Санитарлық және эпидемиологиялық бақылау
бойынша нормативтік талаптар
Қол гигиенасы
мен
респираторлы
қ гигиенаның
маңыздылығ
ын баса
көрсетуді
күшейту:
құрамында спирт бар қолға арналған антисептиктердің жеткілікті санының
(құрамында кемінде 60% этил спирті бар), сонымен қатар таза су мен сабынның
бар болуын қамтамасыз ету;
қол гигиенасына арналған құралдарды кіретін және шығатын жерлерде, сонымен
қатар процедуралар орындалатын жерлерде орналастыру;
қолды антисептикпен өңдеу немесе сабынмен жуу қажеттігі туралы персоналға,
тұрғандарға және келушілерге ескерту үшін бүкіл мекеме бойынша ескертпелер,
плакаттар мен үндеуқағаздар орналастыру;
қолды сабындап сумен кемінде 40 секунд немесе спирт негізіндегі антисептикпен
кемінде 20 секунд өңдеуді ұсыну;
персоналға қолдарын жиі гигиеналық өңдеу, әсіресе жұмыс күні басталардың
алдында, тұрғандармен физикалық жанасуға дейін және одан кейін, дәретханаға
барғаннан кейін, тамақ дайындағанға дейін және одан кейін, сонымен қатар
тамақтанар алдында өңдеу талаптарын қою;
тұрғандарға қолдарын, әсіресе қолдарында көзге байқалып тұрған ластану бар
болғанда, айналадағыларға жанауға дейін және кейін (айналадағыларға
мүмкіндігінше жанаспау керектігімен қатар), дәретханаға барғаннан кейін,
тамақтанар алдында, жөтелгенде және түшкіргенде жиі гигиеналық өңдеуді қатаң
ұсыну және көмектесу;
бір реттік орамалдар мен тиісті қоқыс контейнерлерінің (қақпақты) жеткілікті
санының бар болуын қамтамасыз ету;
түшкіргенде және жөтелгенде ауыз бен мұрынды орамалмен немесе шынтағын бүгіп
жабу және пайдаланылған орамалды қақпақты қоқыс шелегіне тастау қажеттігі
туралы персоналға, тұрғандарға және келушілерге ескерту үшін бүкіл мекеме
бойынша ескертпелер, плакаттар мен үндеуқағаздар орналастыру;
|