«Мәліметтер қорының теориясы» пәнінен емтихан сұрақтары: Мәліметтер қоры теориясының негізгі ұғымдары



бет1/15
Дата05.09.2022
өлшемі1,26 Mb.
#148753
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
«Ì?ë³ìåòòåð ?îðûíû? òåîðèÿñû» ï?í³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Ì?ë³ìåò


«Мәліметтер қорының теориясы» пәнінен емтихан сұрақтары:


1.Мәліметтер қоры теориясының негізгі ұғымдары.
Мәлiметтер қоры – ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады. Кесте – мәлiметтердi жазба (жол) және өрiс (бағана) түрiнде сақтауға арналған обьект болып табылады. Әрбiр кесте нақты бiр сұрақ бойынша мәлiметтердi сақтауға қолданылады.Мәлiметтер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалар деп, бағандары өрiстер деп аталады. Дәлiрек айтқанда мәлiметтер қорында, кестедегi әрбiр жол жазба болып табылады, ал жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi.
2.Мәліметтер қорының жіктелуі.
Мәліметтер қорының(МҚ) жіктелуі.
Мәліметтер қорының мәліметтерін ұйымдастыру үш типке бөлінеді:
МҚ-нің иерархиялық түрі – бұл әртүрлі нысандардың жиынтығын береді. Мұнда төменгілер, жоғарғы деңгейдегі нысанға бағындырылады. Мысалы: балалар емханасындағы медициналық карталарды сақату қалай ұйымдастырылады? Балалардың барлық медициналық карталары адрестеріне қарай учаскелерге бөлінеді. Әрбір учаскенің ішінде олар балалардың туған жылдарына қарай бөлінеді, әрі қарай олар алфавит бойынша орналасады.
Желілік МҚ – бұл әрқайсысы өзара бір-бірімен байланыста болуы мүмкін түйіндер жиыны. Мысалы: интернеттегі ақпаратты ұйымдастырулар.
Реляциялық МҚ – бұл ақпараттан тұратын кестелердің арақатынасына негізделген.
3.МҚ архитектурасы. Мәліметтер қорын ұсыну деңгейлері.
Мәліметтер қорында деректерді ұсынудың екі деңгейі бар: физикалық және логикалық. Физикалық деңгейге дискіде сақталатын мәліметтер қорының файлдары, ал логикалық деңгейге кесте кеңістігі, қолданушы схемалары кіреді.
4. «Файл-сервер» және «клиент-сервер» архитектуралары
Деректер базасының архитектурасы
Деректер базасы – белгілі бір пәндік аумаққа жататын құрылымдықтүрі бар деректердің атауы бар жинақ.Деректер базасы үшін ақпаратты өңдеу және рұқсат алу тәсілдері бойынша, сонымен қатар деректер базасының орналасқан орны бойынша қосымшалар архитектурасы бірнеше түрлерге бөлінеді.
•Жергілікті архитектура – программа және деректер базасы бір компьютерде орналасқан.
•Файл-серверлік архитектура – деректер базасы сервер деп аталатын желідегі негізгі (орталық) болып бөлінген компьютерде орналасады. Ал клиенттік программалар орнатылған дербес компьютерлер оған жергілікті желі бойынша қосылған. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір деректер базасымен бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігін береді.
Клиент-серверлік архитектура – деректер базасы серверде сақталады және мұнда пайдаланушылар сұраныстарын өңдейтін деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) жұмыс істейді. Бұл архитектурада пайдаланушылар деректер базасымен қойылған тапсырмаларды орындайтын және алынған нәтижені қайтаратын ДББЖ арқылы жұмыс істейді. Табылған деректер клиентке желі бойынша серверден клиентке қарай жіберіледі. Клиент – сервер архитектурасының ерекшелігі SQL – құрылымдық сұраныстар тілін пайдалану болып табылады. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір уақытта бір деректер базасымен жұмыс істеуге рұқсат етеді.
Таратылған архитектура – деректер базасы бірнеше серверлерде сақталады және олардың әрбіреуінде ДББЖ көшірмелері болады. Сонымен деректер базасы және клиенттік қосымшаларға ұқсас архитектурада қосымшалар серверлері және компоненттер қолданылады. Қосымшалар серверлері пайдаланушылар сұраныстарынөңдеуге және желідегі компьютерлер арасындағы жүктемені біркелкі бөлуге рұқсатетеді. Компоненттер – бұл бөлінген серверде күрделі есептеулерді орындау үшін қолданылатын программалар.
Интернет-архитектура – деректер базасы және ДББЖ бір компьютерде орналасады, ал оларға рұқсат алу желілік протокол стандарты бойынша броузерлер арқылы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет