12.МҚ жобалау. Концептуалдық жобалау.
Концепция жобалық құжаттаманы әзірлеудің бастапқы нүктесі және кез-келген жобаның сәттілігінің негізі болып саналады. Құрылыс концепциясын әзірлеу идеясына нормативтік талаптарды, сондай-ақ құрылыс учаскесінің топография және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оның ең жақсы пайдаланылуын анықтау үшін тапсырыс берушінің қалауы ескеріледі.
Концептуалды нұсқа негізгі сәулет-жоспарлау және құрылымдық шешімдерді көрсетеді және ғимараттың отырғызылуын, оның өлшемін, бағдары мен қабатын, негізгі сипаттамасын, ішкі инфрақұрылымын, аумақты көгалдандыру мен абаттандыруды айқындайды.
13.МҚ жобалау. Логикалық жобалау.
Логикалық жобалау – деректер құрылымындағы деректерге қойылған талаптарды түрлендіру. Нәтижесінде деректер қорына бағытталған МҚБЖ пайда болады. Осы кезеңде әртүрлі МҚБЖ қолданылатын деректер қорының моделін құрастырады және моделдердің салыстырмалы талдауы жүргізіледі.
14.МҚ жобалау. Физикалық жобалау.
Мәліметтер қорының физикалық жобасын жасау кезінде бірінші тапсырма мәліметтердің логикалық моделінің негізінде құрылған қатынасты мақсатты МҚБЖ ортасында жүргізілуі мүмкін формаға түрлендіру болып табылады. Бұл үрдіс таңдалған МҚБЖ-ның функционалды мүмкіндіктері жайлы терең білімнің болуын талап етеді. Өңдеуші келесілерді білуі керек:
Жүйе бірінші кілттерді, сыртқы кілттерді және альтернативті кілттерді анықтауды қолдайды ма;
Анықтау жүйесі міндетті мәліметтерді (яғни жүйе NULL мәнін қолдануға тиім салынған атрибутты анықтауға көрсететіне мүмкіндік бере ме)қолдайды ма;
Иерархиялық модель – IMS PC/Focus, Team-UP, Data Edge;
Желілік модель- IDMS, db-Vista III;
Реляциялық модель - Dbase, DB2(IBM), FoxBase және FoxPro (Fox Software), Paradox, Dbase for Windows жәнеInterBase (Borland), Visual FoxPro және Access (Microsoft), Clarion (Clarion Software), Ingress (ASK Computer Systems), Oracle (Oracle), Informix;
Постреляциялық модель - Bubba, DasDb;
Көпөлшемді модель - EssBase (Ardor Software), Media Multi-matrix (Speedware), Oracle Express Server (Oracle), Cache (InterSystems);
Объектілі бағытталған модель – POET( POET Sofyware),Jasmine (Computer Associates), Versant (Versant Technologies), 02 (Ardent software), Iris, Orion, Postgress,ODB-Jupiter.
Мәліметтер қорының сервері ретінде келесі МҚБЖ-ларболуы мүмкін: NetWare SQL (Novell), MS SQL Server (Microsoft), InterBase (Borland), SQLBase Serve (Gupta), Intelligent DataBase (Ingress), Oracle, Informix көптеген пайдаланушыларға арналған МҚБЖ болып табылады, ол текті емес ортада жұмыс істейді (әртүрлі ЭЕМ мен ЖЖ).
МҚБЖ-ның негізгі қызметіне келесілер жатады:
мәліметтерді құру және бақылау;
мәліметтерді қорғау және бақылау;
көптеген пайдаланушылардың мәліметтерге қол жеткізуі;
пайдаланушыға мәліметтерді манипуляциялау мүмкіндігін ұсыну;
қолданбалы программаларды құру мүмкіндігі.
15.Реляциялық мәліметтер қоры. Негізгі концепциялар.
Достарыңызбен бөлісу: |