Мектептің жүрегі с 1 числа жизнь казахов не будет прежней. Лучше присядьте Вот, кем была Гурченко на самом деле! Тайна всплыла только после смерти Порочная казашка не смогла отличить в темноте друга от мужа и устроила ему



бет2/4
Дата06.11.2019
өлшемі150,5 Kb.
#51235
1   2   3   4
Байланысты:
ашық сабақ
1 тоқсан 5 сабақ, 1 тоқсан 5 сабақ, 1 тоқсан 5 сабақ, 1 тоқсан 5 сабақ

Ұстаздар күніне арналған қойылым


  •  Сценарилер

  •  abaikz

  • 18.09.2015

  • 0

  • 0

  • 16300

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №31 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Оразбаева Гүлсайран Кенжеғазықызы

 


Сахна сыртынан Ұстаз туралы өлең оқылады
Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Жүргізушілер шығып:

1- жүрг. Армысыздар, бармысыздар, Қош келдіңіздер, Құрметті де аяулы ұстаздар!

2-жүрг. Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,


Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!
1- жүрг. Аружан, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән. …………………………………………………………………………………………………..

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Аружан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-Жүргізуші: Әдемі, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын. Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1-Жүргізуші: Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! (видеоролик)

Алдарыңызда «Ұстазым менің» әнімен Рахманберді Фарида.

2-жүрг.
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де озғанын.

1- жүрг.
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!


Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

2-жүрг. Әдемі, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

2-Жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

1-Жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

2-Жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

1-Жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

2-Жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

1-Жүргізуші: Аружан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

1-оқушы:
Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,


Перне басқан оркестрдің үніндей
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасың сен, дирижер боп күлімдей.
Әр сабаққа кіресің сен сыйынып,
Жыр оқисың нөсер болып құйылып
Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,
Қарайсың-ау нұр жүзіне сүйсініп
Жалын атып, от боп, бірге жанасың,
Білім беріп, содан бақыт табасың
Бар өмірің өрнектеліп баламен,
Жасарып бір мәңгі жас боп қаласың.

2-оқушы:
Мұғалімді анамдай жақсы көрем,


Қиналамын қымбат теңеу таба алмай
Өз баласын тастап кетіп үйіне,
Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.
Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,
Үлгі етемін өнегелі сөзін бал
Мұғалімнің мұғалімін танимын,
Көкіректе көретұғын көзім бар.

3-оқушы:
Ұстаздарға мың алғыс


Алғыстарым көп менің,
Асыл анам, мектебім!
Үйреткені адалдық,
Ұсынғаны адамдық,
Текті мінез, даналық
Бар ұстазға тілейміз:
Бақыт, табыс, амандық!

4-оқушы:
Мұғалім-ұстазысың балалардың,


Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бәрі де жеткізе алмас бағалардың
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойына құйдың ақыл , ой мен сана
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

1 жүргізуші:


Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында

2 жүргізуші:


Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр. (қонақтарды таныстырады)

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?

Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар. Өздеріңізге арналған шағын сыйымызды қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

1-жүргізуші: Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға мектебіміздің басшысы Айнұр Сәнібекқызын шақырамыз.

2-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз,-дей келе алдарыңызда мектебіміздің мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

ӨЗБЕК БИІ орындайтын………………………………………………………………………………….

1- Жүргізуші:


Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

Әзіл – қалжың отауы. ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.



Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі, сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.



Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

Неге бармайсың?

Баласы шешесіне айтады:

- Мен енді мектепке бармаймын!


- Неге бармайсың?
- Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады… Бармаймын!
- Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.

“Суретші”

Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:

- Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.


- Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі. -Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.

* * *


Мұғалім:
- Картадан Ертіс өзенін көрсет.

Асан:


- ???

Мұғалім:

- Картадан Ертіс өзенін көрсет.


- Асан:
- ???
Мұғалім:
- Неге көрсетпейсің, үнсіз қалдың ғой?

Асан:
Мұғалім, картада ағып жатқан өзен көрінбей тұр.


 

 

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК



 

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.

“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

1- Жүргізуші: Әдемі, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?
1- жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?
2- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

1-Жүргізуші:


-ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:

1. Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/
2. Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/
3. Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/
4. Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/
5. Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/
6. Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

1-Жүргізуші:


Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?


