22 апреля 2016 Cыныптан тыс, Tәрбие сағаттары Пікір қосу 871 рет қаралды
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
«Кинорежиссер А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ
Таирова Алтынгуль Хамитовна
«Ұстазым менің ұстазым»
Мектепішілік мерекелік шара
Өткізген:11 сынып жетекшілері мен оқушылары
«Ұстазым менің ұстазым» атты мұғалімдер күніне арналған сценариі:
І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
І жүргізуші: Ұстаз … Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың .
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші: Иә, .
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстазым менің ұстазым» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Оспанов Ертай Ебікейұлына береміз береміз.
«Ұстазға » әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын «Мадина» дуэті
ІІ жүргізуші: Ұстаздар мерекесіне арналған бүгінгі кешіміздің қонақтары «Түнгі студия» әртістерін қарсы алайық.
Нұрлан Қоянбаев: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
Біздің бүгінгі кешіміздің тақырыбы «Ұстазар асыл жандар» деп аталады.
Әртүрлі ойындар профессоры: Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
Нұрлан Қоянбаев: Олай болса бүгінгі кешіміздің қонақтарын қарсы алайық!
Ардегер ұстаз, қазіргі ұстаз, жас ұстаз.
Нұрлан:бүгінгі мерекеге орай біздің ұстаздарға ән шашуын алып келген әнші ұлдарыңыздың ән шашуын қабыл алыңыздар « » орындайтын …
Нұрлан: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Мүбарак ағайға береміз. Рахмет, ағай!
Қонақтарға сұрақтар: ұстаздық еңбек жолыңызда есте қолған қызықты сәттеріңізбен бөліссеңіздер?
Әртүрлі ойындар профессоры:
Ойын:
Нұрлан:
І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік кешімізде әзіл сықақтарға кезек келді.
«Мектеп өмірі»
ІІ жүргізуші:
Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
Ән: «Шайхана» Ләйлә Дастановна
І жүргізуші: … , ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, … .
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
І жүргізуші: Ұстазым менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс жазым
Өзіңсің жаным мәңгілік
Жадымда қалар жаңғырып- дегендей ұстаздарға арналған жүректен шыққан лебіздерімізді арнаймыз: «Ұстазым» ұлдар триосы
ІІ жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігі мерекелік кешіміздің сахнасында ұлдарыңыздын сыйлығын қабыл алыңыздар.
Би:ұлдар
І жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған
ән: «Астана» Сайлауов Диас
ІІ жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын !
Ән: «Ұстазым» хор
І жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар !
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазым менің ұстазым» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Мұғалімдер күніне арналған мереке сценарий
(Сахна әдемі безендірілген. Ұстаздарға арналған көңілді әуен ойнап тұрады.)
1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар қауымы! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бала жанының бағбанына айналған сіздердің оқушылар өмірінде алатын орындарыңыз ерекше. Өйткені сіздер оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беріп, ізгілік нұрын құюдасыздар. Сол үшін де сіздерге мың алғыс! Ендеше өздеріңізге арналған мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1. «Жас ұлан» ұйымының атынан 8-сынып оқушысы Жарқынбек Самғардың құттықтауы.
2. 4-сынып оқушыларының орындауында «Ұстазым» әні орындалады.
2-жүргізуші: Ал енді ұстаздардың қатысумен өтетін «Қызық екен» ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
(Ұстаздар екі топқа бөлінеді. Әр топтан үш-үштен ойынға қатысатын мұғалімдер іріктеледі, қалғандары өз топтарының ойыншыларына демеуші ретінде қатысады.)
Ойын шарты таныстырылады. Екі топқа барлығы 13 сұрақ қойылады.
1 сұрақ. Жапон мектептерінде оқушылар сабаққа неге кешігіп келмейді?
Мектепті ішінен жауып алады +
Кешіккен оқушыларды жазалайды
Оқушылар мектепте қонады
2-сұрақ. Піскен жұмыртқаны бөтелкенің ішіне қалай кіргізуге болады?
Суық су арқылы
Ыстық су арқылы+
Жылы су арқылы
3-сұрақ. АҚШ-тың мемлекеттік туындағы жұлдызшаларды кім ойлап тапқан?
Мұғалімдер
Қаңғыбастар (БОМЖ-дар)
Оқушылар +
4-сұрақ Жалақыны ең көп алатын мұғалімдер қай елде?
Швейцарияда+
Қытайда
Қазақстанда
5-сұрақ Мұғалімдер күні алғаш қай елде атап өтілді?
Жапония
АҚШ
КСРО+
6-сұрақ Кентавр туралы аңыздардың кейіпкері, прототипі кімдер?
Сақтар+
Қазақтар
Ғұндар
7-сұрақ Ең ұзын әліпби қай елде?
Америкада
Италияда
Камбоджияда +
8-сұрақ “Бамбук” деген не?
Ағаш+
Шөп
Гүл
9-сұрақ Ең жылдам ұшатын жәндіктер?
Ара
Маса
Инелік +
10-сұрақ Оңтүстік Америкалық бақалардың бақашабақтарының ерекшелігі?
Есейген сайын денесі өседі
Есейген сайын денесі кішірейеді+
Денесі туғандағы қалпын сақтайды
11-сұрақ Қай қолдың тырнақтары тез өседі?
Оң қолдікі
Сол қолдікі
Көбірек қимылдайтын қолдың +
12-сұрақ Есінеу кезінде қандай процесс іске асады?
Миға оттегі барады+
Ұйқы келеді
Ұйқысы ашылады
13-сұрақ Мидың салмағы кімдерде көбірек?
Еркектерде+
Әйелдерде
Екеуінде де бірдей
ӘН. 4-сынып оқушыларының орындауында
Көрініс. 10-сынып оқушылары
Мереке соңында барлық оқушылар «Ұстазым» әнін хормен айтып, мұғалімдерге естелік сыйлықтар таратады.
Достарыңызбен бөлісу: |