Диагностика жасау үдерісі кезеңдерінің екінші бір түрін Корч Ивонна ұсынады:
Диагностика жасау үдерісі кезеңдерінің екінші бір түрін Корч Ивонна ұсынады:
Объектіні диагностикалық тексеру және диагностикалық ақпараттарды жинақтау;
Мәліметтерді өңдеу диагноздың болжамды түрін құрастыру;
Дифференциалды диагностика;
Диагнозды негіздеу және бағалау;
Объектіні қосымша тексеру және жеткіліксіз ақпараттарды жинау.
Педагогикалық диагностиканың мәнін оның атқаратын функциялары арқылы талдауға болады.
Педагогикалық диагностиканың мәнін оның атқаратын функциялары арқылы талдауға болады.
Педагогикалық диагноз - бір ғана сөзден тұрмайды, кең мағынада жүйелі түрде болады. Қазіргі педагогикалық диагностикада педагогикалық диагноз - ауруды анықтамайды, сонымен қатар психологиялық ауруларға болжам жасамайды. Педагогикалық диагноз кез - келген сау адамға қойылып, сонымен қатар психикалық қасиеттердің комплекстік бейнесін береді,- қабілеттілігін, стилін және адамның өзіне байланысты себептерін, Мысалы,бір адамда бір уақытта бірден бірнеше қабілеттер анықталады: креативтік дамуының жоғары деңгейі, вербальдық(ауызша) интеллекттің орташа деңгейі, социалдық табысқа жетуінің негізі, себептердің негізінде зейінді концентрациялау қабілеттілігінің төмен деңгейі.