№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?
№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?
№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?
№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

2-жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

1-жүргізуші:


Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.

2-жүргізуші:


Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаз-аналар!

Ана туралы ән. Орындайтын …………………………………………………………………………..

1-Жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын
Мұғалім, ғазиз мұғалім-
Сарқылса мәңгі бұлағым
Ұланың бүгін тойыңда
Арнайды саған бұл әнін.

Ән «Ұстазыма» орындайтын ……………………………………………………………

2- Жүргізуші:
«Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,


Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,
Жүректің алғысы мен рақметін.

Оқитын …………………………………………………………………………………………..

1-Жүргізуші: Аружан, Мен саған жұмбақ жасырайын, табасың ба?

2-Жүргізуші: Жасырып көр

1-Жүргізуші: Бір сандық бар өзгеше,

Қасыңа алып жүресің.

Ішін ашып ақтарсаң

Өмір сынын білесің.

Ол не? /Кітап./

2-Жүргізуші: мм, (сәл ойланады) иә, бұл, меніңше, кітап қой

1-Жүргізуші: Иә, дұрыс таптың. Ендеше сен кітап туралы не білесің?

2-Жүргізуші: Кітап-біздің ақылшы досымыз, барлық білім, ғылым кітапта. Оны неге сұрадың?

1-Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Кітап туралы сұрауымның себебі, біздің арамызда сол кітапқа немқұрайды қарап, таза ұстамайтын оқушыларымыз да бар екен.

2-Жүргізуші: Ендеше сондай балалардың қолына түскен кітаптардың мұңын тыңдап көрелік.

Көрініс. Кітаптар мұңы

Автор:/Мектептің отын қоймасы. Бір құшақ кітапты әкеліп тастай салды. Есік жақтағы бір кітап басын көтеріп қарап қояды. Ыңырсыған дауыстар/.

1.Қазақ әдебиеті:-Ей, /жанындағысын түртіп/ тұрсаңшы, қайда келдік?

2.Дүние жүзі тарихы: -Ойбай, басым! Мазамды алмашы, бүйткен тіршілігі құрысын! Мұнан да парақтарымның пәре-пәресін шығарып, желмен ұшырып жібергені жақсы еді.

1.Қазақ әдебиеті: -Не болды? Жалғыз сенің басыңа келген қасірет қой дейсің бе? Көтер басыңды. Кімсің өзің? Сыртың бүп-бүтін ғой.

2.Дүние жүзі тарихы: -Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанмен, ішім түтін. Мен үшін авторлар түн ұйқысын төрт бөліп қанша қызмет етті, баспа қызметкерлері әр әрпімді жекелей теріп көз майын тауысты. Сонда кім үшін? Балалар оқысын, сауатын ашсын, адам болсын деген ізгі ниеті еді ғой бәрінікі.

3.Табиғаттану: -Иә, достар, менің де күнім сендердікіндей. Мен де қолымнан келгенше бойымдағы білімімді беріп, балаларды адамгершілікке, парасаттылыққа, өз жерінің табиғатын тануға тәрбиелеуге тырыстым, бірақ Адырбай деген бала мені әбден шимайлап, жыртып, қорлады.

1.Қазақ әдебиеті: -Біздің де оңып тұрған жеріміз жоқ, әріптестерім. Енді мұңдас болдық. Мен де Сотқарбай деген баланың қолына түстім. Әдепкіде оқулық болып, мектеп босағасын аттағаныма қуанып едім. Оным көпке бармады. Сотқарбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді сиямен бастырып, сызып тастады.

2.Дүние жүзі тарихы: /асығып, тұтығып/ -Әуелі көтеріп жүруге ауырсынды ма, кейде өзіне керекті бір беттерімді жыртып алатынды шығарды. Оқу жылы аяқталған күні мектеп ауласында доп қылып тепкілеп, сілікпемді шығарды да, тастап кетті.

1.Қазақ әдебиеті: -Әріптестер, ең құрығанда кіші сынып оқушыларына неге жоғары сынып оқушылары айтып қоймайды екен?! Олар да кінәлі-ау!

