Байланысты: Мектептегі тәрбие үдерісінің мазмұны-emirsaba.org
Мектептегі тәрбие үдерісінің мазмұны
2.СӨЖ. Тақырыбы: . «Мектептегі тәрбие үдерісінің мазмұны. Орындаған: Караманова Айман.
Қабылдаған: Махметова Б.Т.
Жалпы педагогикалық үдерісте тәрбие жұмыстары да өз өрісін табады. Бұл үдеріс, әдетте, дербес сипатты құбылыс ретінде қарастырылады, себебі ол өз ерекшеліктеріне ие болуымен оқу үдерісіне де, даму үдерісіне де жанаса бермейді. Тәрбие барысын зерттеуші педагогика саласы тәрбие теориясы деп аталады. Егер оқу үдерісінің субъекттері мұғалім мен оқушы есептелетін болса, тәрбие үдерісінің қатысушылары – тәрбиеші мен тәрбиеленуші.Бастауыш мектепте оқуды да, тәрбиені де жүргізетін бір тұлға – маман педагог.
Тәрбие – мақсатты жүйеде тулға қалыптастыруга бағытталған үдеріс, яғни арнайы уйымдастырылған, тәрбие мақсатын іске асыруға бағышталған тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы басқарымды әрі бақылаулы өзара ықпалды іс-әрекет қатынастары.
Тәрбие бірнеше ерекшеліктерге ие. Оның ең басты ерекшелігі – мақсатты бағытталуы. Тәрбие ұйымдасуынан күтілетін жоғары тиімділік оның алдына тартылған мақсаттың балаға жақын әрі түсінікті болуынан. Мақсат бірлігі, өзара қызметтестік осы заманғы тәрбие үдерісінің негізгі сипатын құрайды.
Тәрбие үдерісі – көп жағдаятты, оның құрамында субъектив және шынайы себептер ықпал-әрекетке келеді. Ескеретін жәйт – тәрбиеші іс-әрекеті тек шынайы заңдылықтарымен анықталып қалмайды. Себебі тәрбие – өнер, ал өнер тәрбиеші тұлғасына, оның даралығына, тәрбиеленушілермен түзген қатынасына орай туындайды.
Тәрбие үдерісінің күрделілігі одан күткен нәтиженің нақты ұстамға келмейоқу үдерісіндегідей дер мезетінде көрінбеуінде.
Тәрбиелік пен тәрбиесіздік қалыптардың жүз беруі аралығында қажетті тұлға қажеттерінің ұзаққа созылған қалыптасу кезеңі жатыр. Себебі бала әртүрлі ықпалдарға кезігіп, оң да, теріс те тәжірибе жинақтайды. Ал тәрбие осы жинақталған тұлғалық тәжірибеден келеңсіз сапаларды шығарып тастап, олардың орнын ұнамды қасиеттермен толықтырып барады. Тәрбиенің және бір күрделілік себебі оның өте қозғалмалы (динамичность) болуында, осыдан тәрбие үдерісі жылдам ауысады, тез өзгеріске келеді.
Тәрбие үдерісінің айтарлықтай ерекшелігі – узақ мерзімділігінде, яғни адам тәрбиесі – өмір бойы тоқталмайтын іс. К.Гельвеций: «Мен әлі үйренудемін, менің тәрбием біткен емес. Ал ол қашан бітеді? Тәрбиеленуден қалған күні, яғни мен өлгеннен соң. Менің бүкіл өмірім, шынын айтсам, біртұтас ұзақ тәрбие». Адам санасында мектептегі тәрбиенің қалдыратын ізі аса бедерлі, себебі адамның жас шағындағы жүйке жүйесі өте икемшіл әрі қабылдағыш келеді. Дегенмен, мектептегі жақсы ұйымдастырылған тәрбие үдерісінің өзінен де жылдам табыс күту жаңсақтық: тәрбие өз нәтижесінің тікелей ықпал сәтінен біршама уақытқа созылуымен сипатталады.
Тәрбие үдерісінің және бір ерекше сипаты – оның үздіксіздігінде. Мектеп тәрбиесі -тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы бірі екіншісімен ұштасып, жүйеге келтірілген өзара ықпалды қатынас әрекеттері. Егер тәрбие үдерісі үзіліске түссе, науқандыққа негізделсе, тұрақталып келе жатқан әдеттерді бекіту орнына, бала санасында қайта-қайта жаңа «жолдар» қалыптастыруға мәжбүр боламыз.
Тәрбие үдерісі – кешенді, яғни бұл сипат тәрбиенің мақсат, міндет, мазмұн, форма мен әдістердің ажыралмас бірлігін аңдатады, оның тұлға қалыптасуының біртұтастығы идеясына бағыныштылығын білдіреді. Тұлға сапа-қасиеттері өзара бөлектенбей, бірлікте, бірігімді, бір уақытта кемелденіп жата-ды, осыдан оған бағытталған педагогикалық ықпалдар да ке-шенді сипатта болуы қажет. Айырым жағдайларда тәрбиеші талап деңгейіне сәйкес болмай жатқан тұлға қасиетіне көбірек назар салғаны жөн. Мысалы, бастауыш сынып оқушысында зейінділік, шыдамдылық, байқағыштық ж.т.с.с. қасиеттерді қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Тәрбиенің кешенділік сипаты бірқанша маңызды педагогикалық талаптар орындау-ды, тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы ықпалдасты әрекеттерді мұқият таңдап, ұйымдастыруды қажет етеді.
