Мұғалімнің өздігінен білімін арттыру қызметін талдауға сауалнама
Талдау барысында төмендегі сұрақтарға жауап беру керек:
ӘБ әр мүшесінде өздігінен біліктілігін арттыру тақырыбы бар ма?
Ол тақырыптың жалпы мектептің әдістемелік тақырыбымен байланысы қаншалықты?
Тақырып бойынша жұмыс қашан басталған, бұл жұмыс қашан аяқталады?
Тақырып бойынша істелген жұмыстың құндылығы: мысалы, ӘБ отырысында, педкеңесте, әдітемелік кеңесте, авторлық бағдарлама жазуда, әдістемелік ұсыныс пен реферат жазуда, т.б. жұмыстарда пайдасы көп болды. Мұғалімдерге өз ӘБ –нің жұмысын бағалауды ұсынуға болады. Олар сұрақтарға жауап бере отырып сауалнаманы толтырады, әр мұғалім ӘБ әртүрлі іс-шарасын 3 түрлі позициямен бағалайды.
1.Істелген істің пайдасы. Әр іс-шара 3 балдық жүйемен бағаланады: 3 балл – қызықты және өте пайдалы; 2 балл- қызықты және жартылай пайдалы; 1 балл – қызықты, пайдалы емес; 0 балл – қызықты да, пайдалы да емес.
2. Қатысу коэффиценті. Ол бағаланады: 3 балл – белсенді қатысушы. 2 балл – кейбір іс-шараға қатысты; 1 балл – отырыстарға қатысты, жұмысқа қатысқан жоқ; 0 балл – отырысқа қатысқан жоқ, «с-шараларды дайындауға қатыспаған.
3. Қызметті жақсартуға ұсыныс. Ұсыныс сынау сипатында болуы мұмкін: «іс- шара пайдалы болмаған, тек мұғалімдердің уақытын алған, келесі оқу жылында жоспардан алып тастау керек», сонымен қатар конструктивті – «проблеманы шешуге байланысты іс-шаралар ұсыну».
Қосымша №7
Достарыңызбен бөлісу: |