Осы бағыт бойынша PISA-2015 аясында Сингапур (564 балл), Гонконг (548 балл) және Макао (544 балл) сияқты елдер жоғары нәтижелер көрсеткен. ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіші – 490 балл.
Сингапур, Канада, Жапония, Финляндия және Эстония сияқты елдердің құпиясы олар барлық білім алушылардың алдына жоғары деңгей қойып, оқыту сапасын арттыруға және мектептерді қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге көп көңіл бөлетіндігінде.
2018 жылы Қазақстан PISA-2018 зерттеуіне кезекті рет қатысты. Зерттеу нәтижелері өңірлер, аумақтар (қала-ауыл), оқыту тілі және отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша үлгерімнің айтарлықтай алшақтығын анықтады. Мысалы, өңірлер бойынша бөліністе PISA-ның ең төмен және ең жоғары көрсеткіштері арасындағы айырмашылық 3 оқу жылына сәйкес келді.
PISA-2018 нәтижелері:
Бағалау компоненті
|
ҚР баллы
|
Шартты орны
|
Оқу сауаттылығы
|
387
|
69 из 77
|
Математикалық сауаттылық
|
423
|
54 из 78
|
Жаратылыстану сауаттылығы
|
397
|
69 из 78
|
PISA-2018 зерттеуінің деректеріне сәйкес, білім беру сапасы бойынша қала және ауыл мектептерінің арасында айтарлықтай алшақтық бар: математика бойынша – 22 балл, жаратылыстану ғылымдары бойынша – 31 балл, оқу сауаттылығы бойынша – 37 балл.
Сілтеме: РISA-2015 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері», 2017 жыл: Ұлттық есеп/ С.Ирсалиев, А.Кұлтуманова, Е.Сабырұлы, М.Аманғазы – Астана: «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, 2017 – 241 б.
PISA 2018 Results. COMBINED EXECUTIVE SUMMARIES VOLUME I, II & III. OECD 2019
|