МЕКТЕПТЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ
БАР ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ –ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ (КӨМЕК) КӨРСЕТУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
«2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат
«...мектепте психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету (бұдан әрі - ППҚК) үнемі жұмыс жасауы қажет, оның міндеттеріне мамандардың балалармен дамытушылық жұмысы ғана емес, сонымен қатар білім алушылармен жұмыс істеудің ортақ тәсілдерін, бірыңғай стратегиясын әзірлеу бойынша педагогтар, мамандар және ата-аналардың тұрақты ынтымақтастығы кіреді».
Психологиялық-педагогикалық қолдау дегеніміз не?
Психологиялық-педагогикалық қолдау –
әр баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқыту мен дамыту үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шарттар құру барысындағы педагогтар мен мамандардың ұйымдастырылған қызмет жүйесі.
ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРҒА
ППҚК ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жергілікті нормативтік негізін құру;
- білім беру процесіне қатысушылардың қызметін анықтау;
- мектептің ағымдық жағдайын талдау және бағалау;
- мектептің педагогикалық ұжымын кәсіби дайындау;
- мектеп қауымдастығын дайындау;
- одақтастар мен әлеуметтік серіктестерді іздеу.
Психологиялық -педагогикалық қолдау қызметінің құрамы
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің құрамына: мектеп директоры, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мұғалім, педагог-логопед, педагог-психолог, арнайы педагог, әлеуметтік педагог, тәрбиеші, педагог-ассистент кіреді.
- оқушыларға ППҚК процесіне басшылық жасайды,
- қолдау көрсету мамандары мен педагогтардың өзара әрекеттесуін реттейді;
- жеке психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасын құрастыруға,қолдау көрсету нәтижелері мен оқушының мектеп жетістігін талқылауға қатысады.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
- білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығында толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және қолдау бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді;
- барлық оқушыларды сыныптан тыс және бос уақыттағы іс-шараларға қатыстырады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
- оқытудағы қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың сипатын бағалайды, оқу материалын меңгерудегі проблемаларды анықтайды, оқу бағдарламаларын қысқартуды (бейімдеуді) орындайды, жеке оқу бағдарламаларын құрастыруға қатысады, типтік, қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламаларына сәйкес ЕБҚ бар оқушылардың жетістіктерін бағалау және оқыту процесін дараландырады.
Мұғалім
Психологиялық -педагогикалық қолдау КӨРСЕТУ қызметі
- оқыту қиындықтары бар оқушыларды анықтайды, қиындықтардың
сипатын және олардың пайда болу себептерін бағалау мақсатында
психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізеді;
- тексеру нәтижелерін тиісті формаларда құжаттайды;
- зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың ерекше білім беру
қажеттіліктерін анықтайды;
- оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің жеке
бағдарламаларын жасайды;
- оқушылармен жеке және топтық сабақтар жүргізеді;
- мұғалімдерге, ата-аналарға, мектеп әкімшілігіне кеңес береді;
- психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бағдарламаларын іске
асыру нәтижелерінің мониторингін жүзеге асырады;
- әлеуметтік серіктестермен өзара қарым-қатынас жасайды.
ППҚК мамандары мектептің педагогикалық кеңесінің құрамына енгізіледі.
Мамандар
- оқушылардың үлгермеушілігінің және мінез-құлқының бұзылу себептерін анықтауға және оларды жеңу тәсілдерін талқылауға мүмкіндік береді.
- мұғалімдерді оқытудың арнайы әдістері және тәсілдерімен, жеке және сараланған тәсілдердің технологиясымен таныстырады.
- бағалаудың кешенді (пәнаралық) тәсілі:медициналық мәліметтер мен баланың әлеуметтік-психологиялық даму тарихының зерттелуі, әр түрлі мамандардың (психолог, логопед, арнайы және әлеуметтік педагогпен) тексеруі;
- жүйелі және біртұтас тәсіл: оқыту қиындықтарының пайда болу себептері мен механизмдерін белгілеу, табысты оқытуға кедергі келтіретін бастапқы (жетекші) және қайталама қиындықтардың арақатынасын белгілеу;
- оқушылардың өзгеріп отыратын қажеттіліктерін динамикалық зерттеу: оқыту процесінде жаңа қажеттіліктерді қанағаттандырудың және олардың пайда болуының мониторингі;
- командалық жұмыс негізінде:
- ЕБ Қ мен мектепте оқытудың қиындықтарын анықтау мен бағалауға қойылатын бірыңғай амал мен талаптарды сақтау;
- бірыңғай құндылықтарын ұстану: оқушының жеке тұлғасына деген құрмет, оның ішінде отбасы берген бала туралы ақпараттың құпиялылығын сақтауды болжайды;
- білім беру үрдісінің қатысушылардың ынтымақтастығы өзара құрметті және сенім артуы: мұғалімнің, маманның, ата-ананың және баланың;
- қолдау көрсету мамандары арасындағы жауапкершілікті бөлу.
Психологиялық -педагогикалық қолдау КӨРСЕТУ
қызметі келесі принципте құрылады
ЖҰМЫСТАРЫҢЫЗҒА
СӘТТІЛІК
ТІЛЕЙМІН!
Достарыңызбен бөлісу: |