4 КЛАСТАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ.
ӘН РЕПЕРТУАРЫНА СИПАТТАМА
Мақсаты: 4 класс оқушыларына берілген музыкалық материалдарды толық меңгертудің тиімді әдістерін қарастыру.
Төртінші кластағы музыкалық тәрбие жұмысы жалпы бастауыш кластағы алған музыкалық тәрбие жұмысын қорытындылау болып келеді. Төртінші класс оқушыларына жалпы мінездеме беретін болсақ, олар қалыптасқан өз ойы, өз пікірлері бар. Бұл жастағы балалар өнердің белгілі бір түріне бейімделе бастайды.
Мұғалім осы жағын ескере отырып, әр баланың бойындағы қабілетті әрі қарай дамытуға көңіл бөлу керек. Ол – музыкалық тәрбие берудің ең негізгі мақсаты – осы музыка арқылы адамның тұлғалық қалыптасуын жүзеге асып отыру жүргізіледі. 4- кластағы өтілетін негізгі тақырыптар мазмұнының идеясын екі тұрғыда қалыптастыруға болады.: халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы және түрлі халықтардың музыкасы.
Әлем халықтарының музыка тілінің бірлігі мен әр халықтың музыкалық тілінің өзіне тән ерекшелігі 4 –класс тақырыптарының түп тамыры.
Төртінші класта өтетін тоқсандық тақырыптар былайша жүйеленген:
Достарыңызбен бөлісу: |