«МӘліметтерді талдау және экономиканы болжау» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Берілген алгоритм арқылы квадраттық экспоненциалды тегістеу жұмысын Exsel таблицалық процессорында жүргізу, көрсеткішке талдау және болжау жасау



бет114/122
Дата20.12.2021
өлшемі0,95 Mb.
#103840
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   122
Байланысты:
Анализ данных и эконом прогноз каз

Берілген алгоритм арқылы квадраттық экспоненциалды тегістеу жұмысын Exsel таблицалық процессорында жүргізу, көрсеткішке талдау және болжау жасау

Жұмыстың мақсаты: “ Көпфакторлы модельдің параметрлерін ауыт-

қулар арқылы анықтау ”



Қысқаша теориялық бөлім

Экономикалық процесстерді зерттеуде ең бірінші орында халық шаруашылықтарының, оның салаларының, өндірістік бөлімшелерінің және кәсіпорындарының дамуының динамикасын анықтайтын факторларды жан – жақты зерттеу қарастырылады. Аталған мәселелерді шешуде көрсеткіштердің өзара тәуелділігін, олардың бағыныңқылығын, корреляциялық әрекеттестіктің күшін бөлшектеп зерттеуге мүмкіндік беретін көпмүшелі регрессялық әдіс маңызды орын алады. Көпмүшелі модельдерде тәуелді айнымалы тәуелсіз факторлардың функциясы ретінде қарастырылады. Жалпы жағдайда регессияның көпмүшелі теңдеуі мынадай болады


() f (Х, Х2,…,Хр)

Аналитикалық функция (1) байланысқан динамикалық жұптық корреляциялануына негізделген қарапайым экстрополяциялық модельдер мен теңдеулерге қарағанда, сенімді баға беруге мүмкіндік береді.

Көпмүшелі модельге қосуға жататын көрсеткіш – аргументтерін іріктеуде дәстүрлік экономикалық талдауға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл кезде факторлар арасындағы байланыстардың мәні тереңірек және толық көрінеді, және олардың бағыттылығы мен тығыздығы айқындалады.

Көрсеткіш – аргументтерін таңдауда көрсеткіш регрессия теңдеуіне барлық бәсекелестік, факториалдық көрсеткіштерді жүйелі енгізуге көмек береді. Көпмүшелі модельде тек қалдық дисперсияны минималды ететін көрсеткіштерді ғана қалдыру керек. Көрсеткіштер арасындағы байланыстың түрін анықтауда тәуелді айнымалының әрбір факторлардың жеке ықпалының өзгеруін көрсететін график құруға көп көңіл бөлу керек. Егер бұл байланыс сызықтық болса, сәйкесінше регрессияның көпфакторлы теңдеуін қолданады



(2) о + 1 * + 2 * + … + р *

1, 2, …, р коэффиценттерін таза регрессиялық коэффиценттер деп атайды. Олар фактордың бір бірлігіне тәуелді айнымалылардың көбеюі немесе азайуын, тек модельге енгізілген барлық қалған көрсеткіштер тұрақты болған жағдайда.

Сызықтық модельмен қатар көпфакторлы корреляциялық тәуелділік кең таралған. Қисық сызықты функциялардың ішінен ең көп қолданылатындардың бірі – дәрежелік тәуелділік

(3) о * Х1а1 * Х2а2* … * Хр ар

Ең қарапайым өзгертулер арқылы дәрежелік теңдеуді мына түрге келтіруге болады

(4) о + 1 * + 2 * + … + р *

мұндағы lg ; Х i  lgХ i

Бұл теңдеулердің параметрлерін есептеу еңбек сиымдылығы бойынша көпмүшелі регрессияның сызықтық теңдеуін құрудағы есептегіш процедураға сәйкес. Сонымен бірге дәрежелік функция тәуелді айнымалы мен аргументтердің көрсеткіштері арасындағы байланысты айқын бейнелеуді қамтамасыз етеді.

Көпфакторлы модельдерді құру процесі мен іс-жүзінде қолданудың ерекшеліктері есептеулерді орындауда қолданылатын ақпараттардың сипатына байланысты. Есептеу барысында объектінің жағдайын статикада да, динамикада да бейнелейтін алғашқы берілгендер қолданылуы мүмкін.

Бірінші жағдайда экономикалық көрсеткіштер белгілі бір қатаң белгіленген уақыт кезеңіндегі экономикалық процесті сипаттайды. Статистикалық ақпараттарды қолдануға негізделген модельдеу болжауда шектеулер қолданылады. Оның көмегімен бір уақыт аралығындағы көрсеткіштердің өзгеру заңдылығын, уақыт лагтарының ұзындығын орналастырады, айнымалылардың белгілерін алдағы периодқа экстрополяция жасауға болмайды.

Статистикалық модельдеу ең алдымен объектілер мен құбылыстардың арасындағы байланысты талдау үшін қолданылады.

Айтарлықтай кең мүмкіндіктермен байланысқан уақыттық тізбектерді өңдеуге негізделген динамикалық модельдеу сипатталады.

Болжау процесінде динамикалық тізбектерді қолдану көрсеткіштердің өзгеруіндегі жалпы бағыттылықты анықтауға, зерттеліп отырған көрсеткіштердің көлемін болашаққа дәл бағалауға мүмкіндік береді. Тізбектердің деңгейінің арасындағы автокорреляцияны шығару үшін жүйелі шығару тенденция әдісі қолданылады (көпмүшелі модельдің параметрлерін ауытқулар бойынша анықтау әдісі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет