Водопьяновка (қазіргі Ақадыр) орта мектебі 1956 жылы негізі қаланған. 1959 жылы негізгі мектеп, 2001 жылдан бері орта мектеп статусымен жұмыс істеп келеді. 2006 жылы 150 орындық жаңа мектеп ғимараты бой көтеріп, жаңа орынға қоныс аударды. Мектепте 27 мұғалім және 17 қызметкер қызмет жасап келеді. Оның ішінде 4 мұғалім 1 санатта болса, 10 мұғалім 2 санатта. Мектепте барлығы 120 оқушы білім алып жатыр.Даярлық топта 11 бала тәрбие мен білім нәрімен сусындауда. “Балбұлақ ” кіші орталықта 20 бүлдіршін тәрбиеленуде.
*
Мен, осы мектептің түлегімін!!! 1999-2002
Ұстаз-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты
Міндетім:
Оқушылардың жалпы дамуындағы жас ерекшелігіне сай информатика пәнінің ұғымдары мен ережелерін негізгі тірек ретінде пайдалану;
Практикалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалану;
Информатика пәнінің қажеттілігін күнделікті өмірмен ұштастыра отырып маңыздылығын түсіндіру.
Білім жетілдіру курстары:
2010ж. – “Информатика”
Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты.
2007ж. – “Информатика”
Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты.
Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты.
2010ж. – “Интерактивті тақтамен жұмыс әдістемесі”
Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және
қайта даярлау институты.
2007- 2008 оқу жылында “Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету” бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту курсын өткіздім. 15 тыңдаушы қолдарына толық оқу курсын бітіргенін растайтын сертификаттар алды.
Жетістіктерім

2007- 2008 , 2008 - 2009 оқу жылдары 9-11 сынып оқушылары компьютерлік сауаттылықты тексеру тестілеуінен өтіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізсе,
11-сынып оқушылары қолдарына сертификаттар алды.
2008 – 2009 оқу жылында аймақтық олимпиадада
9-сынып оқушысы Ахыт Талғат – информатика пәні бойынша І орынды иеленді.