4.Математика: -Дұрыс айтасыңдар! Менің оқушым үйінде парақтарымды жыртып алып, кептер жасап ұшырып ойнағанда, 10-сыныпта оқитын ағасы қой демеді-ау!

1.Қазақ әдебиеті: -Бірақ әр оқушы өз дүниесіне ұқыпты болу керек қой. Ондай ұқыпты балалар да жоқ емес. Бірақ олар Адырбай мен Сотқарбайларға ақыл айта алмай келеді.

2.Дүние жүзі тарихы: -Иә, иә, сен дұрыс айтасың. Менің өзім сияқты құрдасым болды. Ол екеуміз мектеп кітапханасынан бірге шықтық. Қызық болғанда, сыныпта да парталас болдық. Міне, оқушы деп оның иесін айт. Ондай баланың қолына түссең, арманың болмас, шіркін! Кітабына кір жуытпайды. Керек бетін белгілеу үшін, парағын қайтармайды, арасына қағаз салып қояды, сызбайды, сия тамызбайды. Оның кітабы су жаңа күйінде шықты.

3.Табиғаттану: -Енді бізді не істер екен? Әлде отқа тамыздық етер ме екен.

(Бәрі селк ете түсті. Бір сәтке үндері шықпай, іштен тынды.)

1.Қазақ әдебиеті: -Қой, мүмкін бір кәдеге жаратар. Қайтадан түптер.

4.Математика: /кекетіп/ -Түптер. Түптесе сені түптер, ал түптеуге келмейтін тұттай жалаңаш бізді қайтеді? Бізден енді оқулық шықпайды. Осы отырған бәріміз де жарымжанбыз.

2.Дүние жүзі тарихы: /басу айтып/ -Әріптестер, мен тарихты білсем, бізді фабрикада қайта жуып, тазартып, сиямыздан, бояуымыздан арылтып, баяғыдай ақ қағаз жасап, баспаханаларға жөнелтеді. Баспахана қайтадан кітап етіп шығарады. Тек келесі жолы ұқыпты оқушының қолына түссек екен деп тілейік.

Бәрі: -Иә, иә, соны айтсаңшы. Ылайым солай болсын. Бізді аялап ұстаса ғой.

/Бәрі үміттеніп кетеді/.

1-Жүргізуші: -Иә, балалар, кітаптардың мұңы, шынында да адам аярлықтай екен. Олай болса, кітапты күтіп ұстау – бәріміздің міндетіміз. Кітап біздің ақыл-ойымызды өсіреді, ғылым мен техниканың жаңалықтарымен таныстырады, өмірде не болып жатқанынан хабардар етеді. Білім бастауы болған кітапты ұқыпты ұстау, оны жан досыңдай қадірлеуге әрқайсысың міндеттісіңдер. Кітап адамға қандай кезде де ақылшы, дос бола алады.

2-ЖҮРГІЗУШІ: Мерекемізді жалғастырайық. Ендігі кезекті қазақтың мақал-мәтеліне берсек. Бұл біздің мектебіміздің оқушыларына арналады. Сенің сүйікті мақалың қандай?

1-ЖҮРГІЗУШІ:
Менің ең сүйікті мақалым: Оқу-күрекпен құдық қазғандай / инемен

Мен шамасы дұрыс айтпадым-ау деймін. әріптер де, сөздер де бытырап, біртүрлі шашырап кетті ме, қалай?

Ендеше мен сендерді көмекке шақырайын, менің айтқан мақал-мәтелдерімді түзетуге көмектесіңдер.

1. Қына басқа бітеді / тасқа


Білім шашқабітеді /басқа
2. Біліп тұрсаң да, сұрама / сұрап ал
3. Аз біл, көп сөйле /Көп біл, аз сөйле
4. Көрмес – шошқаны да көрмес /түйені
5. Өнер алды – ұзын тіл /қызыл тіл
6. Жығылып жатып, жығылғанға күлме /сүрінгенге

2 - Жүргізуші:


Қадіріңді кезінде
Білмепті ғой ұланың.
Қазір әрбір сөзіңе,
Елеңдейді құлағым.
Бірдей етіп ұстадың.
Демей бізге бөтенсің.
Кейде акылын ұстаздың,
Сағынады екенсің.
Сол ұстазға жаны нұр,
Демек үлкен адаммын.
Есейсек де бәрі бір,
Баяғы шәкірт, балаңмын-деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз.

