Мектепте биологиядан кластан тыс жұмыстар



бет30/88
Дата05.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#16718
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88
5 апта
5 Дәріс
Тақырып: Биологиядан мектеп ішілік және мектеп аралық шаралар.
1. Биологияны оқытудағы мектеп ішілік және мектеп аралық шаралардың маңызы.
2. Мектеп ішілік және мектеп аралық шараларға дайындақ және оны өткізу.
Дәріс мақсаты: Биологиядан мектеп ішілік және мектеп аралық шараларға сипаттама беру.
Шараларды өткізу әдістемесімен таныстыру.
Ұғымдар:мектеп ішілік, мектеп аралық.
Негізгі сұрақтар және қысқаша мазмұны:
Мектептегі биология пәнінің мұғалімі кл.тыс мерекелердің ұйымдастарылып өткізілуіне көп көңіл бөлу керек. Мұғалім әртүрлі биологиялық бағыттағы кештерді ұйымдасты- рады және дәстүрлі мерекелік шаралар-құстар,гүлдер,уражай,дәрілік өсімдіктер т.б.өткізілуін қадағалайды. Міне осындай кештерді өткізуде мұғалімнің алдында бұндай кл.тыс сабақтарды мазмұнды етіп қалай өткізу керек және мерекеге оқушыларды қалай тартуға болады деген сұрақтар туады. Қандай болмасын мектепішілік, мектепаралық шараларды өткізуде мұғалім алдымен тақырып таңдайды. Кез-келген мерекені өткізуде мұғалім жұмыс сипатын нақты,дәл анықтап, өткізу жоспарын құрып оны орындайтын оқушыларға тапсырманы жақсы түсіндіру керек. Мерекелік кешке дайындық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.Мысалы жалпы мектепішілік демалыс күнгі тұқым және жемістерді жинау ұзақ дайындықты қажет етпейді.Бұндай жұмыстарға оқушыларды тарту үшін шара ішіне ойын элементтерін,жарыстар т.б.енгізу керек. Мыс: тұқымы мен жемісі ең көп жерді табуға тапсырма беру,ол үшін конкурс жариялап топтар немесе звенолар арасында жарыс ұйымдастыралады.Ал керсінше Егін мерекесін(урожая) өткізу үшін оқушылар жыл бойы дайындалады. Мереке, жеке немесе тұтастай оқушы- ның жылдық жұмыстарының қорытындысын демонстрациялауға мүмкіндік береді. Оқушылар жылдық бақылауларын күнделікке жызып жүреді.Егер мүмкіндік болса фото- суретке түсіріп,суреттерін салып,егіске есеп жүргізіп,көрмеде демонстрациялауға болады Дәстүрлі түрдегі мереке құрылымы:
1. Мерекенің салтанатты ашылуы және қатысушыларды құттықтау.
2. Аудан мектеп ұжымының жетістігі туралы қысқа хабарлама.
3. Аудандағы мектеп юннаттарының жасаған жұмыстары туралы бұйрықтарын тапсыру.
4. Аудандағы мектеп көрмелерін тексеру.(әрбір мектеп өсімдіктер экспонаты бар стенды көрсетеді) Мерекелік концерт, карнавал.(мектеп мереке тақырыбына байланысты бірнеше номерлермен шығады)
6. Үздік қатысушыларды іріктеу.(іріктеуді арнайы комиссия жүргізеді, олар көрмені тексереді, жүргізілген жұмыстарының бұйрықтарын тексереді және әдеби өзіндік іс- әрекеттері тексеріледі)
Бұндай шараларға ғылыми зерттеу орталығынан және мәдени өсімдіктер өндіруде еңбек еткен басқа да сыйлы қонақтар шақырылады. Олардың кеңестерін, ұсыныстарын оқушы- лар ерекше қабылдайды.Бұндай мерекнің өзі-бұл еңбек гимні, жасұрпақ өмірін мағыналы және көңілді етеді. Оқушылардың көңіл күйі қалмау үшін жылда мерекні өзгертіп түрлен діріп өткізу керек. Юннаттар мерекесін күзде және көктемде оқу жылының аяғында да өткізуге болады. Олар мектептік, аудандық немесе қалалық болуы мүмкін. Биолог мұғалім мен ұйымдастыру комитеті мерекенің тақырыбын және өткізу жоспарын құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет