Бағдарлама мақсаты: халық фольклорының адам өміріндегі маңызын терең түсінетін музыкалық сауатты, эстетикалық және рухани жағынан жете дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Тәрбиелік міндеттері:
Халқымыздың музыкалық – поэтикалық шығармашылығына балалардың сүйіспеншілігін оятып, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Халқымыздың музыкалық –поэтикалық, аспаптық шығармаларынан эстетикалық ләззат алуға тәрбиелеу.
Білім беру міндеттері:
Оқушылардың есте сақтау, ырғақты сезу қабілетін дамыту.
Музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру.
Суырыпсалмалық шығармашылық қабілетін арттыру.
Қазақтың ақындық, жыршылық, айтыс және аспаптық өнеріне қызығушылығын ояту.
Достарыңызбен бөлісу: |