Мектептің даму жоспары туралы есепті бағалау жөніндегі нұСҚаулық



Дата11.09.2020
өлшемі28 Kb.
#77744
түріБағдарламасы
Байланысты:
2 ресурс. Бағалауға арналған нұсқаулық



МЕКТЕПТІҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ ЕСЕПТІ БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Мектеп басшысының жұмысы Қазақстан Республикасы жалпы білім беру басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) негізгі үш критерийі бойынша бағаланады.

Бағдарламаның мазмұнына қатысты негізгі критерийлер қарастырылған жұмыстар мектеп басшысының бағалау жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген стандарттарға сәйкес келуін көздейді.

Жұмыстың негізгі критерийлерге қаншалықты сәйкес келетінін растау және мектеп басшысына арналған стандарттарға қаншалықты қол жеткізілгендігі туралы қорытынды жасауда тренерге қолдау көрсету мақсатында бағалауға арналған құралдар қатарында арнайы нысандар ұсынылған.

Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар маңызды болып табылатындықтан, тренерлерге жұмыстың әр тарауының аяқталуына қарай оның бағаларын жазып отыру ұсынылады. Нысан қосымша құрал ретінде әзірленген. Тренерде әр мектеп басшысының жұмысын толық қарастыруға мүмкіндігі болу үшін нысанда әр мектеп басшысына қатысты жазбалар жазылып отырылады.



Сонымен қатар, бағалауға арналған құралдар қатарында барлық топтың бағаларын жазып алуға және екі жұмыс түрлері бойынша бағаларды біріктіруге арналған нысан да ұсынылған.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет