Мектептегі музыкалық ТӘрбие


ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ



бет59/67
Дата30.12.2021
өлшемі1,13 Mb.
#106940
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67
Байланысты:
исходный(11)

ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Қазіргі таңда етек алған демократияландыру үрдісі талантты педагог – музыканттар мен ізденушілердің жаң әдістемелерді ұлттық бағдарламаларды дүниеге әкелуіне мүмкіндік туғызды.

1990 жылдардың басында жалпы білім беретін қазақ мектептерінде оқушыларға музыкалық білім беру пәні бойынша алғашқы альтернативті бағдарламалар пайда болды.

«Елім - ай» бағдарламасы бойынша (авторлық топ жетекшісі – профессор Балтабаева М.Х.) қазақ халқының дәстүрлі көркемдік мәдениеті арқылы оқушылардың музыкалық – эстетикалық тәрбиесін қалыптастырудың маңызы ерекше. Музыка сабағында оқушыларды өз халқының ұлттық мәдениетін меңгеру бағытталған тиімді тәсілдермен оқыту – бағдарлама авторының жаңашылдығы.

Музыка мәдениетінің халық өнерінің өзге түрлерімен байланысы жеке тұлғаның дәстүрлі көркемдік мәдениетін қалыптастырады (тарихи, әншілік, декоративті – қолданбалы халықтық би және сөз өнері). Мұғалім әр сабақта музыканың атқаратын қызметінің барлық түрлерін (музыка тыңдату, ән үйрету, орындау) өткізу арқылы кәсіби шеберлігін көрсете отырып, ойдағыдай нәтижеге қол жеткізеді. Көркемдік шығармашылық белсенділікті жан – жақты білімдарлықты, әртістік шеберлікті дамытады.

«Мұрагер» бағдарламасының авторы А.Райымбергеновтың кәсіпқойлығы жоғары деңгейде көрінеді. Автор ҚР азаматы, ұлттық байлықтың мұрагері ретінде өз халқының әдет – ғұрпын, өнерін, тілін тереңірек үйренуге шақыра отырып, балалар бойына отансүйгіштік сезімін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген. Домбыра аспабын ауызша нотасыз ойнауға, халық әндерін сүйемелдеуге үйрету үшін тиімді де түсінікті тәсілдерді, әдістерді қолдану – бұл бағдарламаның жаңашылдығы. Автор оқытудың жеңілден күрделіге қағидасы бойынша өзінің іс-әрекетінде оқукшылардың домбырада жеңіл жаттығулар мен ән, уүйлерді орындаудан, бірте-бірте күрделі шығармаларды меңгеруге көшуі елеулі жетістіктерге әкеледі. Музыкалық репертуарға көпке танымал, кеңінен тараған музыкалық шығармалар енгізілген. Мұғалім оқушыларды халық аңызының мазмұнымен таныстыра отырып күйді өзі сүйемелдеп тыңдату арқылы оқушыларды күйге тартады. Оқыту процесіндегі маңызды кезең – оқытушылардың айтыс мәтінін құрастыру. Музыка мұғалімі жұмысындағы мұндай ізденістер оқушылар бойында суырып салма (импровизация) өнерінің қалыптасуына әкеледі.


  1. А.Райымберген шебер орындаушы, кәсіби шеберліктің шыңына шыққан педагог ретінде домбыра аспабын үйретуге көп көңіл бөледі.

  2. Қазақ халқының музыкалық мәдениетіне тән ерекшеліктерді қамтыған. «Сыр елі – жыр елі» (құрастырғандар Құлманова Ш.Оразалиева М.Сүлейменова Б.) бағдарламасының да ұжымы тұстары жоқ емес. Оның маңыздылығы арғы жерде тарихи тегі, бергі жерде жалғасы бар халық музыкасы, соның ішінде эпикалық жанрға негізделуінде. Авторлар ұжымы түрлі шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынта - жігерін арттыруды көздеген. Сол сияқты халық аңыздарын аспаптық музыка репертуарына қосуы да ұжымды шыққан.

  3. Сонымен, «Мұрагер», «Елім –ай», «Сыр елі – жыр елі» еліміздегі музыкалық білім беру жүйесінде көрінген жаңашыл бағдарламалар. Оның өзі мұғалімнің кәсіби шеберлігінің артуына елеулі ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет