«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет30/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

Түйінді сөздер: макроэкономика, динамика, инфляция, өзара әсер
Дәріс жоспары:

  • Макроэкономикалық динамиканың жалпы моделі.

  • Экономиканың ашық өту моделі.

  • Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара әсері.

Макроэкономиканың негізгі динамикалық моделдерін қарастырайық. Сызықтық емес моделдер өнімдері аса үлкен емес, экономиканың өсу факторлары мен ұзақ мерзімді тенденциясын зерттеуге қолданылады. Олар жабық моделдер: инвестициялау, өндіру немесе тұтыну. Экономика құрылымы аса үлкен емес салалар санымен сипатталады. Олар экономика дамуын экзогенді айнымалылардың әр түрлі мәндерінде қорға сәйкес сызықтық емес өнім өндірілуін талдауға болады. Бұл моделдерде экономика дамуы шексіз уақыт интервалында алынады және экономикалық процестер дифференциалдық теңдеулер көмегімен сипатталады. Екінші түрі «Шығын-өнімді» сипаттайтын динамикалық көп салалы сызықты моделдер.

Қазіргі заманғы экономикалық теорияда жоспарлардың негізгі теориялары ерекшеленеді: жалпыға тиімді бап, протекционистік жоспарлау, саясатқа қарсы саясат, жоспарлаудың критикалық теориясы, стратегиялық жоспарлау, инкрементализм. Жалпыға тиімді бап есептеу нақтыланып, жүйелік талдау жүргізіліп, саяси баламасы өңделіп, нәтижелері таңдалады. Бұл кезде талдау жалпыға тиімді және қойылған есеп орындалатын болуы тиіс. Протекционистік жоспарлауда бірінші орында жоспарлау тиімді болатын адамдардың мүддесін қорғайды, басқа табысы төмен тұрғындар ескерілмейді. «Саясатқа қарсы саясатта» жоспарлау техникалық білімдерді қолдану арқылы анықталады.

Критикалық теория жоспарлаудың қоғамдағы билікті үлестіру әдістеріне сүйенеді. Корпоративті әлемде маңызды орынды стратегиялық жоспарлау алады. Оның әдістері мен принциптерінің ерекшеліктерін бейнелейді, кездесетін кездейсоқтықтарға назар аудару үшін ұйымдастыру интеграциясы мен координациясы қажет.

Инкрементализм шешім қабылдау процесі шексіз аз шамаға ұлғайғанда жүргізіледі. Экономикалық жүйелерді болжау процесінде ең үлкен тиімділікті болжау құрудың оптималды синтезделген жалпы аймақтың және салалық ыңғай таба білу маңызды. Бұл кезде болжаудың негізгі құрамын экономикалық және әлеуметтік мәселелер, ғылыми-техникалық есептерді шешудің мақсатты комплексті программалары құрайды. Есептің қойылған мақсатына сәйкес қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын дер кезінде өткізу мен бағалау мүмкін болады. Осы әдіс ҚР мемлекеттік органдарына тиімді.

Макроэкономикалық болжауда моделдердің үш класы қолданылады. Оның біріншісі салааралық баланстарды құру принципіне негізделеді. Бұл класс моделдері нақты секторлар құрылымына және ұлттық есеп жүйесіне бағытталған. Осы моделдердің ақпараттық базасына салааралық есеп берулер жатады. Оқулықтарда Леонтьевтің салааралық моделі ретінде белгілі.

Макроэкономикалық талдау мен болжаудың екінші класына СНС (система национальных счетов) –ҰЕЖ (ұлттық есеп жүйесі) алынады. Экономика бұл жерде активтер мен пассив баланстарына бөлінеді. Негізінен экономиканың 4-5 секторы таңдалады: нақты сектор есебі, бюджеттік есеп, ақша есебі, төлем есебі, ұлттық табыс және өнім есебі. Осы секторлар есебінің негізінде болжаулар эконометрикалық моделдер бойынша жүргізіледі, содан соң сектор аралық байланыстар матрицасы құрылып, сектор аралық ақша ағымдары анықталады.

Макроэкономиканың үшінші моделіне жалпы тепе-теңдік моделі жатады. Ол сұраныс пен ұсыныстың негізгі принциптеріне негізделеді (Вальрас заңы). Оның ақпараттық базасы салааралық баланстар есебі мен ҰЕЖ есептерімен құрылады. Сонымен бірінші класс-өндірістік секторға, екінші класс-ақша – несие секторына, үшіншісі-екінші және бірінші кластың тиімді үйлесім табуына негізделген.

Жұмыссыздың деңгейі мен инфляция арасында тұрақты байланыс бар (филлипс қисығы).

Сонымен қатар, динамикалық салааралық модель табиғи экономикалық түрде жинақталуды да, өндірістік емес тұтынуды да сипаттайды. Фон Нейман моделіндегі Х айнымалылар векторы және барлық моделді бөліктерге бөлуге болады, олар жинақталу мен өндірістік емес тұтынуды сипаттайды.

Бұл жүйеге қосалқы жүйе келесідей жазылады:

PA>PB


яғни Фон Нейманның бірден-бір жабық моделі таза табыс әкелмейді. Мұнан (t-1) жылдағы шығындардың нәтижесі t-жылы көрінетінін байқауға болады. Егер теңдік орындалса, онда (t-1) жылы салынған К капитал t-жылы қайтарылып натурал түрдегі пайда ақша айырмасымен қайтуы мүмкін. Фон Нейман моделінің жақтауында баланстың өсу траекториясының қасиеттеріне сәйкес әр түрлі оптималды экономикалық есетерді шығаруға болады.

Солоу моделі экономикалық өсудің бір салалы моделі болып табылады. Бұл моделде бір әмбебап өнім өндіріледі, инвестицияланады, анық емес түрде экспорт-импортқа шығарылады. Қазіргі кезде Солоу моделі тәжірибе жүзінде барлық экономикалық тұрақты немесе уақытша өсу себептерін анықтайтын зерттеулерде қолданылады. Солоу модель төрт айнымалы қарастырылады: Х-шығару, К-капитал, L-еңбек және Е-бір жұмысшының еңбек өнімділігі, ол оның білімі, кәсіптік деңгейі, денсаулығы т.б. байланысты.

Е-айнымалысы қоғамда алған білім деңгейін сипаттайды немесе технологиялық прогресс аспектілеріне сәйкес жұмысшының еңбек тиімділігін арттыруы. Х-айнымалысы K,L,E өндіріс факторлары өзгергенде ғана өзгеруі мүмкін.

Инфляция қарқыны неғұрлым жоғары болса, жұмыссыздың деңгейі төмен болады. Инерция құраушыларына байланысты келесі формула ұсынылған:



мұндағы Unairu-жұмыссыздықтың кейбір табиғи деңгейі, ол инфляцияға әсер етпейді. АҚШ 1970-2000 ж.ж. экономикасында алынған Unairu тәуелсіз бағасы 6,107% құрады. Егер Unairu берілген болса, онда қатынасты а және в белгісіз коэффициенттері бар сызықтық регрессия теңдеулері түрінде қарастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет