Мектептің жылдық жоспары-2020 Мектепішілік бақылау жұмыстарының жоспары



бет14/14
Дата01.11.2022
өлшемі198,22 Kb.
#155972
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
эээээ

 Жобаның мақсаты:қоғамға адал қызметімен, ақыл-парасатымен, іскерлік қабілетімен, қарапайым еңбегімен танылған тұлғалардың өмір жолын жастарға үлгі ету. Өзінің өткен ізімен өнегелі болған тұлғалардың дара жолымен танысу. Тәрбиелеп отырған ұрпағымыздың бойына ұлттық рухани құндылықтарды сіңіру. Жобаның алғашық қонағы болып мектеп директоры, білім саласында басшылық қызмет атқарған М.Әбутәліп келді. Оқушылар ағайдың дара жолымен танысып, отбасы, ұстаздық жолы туралы түрлі сұрақтар қойып, өздеріне қажетті ғибратты өнеге алды деп ойлаймын. Бұл жоба оқушыларға рухани тәрбие қалыптастыратын өзіндік ерекшелігі бар жоба. Әрі балалар үлкендерге қарап бой түзеуді үйреніп, өздеріне қажетті өмірлік жолды таңдайды. Алдағы уақытта жоба жалғасын табады.
2020 жылдың 7 ақпаны күні 5-11-сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен сынып жетекшілері бірігіп, дәстүрлі «Абай оқуын» өткізді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Басқожаева байқауды ашып, биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланып отырған классик ақын, философ, дана, ұлы ойшыл А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аталып өтіп отырғанын, шығармашылығы мен өмір жолына қысқаша тоқталып, Абайдың қазақ әдебиетіндегі орнын атап өтті және байқауға қатысып отырған оқушыларға сәттілік тіледі. Байқауға 45 оқушы қатысып, өздерінің есте сақтау қабілетін, мәнерлеп оқу ерекшеліктерін, белсенділіктерін танытты. Қатысқан оқушылар Абайдың өлеңдерін , қара сөздерін жатқа айтып, кейбіреуі Абайдың әндерін орындады.Сайыс қорытындысы бойынша өте жақсы дайындықпен келген оқушыларға жүлделі орындар берілді: 1-орынды 6-сынып оқушылары Б.Өтепберген мен А.Асанбекова (Пән мұғалімі:Г.Елеусізова), ІІ орынды 7-сынып оқушылары А.Оразбек (Пән мұғалімі:Р.Басқожаева) пен А.Төлеген (Пән мұғалімі:Г.Елеусізова), ІІІ орынды 11-сынып оқушысы А.Жұмаділла (Пән мұғалімі:Б.Бимурзаева) мен 9-сынып оқушысы Қ.Ысқақтар (Пән мұғалімі:Г.Елеусізова) иеленді. Жүлделі орын алған оқушылар мектеп дирекциясының І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломымен, барлық қатысушылар Алғыс хатымен марапаттталды. 
Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай еліне саяхат» тақырыбында 10-15 ақпан аралығында апталық ұйымдастырды. Апталықтың ашылу салтанатында мектеп директоры М.Әбутәліп құттықтау сөз сөйлеп, апталықтың мақсатына тоқталды. Оқушылар жыл мезгілдеріне байланысты суреттерді таңдау арқылы үш топқа бөлініп, сол суретке байланысты Абайдың жыл мезгілдеріне ьайланысты өлеңдерін жатқа айтты. Абайдың нақыл сөздеріне тоқталып, қара сөзінен үзінділер оқыды. Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері орындалды. Бірлестік жетекшісі Н.Тасжанова слайдарқылы ?Абайдың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасады.Келесі күнде Бастауыш сыныптардың бәрінде «Абай –дара, Абай-дана қазақта» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды. Апталық барысында «Абай тағылымы» тақырыбында эссе, шығарма, сурет байқаулары ұйымдастырылды. 13 ақпан күні «Өлең-сөздің патшасы» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы болды. Бастауыш сынып оқушылары апталыққа белсенділікпен қызыға қатысты. 15 ақпан күні белсене қатысқан оқушылар марапатталып, қорытындыланды. Апталық жайлы «Фейзбук» желісінде жарияланып отырды.
25 ақпан күні мектептегі қызыдар ұйымының төрайымы В.Маханованың ұйымдастыруымен «дара жол-2» бағдарламасы өтті. Оның құрметті қоағы болып мектептің үлкен ұстаздары З.Адасқанова, Ә.Сопбекова, К.Жамурова апайлар келді. Сыр-сұхбат барысында бұл ұстаздарға өмір жолдары, тәжірибесі, болашақ, шәкір жүрегіне жол салудағы ұстаздық жолдары туралы түрлі сұрақтар беріліп, шығармашылық жолдарымен слайд арқылы таныстырды. Сыр-сұхбат өз дәрежесінде жақсы ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.


5 наурыз күні 5б-сыныбында Б.Мырзахметтің ұйымдастыруымен «Адамзаттың асылы-ана деген құдірет» тақырыбында ашық тәрбие сағатын ұйымдастырды.Тәрбие сағаты барысында оқушылар ана тақырыбында әдеби монтаж орындап, «Ана туралы жыр», «Апатайым, анашым», «Мен анамның балдай тәттісі» өлеңдерін орындады. Ал қыздар тобы «Қамажай», өзбек халқының ұлттық биін орындады. Ұлдар тобы көрініс көрсетіп, «Қазақтың ұлдары» әнін арнады. 8наурыз мерекесінің шығу тарихына шолу жасалынды. Сынып ұйымшыл, өнерпаз екендерін байқатты. Тәрбие сағаты өте жақсы деп бағаланды. 
Наурыз айында Облыстық білім басқармасының 02.03.2020 жылғы №03-3/974 санды хатына сай этиологиясы белгісіз пневмонияны (короновирусты инфекция) алдын алу, ауруларды болдырмауға, бағытталған індетке қарсы мектепішілік іс-шара жоспары жасалып, профилактикалық шаралар жүргізілді.Барлық сыныптардан этиологиясы белгісіз пневмонияны (короновирусты инфекция) алдын алу, ауруларды болдырмауға, бағытталған індеттің алдын алуға байланысты диктант жұмысы алынды. 5-14 наурыз аралығында ата-аналар арасында короновирустың белгілер, жұғу жолдары, одан қалай сақтану қажеттілігі жайлы түсіндіріліп, чаттары арқылы жадынамалар таратылды. Мектепте күнделікті залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, сынып бөлмелерінің едендері, қол жуғыштар хлормен жуылып, сыныпты желдету, тазалау режимі қолға алынды. Мектеп медбикесі Р.Бердиева күнделікті оқушылардың денсаулығын бақылауға алды. Мазасы қашып, ауырып отырған оқушылар сабақтан қайтарылып отырды. Барлық сынып жетекшілері «Короновирустан сақтану» және т.б. тақырыптарда оқушыларға түсіндіріу жұмыстарын жүргізіп, сынып бөлмесінде «Денсаулық бұрыштарына» ақпарат ілінді. Короновирустың алдын алу, сақтық шараларын жүргізуде мектеп коридорына арнайы стенд жасалынды.
Наурыз айынан 16-сынан бастап барлық сынып сағаттары, түсіндірме жұмыстары онлайн режимінде жүргізілді. 1 мамыр халықтар достығы күніне орай, 7мамыр Ұландар күні, 9мамыр жеңіс күніне орай барлық сыныптарда онлайн түрде тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Сыныпижетекшілері оқушылардың жазғы демалысқа шығуына байланысты қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 3 маусым күні бітіруші 11-сыныптарға «Соңғы қоңырау» ұйымдастырылп, онда оқушылар мектеп ұстаздарына, алтын ұяға деген жүрекжарды өлеңдерін, індерін жеткізіп, ұстаздарға жылы лебіз білдірді. Шараға ата-аналар, қстаздар қамтылды. Мектеп диекторы бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, атттестат тапсырды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет