Тақырыптық бақылау – оқу бағдарламарларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерінің өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелердің оқушылардың есіне салады.
Қорытынды бақылау – барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сонықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық бақылаудың үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
- Сынақ – қорытынды бақылаудың айырықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерін және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
- Емтихан – оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.
- Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестік шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Оқыту – динамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру - өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әр кезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың «5» балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесі
Достарыңызбен бөлісу: |