Нәтиже баламалылығы мен екіүштылығы да осы тәрбие үдерісін ерекшелейтін сипат. Бір жағдайда теңдей тәсілдерді қолданғанның өзінде қолға кірер нәтиже әрқилы болуы мүмкін. Мұның себебі – тәрбиеленушінің даралығы, әлеуметтік тәжірибесі мен тәрбиеге болған қатынасы. Тәрбиелеушілердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың педагогикалық шеберлігі, тәрбиеленушілермен қатынас жасай білу ептілігі де – тәрбие барысы мен нәтижеге күшті әсерін тигізеді.
Тәрбие – екі тарапты үдеріс. Мұның тосындылығы үдерістің екі бағытта бірдей – тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тура байланыс), тәрбиеленушіден тәрбиешіге (кері байла-ныс) қарай жүруінде. Үдерісті басқару, негізінен, кері байланыс арқылы орындалады, яғни тәрбиеленушілерден келіп түскен ақпараттар негізінде оқу, тәрбие нәтижесі анықталып барады. Кері байланыс ақпараттары неғұрлым көп болса, тәрбиешінің тәрбиелік ықпалы соғұрлым күшті болады. Тәрбие үдерісі қарама-қарсылықты керек етеді. Осыдан тәрбие диалектикасы (дамуы) ішкі және сыртқы қайшылықтармен анықталады. Осы қайшылықтар тәрбие үдерісінің үздіксіз ағымын қамтамасыз етеді. Тұлға қалыптасуының барша сатысында көрінетін ішкі қайшылықтар жаңа қасиеттер мен оларды іске асыру мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтардан туындайды. "Білемін" және "білмеймін", "бар" және "жоқ" араларындағы сәйкессіздік баланы белсенді іс-әрекет орындауға, тәжірибе өрістетуге, жаңа білімдер мен қылық-әрекет формаларын игеруге, қалыпты талаптар мен ережелерді тануға ынталандырады. Тәрбие қызметі - тұлға қалыптасуын дұрыс бағытқа түсіру, ал бұл тәрбиеленушілерге қозғау салатын күштерді, олардың қажеттерін, сеп-түрткілерін, өмірлікжоспарлары мен құндылықты бағыт-бағдарларын терең білуге тәуелді. Тәрбие үдерісінің бағыты мен нәтижесіне сыртқы қарама-қарсылықтар да күшті ықпал жасайды. Мысалы, мектеп пен отбасы, педагог пен ата-аналар арасындағы келіспеушіліктер осы сыртқы қайшылықтардың нақты дәлелі. Тәрбие барысында кезігетін көптеген қиыншылықтар астарында халықтың "молданың айтқанын істе, істегенін істеме" дегеніндей, адам аузынан шыққан лебіз бен оныңжасаған қылығыныңжарасым-ды болмауы жатыр. Тұлғаның әлеуметтенуінің, тәрбиеленуінің, дамуының жалпы жүйесіндегі оның ерекшеліктері мен міндеттері, қызметтері. Тәрбиеші міндеті - тәрбиелік ықпалдардың баршасын өз мойнына артып, үдеріс басшылығын жеке өз қолына топтастыру емес. Керісінше, педагог іс-әрекеті неғұрлым демократизм мен шығармашылық еркіндікке негізделсе, оның ұйымдастыру және бағыттау күш-қуаты да әсерлі келеді. Үдеріске байланыс-ты шарттар мен жағдайлар ескерілсе, өз әрекеттерінің сал-дарын мұқият талдап, одан дұрыс қорытынды шығара алса, тәрбиеші қызметі әрқашан табысқа кенеледі. Оқу-тәрбие аймағындағы қайта құрулар, демократияластыру мен гуманизациялау идеялары мектеп өмірінен шынайы орын тауып, қарапайым адамилық сезімдердің - балаға қамқорлық, сүйіспеншілік пен мейірімділік - үстем болған күнінде ғана іске асуы мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңдағы тәрбиеші алдында тұрған аса маңызды міндет-тәрбиеленушіні педагогикалық ықпалдарды шын көңілімен қабылдауға ойыстыру. Педагогикалық бағыттау өте әдіпті, жайбарақат, елеу-сіз, мүмкіндігінше баладан жәсырын жүргізілгені жөн. Бала тәрбиесіне төнген тоқпақ болмай, оған достық ниет, лебіз біл-діре тәрбиелеу қажет. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болуы-жас ұрпақтар тәрбие мәселелерін жаңаша ойлап жаңаша құруды талап етеді. Яки тәрбиенің мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін қайта қарастырып, түбегейлі жаңашалау қажеттігі туып отыр. Тәрбие мазмұны бойынша халықтың ғасырлар бойы жинақталған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтарға беру, оның жас ұрпақтарға, қоғамға қажеттігін ескеру болып отыр. Тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Тәрбие жұмысын ұйымдастырған уақытта отбасы тәрбиесінен бастап әрбір баланы жеке тұлға ретінде танып, оның өзіне тән қасиетіне, санасын, қабілетін ескере отырып, тәрбие жұмысында мына төмендегі міндеттерді жүзеге асыруға тиістіміз. Қазақ халқының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері мен әдетғұрпы арқылы жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін тәрбиелеу. Ұлтымыздың ой-парасатын нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты жағдай жасау. Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, сұлулыққа, тазалыққа үйрету. Адамзат қоғамында бұрын-сонды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу.Жас ұрпақтарға мемлекеттік белгілердің мәнін терең білуге, оны қүрметтеп сыйлай білуге, "бостандық", "теңдік", "демократия" деген сөздердің мағынасын жеке түсініп, оны өмір жүзіне асыруға ат салысуға тәрбиелеу.
http://emirsaba.org