1-Жүргізуші:


Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/

Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік


  • ramuk_b

 

  • 19 қыркүйек 2019

 

  • 116352

 

  • 0

  • 100

Мұғалімдер күні мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.


Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Би: «Ақбұлақ»

І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,


Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.

ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,


Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –

І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық


нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Ұлжан.


«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

І жүргізуші: Иә, Жеңісбек.


Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.

ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.

І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!


Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.

І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.

І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.

І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Ғалымбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!


«Той бастар» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.

ІІ жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.

І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.


Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне ауыл әкімі Бибісара апайдың жылы лебізін тыңдасақ.


Рахмет, апай!

ІІ жүргізуші: «Қазақ қызы» орындайтын 8 – класс оқушысы Қуанышбай Әбдуали.


І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Кемал ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші: «Ұстазыма» орындайтын 7 – класс оқушысы Жеткербай Гүлзат.


І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Жеңісбек менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.

ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?


І жүргізуші: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.

ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.


Ұлжан, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,


Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Мейрамбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!

ІІ жүргізуші: «Асыл досым» әні орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.


І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.

І жүргізуші: Жеңісбек, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ұлжан.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.

І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін - өзі басқару ұйымының президенті Әбілова Ақмаралға береміз. Рахмет !


ІІ жүргізуші: «Ұстазым» әні орындайтын 7 – класс оқушысы Жұматай Тұрсынай.
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Ғалымбек ағайғ береміз. Рахмет, ағай!
«Достар» әні орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.

ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,


Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.

І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,


Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !

ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар !


Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!

Ұстаздар күніне тәрбие сағаты бастауыш сынып(Ұстаз – ұлы  тұлға)

 

Ұстаз – ұлы  тұлға.



    Сабақтың   мақсаты:а)Оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру.Мере-
келерімен құттықтау.
            ә)Танымдық қабілетін арттыру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты  нығайту.
             б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін               
     ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәр-
     биелеу.
     Сабақтың түрі:Әдеби-музыкалық бағдарлама.
     Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу,ән шырқау.
     Көрнекілігі:Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер,гүл шоғырлары,   
    шарлар.
     Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі. 2.ҚРмемлекеттік Әнұраны.

   Балалардың бағы болып басты әні,


   Ұстаз елді болашаққа бастады. 
   Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
   Ашық болсын туған елдің аспаны.

  Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,


  Арайлап ата берсін таң күліп.
  Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып, 
  Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
   Мұғалімнің құттықтау сөзі:Сәлеметсіздер ме,құрметті  ұлағатты  ұстаздар!
Сіздерді  дәстүрлі ұстаздар  мерекесімен шын  жүректен құттықтаймыз.Баршаңыз-дың  отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық  табыстар
тілейміз.
    Ұстаз!Осы  бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән-мағына ,қасиетті  ұғым жатыр.Ұстаз  алдынан өтпейтін  ешкім  жоқ. «Жақсы  мұғалім—мектептің  жүрегі»-- деген  Ы.Алтынсарин  атамыз.Жүрексіз  өмір  болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті
арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз--ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.    
                           Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,
                           Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
      Мұғалім деген –аяулы адам асыл жан,
      Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.

   Хормен барлығы:


Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
 Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық. 
                    Аяулы  ұстаздардың  бұл  мерекесін  
Барлығымыз  қуанып  қарсы  алайық!
                 Жанерке
   Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
   Жақсылықтың шырағы болып шағылар.
   Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
   Шәкірттеріңнің жүрек сөзін қабыл ал.
                                     Абылқайыр
  Армысыздар,мұғалімдер –әз жандар,
  Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 
  Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
  Би-билеп,әнде бүгін шырқалар.
Аружан
Ізгілікті өн бойына жинаған ,
   Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған.
   Қалап берген ірге тасын білімнің, 
   Хош келіпсіздер-дүниеге сыйлы ұстаздар!
              Дәнебек
   Әр жүйенің еңбекте   тірегісің,
   Тәрбиенің мектепте жүрегісің.
   Жасыл баққа сән берген бағбандай-ақ 
   Жас ұрпаққа үлгі боп жүрер ісің.
              Карима
  Ғылым иесі ғалым да,ел қорғаған батыр да,тілінен бал тамған ақын да, мал бағып терін төккен шопан да,ғарышкерде бәрі-бәрі ұстаздан тәлім- тәрбие алған,сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Ән:Хор. «Мұғалім ол біздің»
            Арайлым  
 Әдетте оқушының бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз.

Аяулым                                                                       


 Анадай бесік тербеткен  
    Түн қатып,сансыз дәптерге ғана түнейсің.
    Суарып білім шәрбетпен
    Дүниеден бізге жақсылық қана тілейсің.
                     Олжас
    Үйретіп  өмір  ұстазым
    Үлгілі  іске нұсқадың
    Ақкөңіл ,іскер қашан да,
    Ақылшым –менің ұстазым! 
                    Мерей
    Білдіріп  шәкірттердің  ақ  ниетін
    Ұстаздық  алып  жүрген  атын  еркін
    Біз  сізге  алуан  гүл ғып  ұсынамыз
    Жүректің  алғысы  мен  рахметін. 
              (Өздерінің  гүлдерін ұстаздарға  беріп, құттықтайды)  
                                        Ердәуіт
                          Шәкірттерін  азамат  қып  саналы,
                          Ұстаз  ана –дана  бола  алады,
                          Ең  бастысы  ұстаз  мына  өмірде
                          Ұлағат боп,ұлылық  боп  қалады.
Мұғалім:Ендеше  ұстаз  сөзінің  формуласы  қандай?(сол  сәтте  бес  оқушы  шығып ұстаз  сөзінің   формуласын  көрсетіп  айтады)
Ұ – ұлағатты
  С – салмақты
 Т – тапқыр
 А – ардақты
 З – замандастай  зиялы
      Ән: «Ұстазым» (хор)
                                    Аружан
                      Ұстаз  болу –жүректің  батырлығы
                      Ұстаз  болу –сезімнің  ақындығы
                      Ұстаз  болу  мінездің  күн  шуағы
                     Азбайтұғын  адамның  алтындығы
                                   Саят
                     Ұстаз  мейірі  мен  ана  мейірімі  егіз
                     Ұстазы  бейілді  болса,  
                      Шәкірті  зейінді  келеді
Өмірдің  діңгегі—ұлы ұстаз.
                             Мадина
                    Мұғалім! Бұл адамның  ардақты  аты ,
                    Білімдік бар биікке  шығар  саты
                    Ең  алғаш  басталады осы  адамнан,
                    Сүйеді  сондықтан да  жақын  жатты
Бекзат
                    Жайраңдап көктемім
                Күледі көкте күн
 Құшағын жайып
  Аяулы мектебім
Санама нұр құйған 
 Ұстазым көп менің.
Бекзат
Сөз сөйлесе,жарқын-ақ
Күніміздей жарқылдап
Қызық өтіп сабағы
Өсіреді ой- сананы ,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.
          Аяжан
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе 
Өнеге мол өзіңе
Өсиет көп өзінде 
Көзімнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті, кеңпейіл 
Ұстаздарым осындай.
          Дәурен
Қоңырау дауысы сыңғырлап құлаққа,
Естіледі,тынбады созылды ұзаққа.
Жүректі тербеді,сезімді серпілтіп
Мектепке ұмтылдым,жүрсем де жырақта.
         Ерлан
Мынау менің сезгенім 
Ол—сыныптың анасы
Өзінің де,өзгенің
Баласы—оның баласы
      Асхат                                                                                                                                                                                                                                                                                                          
Күнде бестік алсаң сен
Онда басқа жоқ арман
Ал, оқымай барсаң сен
Бір тал шашы ағарған.
     Ердәулет 
Әліппені қолға алып 
Әріпті алғаш таныдық 
Талай тоқсан толғанып 
Сырын ұқтық қанығып
         Балғынбек
Ардақты менің ұстазым
Әліппені оқытқан
Білімнің кілтін ашатын
Кеудеме сырды тоқытқан.
Аяулым
Білімді де зейінді
Білмейтін еш кеюді
Ұстаз болам мейірлі.
Білетін бар өнерді ,
Білгір сөзі мәнерлі, 
Ұстаз болам өнерлі.
Зерттеп терең ғылымды 
Зерлеп ерен ілімді.
Ұстаз  болам білімді.
Көп шәкіртті баламдай
Көретін,ой санам бай.
Ұстаз болам анамдай! 
Мұғалім:Сүйікті ,парасатты мұғалімім
Өзіңдей жанымды ұғады кім?
Бас иіп,шәкіртіндей құрмет тұтып 
Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.
Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек
Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет
Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы!--
деп,Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шумақтары арқылы өзінің ұстазына деген сезімін осылай білдірген екен.
       Мұғалім:Келесі кезектіұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.
        Арайлым
Ұстаздық—ұлы  құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
                           Абылхайыр
Мұғалім—оқушы  үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
                           Жанерке
Мұғалім—өзінің  білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
                            Дәнебек
Мұғалім—өзінің  бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.
                        М.Аружан
Әдетте оқушы бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз!
 Карима
Көрдім де соларды-қызықтым  ісіне 
Сан сұрақ оралды-ұстаздың ісіне
Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол—Ана! 
Өмірдесеніде,мені де ешкімге қаққызбай,
Ұстаз кім?Мұғалім ол—дана!
Жасқа да,қартқа да қамқоршы сол ғана
Ұстаз ба?Ұстаз ол—ер диқан.
              Аяулым
Ұстаз кім—ол  зергер,дәрігер,қайраткер.
Ойында оның ел болашағы сайрап тұр.
Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған.
Ертеңгі ғалым,президент,не маман,
Ғарышкер де,қаламгер де,әртіс те
Мұғалімге де нарық салып салмақты
Мойымайтын дархан тұлға
Ұстаз ғана емес пе?    Аружан
Сондықтан да ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

Бәрі (Хор)


Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Енді концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар!
1. «Анашым»әні.                      Серикбаева А 
2. «Ана туралы жыр»әні.Рахымберді А
3. «Кішкентай балапан»әні.   Қалдыбаев Б
4. «Ертегілер елінде»әні.        Рахымберді А
5.Би.   Серикбаева А
Осымен ұстаздарға арналған мерекелік кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңыз  үшін көп  рахмет.

Ұстаз туралы ашық сабақ

С 1 числа жизнь казахов не будет прежней. Лучше присядьте...

Порочная казашка не смогла отличить в темноте друга от мужа и устроила ему...

Вот, кем была Гурченко на самом деле! Тайна всплыла только после смерти

 Бастауыш сынып ашық сабақтар



Сабақтың тақырыбы : Ұстаз

Мақсаты : Білімділігі :Оқушыларға тақырыптың мазмұнын түсіндіру,негізгі идеяны ашу. Оқиғаның мазмұнын айтуға төселдіру.Топта  жұмыс істей білу, өзбетінше жұмыс істей білу дағдыларын шыңдау.

Дамытушылық : Балалардың сын тұрғысынан ойлауын  дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз ойын еркін айтып, дәлелді сөйлеп,дисскусия жүргізе білуге үйрету.
Тәрбиелік:Ұстаздың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс –тәсілдері : Сұрақ –жауап, әңгімелеу, тест,аквариум, ассоциация, дөңгелек үстел.

Түрі : интегративтік  сабақ

Формасы : жалпы оқушылармен, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, музыка.
Техникалық құрал: теледидар, ямаха, бейнетаспа, слайд.

Көрнекілігі : Слайтдан тірек схема, топшамалар.

Сабақтың барысы :  І . Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  2. Психологиялық дайындау.

Мұғалім: «Сәттілік тілеймін»

ІІ . Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге берілген  «Алғашқы қоңырау» тақырыбы бойынша  сабақ сұралады. (Ямахадан «Сыңғырла  қоңырау» атты өлеңнің музыкасы естіліп тұрады.)



ІІІ . Өткенді  пысықтау.

І топ Тест алынады.



  1. Қазақстанда «Қызыл кітап» қай жылы шыққан?

А) 1957 жылы                   ә) 1997 жылы        б) 1998 жылы

  1. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?

А) 25-26                    Ә) 33-34                  б) 29-30

  1. Отбасына кімдер жатады?

А) Әке , ана, ұл,қыз

ә) достар,ұстаздар

б) көрші, бөле.

ІІ топ Жұптық жұмыс


  • Сезім мүшелерін жаз :

Жауабы : көз, құлақ, мұрын,  тіл, тері

  • Табиғаттағы су неше күйде болады?:

Ж: қатты,сұйық, газ

  • Пайдалы қазбалар дегеніміз не?

  • Табиғат құбылыстары дегеніміз не?

ІІІ топ Сөзжұмбақ шешу

  1. Есту мүшесі

  2. Адам денесінің тірегі

  3. Жердің өсімдік өсетін беткі ,құнарлы қабаты

І топтың  жауабы  бойынша          ата-аналардың суреті

ІІ топтың жауабы бойынша          оқушылардың суреті

ІІІ топтың жауабы бойынша         Ұстаздың суреті шығады.

Слайдтан бүгінгі  тақырыптың  суреті шығады.



ІҮ.  Жұмбақ

Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім жаны асыл?

(Ұстаз)


Ән: «Ұстазым»

Ү. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықтарын ояту.

І топ «Топтау» әдісін жүргізу.












 

 

 



              Ұстаз










 

 

 



ІІ топ «Дөңгелек үстел » әдісі

Ұстаз туралы өлең, мақал –мәтел , тақпақ айту.

ІІІ топ «Болжау » әдісі

Слайдтан шыққан сурет бойынша  бүгінгі тақырып туралы  өз ойларын айту. (АТА-АНА, ОҚУШЫ, МҰҒАЛІМ)

Жаңа сабақ бойынша мағлұмат беру.

Ұстаз болу — жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу- мінездің күншуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

Ұстаз! Осы бір сөздің  өзінде қаншама мән мағына , құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.

«Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, ұстазсыз білімнің де, тәрбиенің де іске аспайтыны белгілі. Ұстазсыз нақты өмірдің  тұтқасын  ұстау мүмкін емес.



ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

  1. Іштей оқыту.

  2. Аквариум әдісі бойынша үш топтан үш оқушы шығып түсінгендерін айтады.

ҮІІ. Сергіту сәті.

«Құпия хат»

Биылғы  оқу жылында  дүниетану оқулығы жетіспейді. Базардағы  оқулықтың бағасы  500 теңге. Ұстазым маған өте ескі  мұқабасы жыртық кітап берді. Менің  бұл көне кітапты ұстағым келмейді. Шынымды айтсам  ұстазыма ренжіп қалдым.

Достар , мен не істерімді білмей жүрмін. Маған қандай  ой қосар едіңдер?



ҮІІІ. Шығармашылық тапсырма.

І топ . Пантомимо көрсету

(ұстаздың еңбегіне байланысты)

ІІ. топ Ұстазға байланысты  өлең, жұмбақтар шығару.

ІІІ топ Алғашқы ұстаз неге  ерекше  «ыстық»?

(Өз ойларын  айтады)

 

ІХ. Сабақты бекіту

1.Ұстаз сендерге несімен ұнайды?

2.Бейнетасадан оқушылардың алғаш мектепке келген кездерін көрсету.


  1. Сандықта не бар деп ойлайсыңдар?

(Слайдтағы сандықтан  ақыл –кеңестер жазылып шығады.)

  1. Мұғалім өлең оқып береді.

Әріптерді үйретіп,

Жақын болған кім бізге.

Жамандықтан жирентіп,

Ақыл болған кім бізге?

Десек ол жан –мұғалім,

Таласады сірә кім ?

 

Қапастағы елдердің,



Мұңын айтқан кім бізге?

Көрікті сан жерлердің,

Сырын айтқан кім бізге?

Десек ол жан –мұғалім,

Таласады сірә кім ?

 

Аңыз , ертек, ән жырдың,



Бәрін бойға құйғыздың.

Санамызға сен біздің ,

Бар асылды сыйғыздың.

Жақтың білім шырағын,

Рахмет саған  мұғалім!

 

Х. Үйге

Мәтінді түсініп оқу.

Ұстаз туралы әңгіме жазу.



ХІ. Бағалау, мадақтау.

Қазақстанның жарқыраған жарық жұлдызы  болыңдар! – деп оқушыларға  жұлдызша беріледі.



Хор: «Бастауыш мектеп»

Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!

06 қараша 2013, Сәрсенбі

Категориясы: Тәрбие сағаты



Рахия

Тақырыбы: Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем!

Мақсаты: Оқушыларды ардақты да аяулы ұстаздарын құрметтеуге, сыйлай білуге үйрету, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сахна мерекелік кешке арналып безендіріледі. Мақал - мәтел, нақыл сөздер жазылған плакаттар ілінеді.

1 - жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Бүгін - Мұғалімдер күні.


Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған ұлағатты ұстаздар, мерекелеріңіз құтты болсын! «Ұстазым, ұлағатым, үлгі - өнегем» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!
2 - жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі - бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған.
Ұлағатты ұстаздар! Сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

1 - оқушы: Сая


Ұстаз деген қасиетті адам бар,
Біле білсең, сенің екі анаң бар,
Бірі - сенің туған анаң болса егер,
Екінші анаң - ұстаз деген данаң бар.

2 - оқушы: Айгерім


Ұстаз ана - болашақтың анасы,
Ұстаз ана – ақыл - білім анасы,
Жүзіндегі пәк мейрімді көргенде
Әр шәкірттің оянады санасы,

3 - оқушы: Гүлжайна


Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін,
Құрметтейік, мәпелеп,
Ұстаздардың есімін

4 - оқушы: Жібек


Сыйлай бәрін еліңіз,
Сізге жыр да, тілек те,
Шыңға өрлей беріңіз
Білім сеуіп жүрекке.
Домбырасын қағып қап
Төгілдірер нелер саз
Шабыты асқақ шарықтап
Ортаға шықсын өнерпаз

5 - оқушы: Эльвира


Жыр өнерін жалғаған,
Тайпалдырсын, жорғасын,
Өздеріңе арнаған
Әнін жырау толғасын.

6 - оқушы: Мөлдір


Ұстаз болам өзіңдей,
Үйретер ақыл, парасат,
Аянбай еңбек ететін,
Болсыншы деп бала шат!

1 - жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,


Жеміс күткен гүл ашпаған бақшадан.
Жігерің мен талантыңды жұмсамай,
Оңай боп па тәрбиелеу жақсы адам
Осы жолдың қиясы мен өрі бар,
Сүріндірер қиын өткел жолы бар.

2 - жүргізуші: Көп ізденіп алсаң биік бұл шыңды,


Отырғызар шын құрметтеп төрі бар.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған,
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам!

Би: «Қазақ биі»

1 - жүргізуші: Жақсылық атаулыға жаршы жандар,
Жамандық атаулыға қарсы жандар,
Баланы сусындатып өсіруге
Білімнің бұлақ көзін аршығандар

2 - жүргізуші: Ұстаздар қандай ғажап халықсыздар,


Шәкіртке шындай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.
Ән «Ағажан» Орындайтын: Сағиева Сымбат.
Ұстаздарға арнау

7 - оқушы: Бахтияр


Келешекті кезінде
Кесіп айтар өзіңе.
Өнеге мол өзінде,
Өсиет көп сөзінде.
Көп шәкірттің досындай.
Бақыт апай осындай.

8 - оқушы: Қ. Әлішер


«Білім» десе бойымызда тұрар күш.
Шәкірттері шетінен тіл алғыш.
Талай рет тентектікті кешірген,
Индира апай өзіңе мың алғыс!

9 - оқушы: Сая


Теңейміз біз оны кейде жұлдызға,
Үлгі тұтып келешек жас ұл - қызға.
Дүние жүзінің географиясын жаттатқан
Жан жете ме жайсаң апай Гауһарға!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет